Халықаралық өзгерістер, Сирия дағдарысы және Түркия

Түрік сыртқы саясатының бағдары 15

Халықаралық өзгерістер, Сирия дағдарысы және Түркия

Қазіргі таңда әлемнің бір бүтін екенін айту қиын. Жаһандық ортаны құру талпыныстары табыссыз аяқталуда. Қорғаушылық ұстанымы өсуде; жаһандық сауда келіссөздерінің соңғы турынан да нәтиже шықпады. Кибер саланы реттеуші өте аз ереже бар. Өзіне тән аймақтық реттеулер немесе тәртіпсіздіктердің пайда болғанына куә болудамыз. Бұл жағдайға ең жақсы мысал Таяу Шығыс пен Сириядағы оқиғалар.

Қысқа уақыт бұрын Ұлыбритания және АҚШ басшылығында 20-дан астам мемлекет орыс дипломаттарды елінен шығарды. Ресей болса еселеп қарсылық беріп, 60 шетел дипломатын елден шығарғанын жариялады. Бұл жаңалықтардың артынан Асад режимі тағы химиялық қару қолданды. Бұдан бір жыл бұрын Трамп үкіметі бірдей себеппен режим базаларын 59 «Tomahawk» зымыранымен атқан еді. Бір жылдан кейін тағы АҚШ басшылығындағы одақ Асад режиміне әуе операциясын жасады. Сондықтан назарлар қайтадан Сирияға ауды және мына сұрақ қойылды: «Әлем екінші Қырғиқабақ соғыс қарсаңында ма?».

Қазіргі әлем 1939-1991 жылдары арасындағы идеологиялық полярға бөлінген кезеңге ұқсамайды. Одан да Бірінші дүниежүзілік соғыстан ондаған жыл бұрынғы кезеңге көп ұқсайды. Қазір жаһандық және аймақтық күштер күшейген немесе құлдыраған бір ғасырда ұлттық күш соғыстарына куә болудамыз. Жалпы әлемнің жағдайына қарағанда, 1945-1989 жылдары арасында болғандай үлкен бір идеологиялық күрес алдында тұрған жоқпыз. Ортада бір ‘темір перде’ режимі де жоқ. Егемен бір жаһандық күшке қоса (АҚШ-тың билік күшінің әлсірегенін қалайтын, бірақ бұл нысанасын әлі жүзеге асыратындай күшеймеген) өскен және кішірейген күштер бар. Бұл жағдай тақырыппен шұғылданған мамандар арасында кейбір келіспеушіліктерге жол ашуда. Кейбір мамандар болса қазіргі жағдайды түсінікті қылу үшін Қырғиқабақ соғыстың ностальгиясына берілуге ынталы. Дегенмен бұл орынды бір сәйкестендіру емес. Қазіргі жағдай одан гөрі 19-шы ғасырдың екінші жартысына ұқсас. Сол кезең жаңадан ортаға шыққан үлкен күштердің бір бәсекелестік кезеңі, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың идеологиялық үйлесімдігі емес, ұлттық мүдделерге негізделген бір ғасыр болып табылатын. Сондықтан мынаны ашық түрде айта аламыз: Екінші Қырғиқабақ соғыс алдында емеспіз.

Қазіргі таңда АҚШ-тың сыртқы саясаты Таяу Шығыста көбінесе идеологиялық таңдаумен емес, күш саясатына қарап басқарылады. Мысалы Сауд Арабиясы әрі демократиялық жүйе емес, әрі түсінік тұрғысынан батыс үшін радикал, бірақ мұнайы бар. Американың қорғаушылығы шартымен мұнайды тек қана доллар валютасымен сатуға ынталы. Ал Мысыр болса әскери бір үстемдікпен басқарылуда. АҚШ мүдделерімен ұйқасып, Израильге қарсы қауіп төндірмеген сайын АҚШ-тың қолдауын алуда.

Иран ДАИШ-пен күресті сылтауратып, Ирактағы болмысын қалыптастырды және Сирия топырағын Иран құрлық күштері және әскери базаларымен толтырып, Асад үкіметінің уәкіліне айналдырды. Бұл әрине АҚШ үшін жағымсыз бір жағдай. АҚШ (Иранды әрдайым әлемнің ең үлкен мемлекеттік террор қолдаушысы ретінде қабылдап келеді) Иранның Жерорта теңізіне қол жеткізуін қаламайды. Қазір барлық көрсеткіштер АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен ядролық келісімнен қысқа уақытта шегінетінін ортаға қояды. Вашингтон Тегеранмен ашық түрде дұшпандық алдында тұр.

Таяу Шығыста АҚШ-қа ең қажетті нәрсе – тұрақты бір күш теңдігі. Сыртқы саясат шешімдерінде уақыт өткен сайын АҚШ-қа бағыныштылығын азайтқан Түркия болса аймақтық бір күшке айналуда. Сондықтан АҚШ Түркияның да теңдігін белгілегісі келеді. АҚШ осында мынаны ойлауға тиіс: Түркия және Иранды шектеу екі елді де Ресейге жақындатуда. Ядролық келісімді жыртып тастау және Иранға қарсы жаңа санкцияларды іске қосуға тырысу – Еуроодақты Ираннан мұнай импорттаудан бас тартқызуға  көндіру деген сөз. Бұл да Еуроодақтың Ресейге бағыныштылығын одан көп арттыру деген мағынаға келеді.

Басқа жағынан Сирия қазір аймақтық, тіпті жаһандық зілзаланы қозғайтын тұғырда. Сирия әуе кеңістігінде кез келген уақытта әдейі немесе байқаусыз бақылаудан шығуға дайын бір қақтығыс ұшқыны бар.

Бірақ мынаны да атап өткен дұрыс. Сирияның жақын келешектегі ең маңызды қақтығысы PKK/YPG-нің майданнан тазаланып, тазаланбауы жайлы болмақ. Өйткені PKK/YPG-нің жағдайы тек қана осы террор ұйымының Сириядағы күші және болмысымен емес, сондай-ақ батыстың Сириядағы  ықпалының азайтылуымен байланысты бір құбылысқа айналды. Бұл себепті Түркия-Ресей-Иран арасында Сирияда ынтымақтастық артқан сайын басқа жақтан АҚШ-Франция-Ұлыбритания сияқты елдер PKK/YPG-нің бақылауындағы жерлерде одан көп байқалады.

Анкарадағы Түркия-Ресей-Иран үштік саммитінде Сирияның шекара тұтастығын қорғау шешімінің шығуы АҚШ-тың PKK/YPG-мен ынтымақтастығына және Евфраттың шығысындағы болмысына бағытталған ашық бір ескерту іспеттес. Түркия тұрғысынан бұл мәселе өз қауіпсіздігіне бағытталған бір стратегиялық қауіп. Иран осы аймақтың өзіне қарсы жүргізілетін АҚШ операцияларының орталығы болатынына сенеді. Ресей болса ұзақ мерзімде бұл аймақтың Сириядағы АҚШ ықпалының негізгі құралы болатынын сезеді. Осы себепті алдағы кезеңде Манбидж пен Евфраттың шығысы тақырыбындағы қысым одан да арта түспек. Манбидж мәселесі осы тұрғыдан үштік саммиттің нәтижесі ретінде ең көп ықпал еткен тақырыптардың бірі.

Түркияның алдымен Телль-Рыфат ауданын бақылауға алып артынан, Манбиджке қысым жасауы, АҚШ пен PKK/YPG-нің Евфраттың шығысына шегіну кезеңін бастауы аймақтағы күш теңдігі мен Сирияның болашағына ықпалын тигізетін стратегиялық бір бастама.



Ұқсас жаңалықтар