Аккую : Түркия және Атом энергия стансалары

Түрік сыртқы саясатының бағдары 18

Аккую : Түркия және Атом энергия стансалары

Аккую АЭС-тің іргетасын қалау рәсімі қысқа уақыт бұрын Бештепеде Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған және Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен жүзеге асты. Путин мен Ердоған Аккуюдағы рәсімге телеконференция арқылы байланысып, стансаның іргетасын қалады.

1950 жылдан бері қауіпсіз бір резервтен энергияны қамтамасыз ету ізденісі – энергия әлемінің ең маңызды күн тәртібі. 1970 жылдардың басында ортаға шыққан мұнай дағдарысы бұл ізденістерді жылдамдатты және қауіпсіз энергия қайнары ретінде атом энергиясының алға шығуын қамтамасыз етті. Қазіргі таңда 7 күн 24 сағат энергия өндіре алатын жалғасты бір резерв ретінде маңызын сақтайды.

Атом энергиясының әлем электр өндірісіндегі үлесі үздіксіз артуда. Қазір әлемде 31 елде 400-ден астам атомдық реактор жұмыс істеуде. Ең көп станса 104 данамен АҚШ-та. Францияда 58, Жапонияда 54, Ресейде 32, Оңтүстік Кореяда 20, Германияда 17, Үндістанда 19, Украинада 15, Қытайда болса 16 дана атом энергия стансасы бар. Құрылыс жұмыстары жалғасқан стансаларымен Қытай, Ресей және Үндістан алға шығады. Қытай қазір 16 атом стансасына тағы 28 реактор қосуды жоспарлайды. Қазір Болгарияда 2, Финляндияда және Францияда болса 17-ден реактор салынып жатыр. Францияда Парижге 200 шақырымнан да жақын алаңда 6 атом энергия стансасы бар. Испанияда Мадридке 200 шақырымнан да аз қашықтықта 3 атом стансасы жұмыс істейді. Ұлыбританиядағы Брадвелл стансасы болса Лондонға тек қана 70 шақырым қашықтықта.

Түркияның электр қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қолданылған табиғи газ бен сұйық жанармайдың көпшілігі, көмір отынының да шамамен 30 пайызы импортталуда. Түркия гидроэлектр күшіне қосымша жел, күн, геотермалды жаңартыла алатын энергия күшін толық пайдаланған жағдайда, 2023 жылға дейін қол жеткізетін энергия тұтынуының тек қана жартысына жақынын қамдайды. Электр тұтыну сұранысын қамтамасыз етуге қоса, Түркияның 2023 жылға дейін қол жеткізу нысанасын орындау үшін де атом энергиясы маңызды болып табылады. 500 миллиард доллар экспорт адам басына шаққанда 25.000 доллар табыс пен 2 триллион доллар ұлттық табыс және әлемнің алғашқы 10 экономикасы арасында орын алу сияқты нысаналарға қол жеткізу үшін атом энергия стансаларын салу Түркия үшін бір таңдаудан гөрі міндетке айналды.

Түркияда атом энергиясы бастамасы 1950 жылдарға сүйенеді. Бірақ өткен 60 жылдың ішінде Түркияның бір атом энергия стансасы құрмауы Түркия экономикасы үшін маңызды бір кемшілік. Түркиямен бірдей жылдарда атом энергиясы жұмыстарын бастаған Оңтүстік Корея атом технологиясын 20 жылда жетілдірді. Осыған қоса Түркияда тек қана 2018 жылы Аккую атом энергия стансасының іргетасы қаланды. Өткен мерзімде үздіксіз атом энергия стансасы құрылмауы үшін жасалған кедергілер қазір Түркия экономикасының ең үлкен мәселелерінің бірі ретінде жоғары энергия импортына себеп болды. Түркия энергия министрлігі мағлұматтарына қарағанда, Аккую және Синоп стансалары іске қосылған жағдайда, Түркия электр тұтынуының 20%-на жақынын осыдан қамтамасыз ететін болады. Осылайша жылына 16 миллиард текшеметр табиғи газ импортталмайды және жылдық шамамен 7,2 миллиард доллар қазынасында қалады.

Бір мемлекетте атом энергиясын жоспарлау оқиғасы жобалауды, инженерлікті, қожайыншылықты, сапалық бақылауды және қауіпсіздік санасымен арнайы бір технологиялық мәдениетті ортаға шығарады. Осы себептен атом энергиясы сияқты жетілген технологиялар тек қана бір электр өндірісі таңдауы емес. Мұндай жетілген технологиялардың мемлекеттерге қосар үлесі мол. Жаңа өнім техникасын үйрену және осыларды жетілдіру, ғылыми, техникалық және технологиялық күшті арттыру, сапаны бақылау және сапаны қамтамасыз ету, өнеркәсіпте әртүрлі жұмыс салаларын құрып іске қосу, жаңа кәсіпорындарында жұмыспен қамдау сияқты тақырыптарды мысал ретінде көрсете аламыз. Атом энергияcы аударымын өте табысты түрде жүзеге асырған елдердің басында келген Оңтүстік Кореяның бұл табыстармен басқан қадамдары белгілі. Атом технологиясы Түркияда жоғары деңгейде ғылыми және технологиялық бір мәдениеттің орнығуында техникалық білім беру сапасын жетілдірілуінде аса маңызды үлес қосады. Басқа салаларда да қарқын беретін күш ретінде итермелейтін қызмет атқарады.

Бұл жобамен әрі Түркияда, әрі Ресейде жұмыс мүмкіншіліктері пайда болады. Білікті мамандардың жетілуі үшін ынтымақтастық жасалады. Қазір Ресейдегі университеттерде 220-дан астам түрік студенті атом технологиясы саласында білім алуда. Жобаның нысанасына қарай 2023 жылы алғашқы блоктың іске қосылуы жоспарланады. Бұл жобаның табысты түрде жүзеге асуы түрік-орыс ынтымақтастығының да бір көрсеткіші болмақ.

Түркияның аймағында және әлемде көтерілген күш ретінде позициясын нығайтуы және күшін одан да арттыру үшін энергия тақырыбында да маңызды жетістіктерге қол жеткізуі керек. Осы тұғырда атом энергиясы технологиясына ие болу деген сөз Түркияның дамуға, салауатты өмір салтына, энергия тәуелсіздігіне, қауіпсіздігіне және егемендігіне бағытталған үлкен бір инвестицияға ие болу мағынасына келеді. Бұл тек қана Түркия үшін емес, Еуразия мен Таяу Шығыс бейбітшілігі мен тыныштығы үшін де маңызды бір жаңалық болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар