Сирияда қандай атазаң болуы керек?

Жаһандық перспектива - 15

949136
Сирияда қандай атазаң болуы керек?

Соғыстардың толастамауының себептерінің бірі – соғыстан кейінгі жағдай үшін келісе алмау.  Соғыстан кейінгі жағдайға көп шоғырлану  - соғыстарды доғаратын маңызды әдістердің бірі.

Бүгінгі күндері Ресейдің Сирия үшін бір атазаң жобасын дайындап жатқаны, осы жобаның американдықтармен талқыланып жатқаны жөнінде хабарлар келіп жатыр.  Сирияның болашағын бір-біріне қарсы осы екі күштің анықтауы аймақ елдердің және халықтарының мүддесіне жақсы емес. Жаһандық актерлердің мүддесі аясында өздеріне көптеген құқықты беретін бір атазаң арқылы өңірімізге тұрақтылық келе ме? Сондықтан өңір елдерінің,  ойлау орталықтарының,  зиялылардың соғысқа болғаны секілді соғыстан кейінгі жағдайға да шоғырлануы қажет.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

              Қоғамның тарихы,  мәдениеті,  нанымдары,  құндылықтары мен тәжірибесінен мақұрым дайындалған бір атазаңның сол қоғамға тыныштық әперетінін ойлау – қате.  Проблемаларды шешпейді.  Осы перспективадан қарағанда,  Сирия үшін төменде көрсетілген атазаңдық принциптер осыған ұқсас қоғамдар үшін де жарамды деп есептеледі.

    Басқарылатын бір ел жобасы немесе көпшіліктің билігін қамдайтын атазаң:

Таяу Шығыстағы елдердің басқару жүйелеріне назар салғанда, осы биліктердің ең үлкен проблемасы – көбіне ұлтқа сүйенбеуі, ұлтынан күш алмауы.  Өз ұлтынан нәр алмаған және оның күшінен қуат алмаған әкімшіліктер биліктерін жалғастыру үшін өз халықтарына қарсы іште әскери және полиция күштеріне,  сыртта жаһандық актерлерге мұқтаждық сезінеді. Сондықтан бір атазаң ұлтынан күш-қуат алатын және осы аяда көпшіліктің билігін қамдайтын атазаң болуы қажет.  Бір қоғам көпшіліктің ерік-жігерін жоймайтын атазаң арқылы ғана мемлекетіне және органдарына ие бола алады. Бір ел тек осылай ғана іште және сыртта мықты бола алады.

Биліктің өзгеруі үшін билік мерзімі шектелген атазаң: Таяу Шығыс биліктері мен осыған байланысты елдерін әлсіз қылатын факторлардың бірі – биліктердің заңды түрде өзгермеуі. Билікке келген лидерлердің,  корольдардың, әмірлердің өмір бойы билікте отыруы. Бұл жағдай осындай елдердегі көптеген проблеманың қайнар көзі.  Алдымен осы жағдайда биліктер қоғамдағы заңдылықтарынан айрылып қалады. Әкімшіліктер өз қоғамдарынан күш ала алмағандықтан көбіне сыртқа арқа сүйейді. Елдерінде билікті өзгерткісі келетін оппозиционерлер де осы жағдайды заңды деп есептемейтіндіктен жаһандық күштерге одан да көп мұқтаж болады.  Осындай жағдайдың қалыптаспауы, билік пен оппозицияның тек өз қоғамына есеп беруі,  өз қоғамынан күш алуы үшін билік мерзімі міндетті түрде шектелуі керек. Екі кезеңмен шектелген,  ең көп дегенде он жылдық бір билік мерзімі Таяу Шығыстағы заңдылық,  қоғамдық бейбітшілік,  сыртқы күштерге емес, өз ұлтына арқа сүйеу секілді көптеген проблеманы шешеді.

Өзгешеліктер сақталатын,   плюралистік атазаң: Атазаң бір елде көпшіліктің билігін қамдаған кезде,  азшылдардың да көзқарастарын, нанымдарын,  ой-пікірлерін міндетті түрде қорғайтын атазаң болуы керек.  Негізгі құқық пен еркіндіктерде азшылық пен көпшілік деген мәселе болмауы керек.

Унитарлық мемлекетке сүйенетін бір атазаң: Сирияда автономдық құрылым тұрақтылыққа жол ашпайды.  Ирак пен Испания бұл жағдайға нақты мысал. Автономды аймақтарға бөлінетін Сирияда бір тараптан осы аймақтар одан әрі кең автономдық алу үшін тырысады, бір тараптан сыртқы күштер осыны сылтау етіп осы елдегі проблемаларға араласады.  Автономдық құрылым ел ішіндегі түрліліктер арасында сенімсіздікті арттыратындықтан азаматтық бейбітшілік пен тыныштыққа үлес қоспайды. Соғысты тоқтататын болса,  әрине автономдық құрылым керек.  Бірақ түбегейлі бейбітшілік орнату,  өзгешеліктерді сақтап қалу,  негізгі құқық пен еркіндіктерді кепілге алатын,  жергілікті билікті нығайтатын бір унитарлық құрылым одан да маңызды.

Өкілдікте әділет,  басқаруда тұрақтылық,  атқаруда жалғыз күшті қамдайтын бір азатаң: Атазаң бір жағынан қоғамдағы түрлі көзқарастардың парламентте орын алуын қамдай отырып,  бір жағынан басқарылатын бір ел үшін жеткілікті мықты бір билікті де мүмкін қылады.  Сирияда президенттік немесе парламенттік жүйе болуы керек. Премьер-министр мен президент екеуі де мықты болатын бір жүйеде ел басқарылмайтын жағдайға келеді. Бұл жағдайда сырттағы күштер тараптарды бір-біріне қарсы қолданып,  ел билігіне араласуы мүмкіндігіне ие болады.

Қоғамдық құндылықтарға мән беретін бір атазаң: Таяу Шығыстағы ең маңызды қоғамдық құндылық – дін.  Дін мен мемлекет қарым-қатынастының айқындалуында практиканы санамағанда ұғымдардың жалғыз өзі шешім келтіре алмайды. Зайырлы батыс елдерінің бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстарда адам баласының басына келтірген қиыншылықтары,  зайырлы деп атауға болатын Саддам мен Каддафи биліктері және шариғатпен басқарылған кейбір араб елдерінің диктаторлықтары айдан ашық көрініп тұр.  Осы тақырыпта әрбір елдің дін мен мемлекет қарым-қатынасына өзінің тарихи тәжірибелеріне сай шешім беруі – ең ыңғайлысы.  Таяу Шығыс елдері тұрғысынан Ислам тарихы мен Османлы практикасы еркіндікті қолдайтын, плюралист дін- мемлекет қатынасы үшін едәуір тәжіреби ұсынады. Сирия тұрғысынан қате болатыны – қалай аталса да діни құндылықтарды елемей келген,  тіпті дінге қарсы келген бір атазаң.

Осындай атазаңмен мемлекет қоғамдық заңдылығы мен абыройынан айырылып қалады.  Осындай жағдайда да ұлтынан күш алмаған бір билік болады. Бұл да Таяу Шығыстағы режимдердің бүгінгі күйіне қайта оралу болады.

Атазаң дінге көзқараста да көпшілікке мүмкіндік беруі қажет.  Иран мен Сауд Арабиясында болғаны секілді бір дінмен шектеліп қалмауы керек.

Коллектив куәліктер емес,  жеке азаматтарға көңіл бөлетін атазаң: Таяу Шығыс түрлі діндердің,  нәсілдердің,  секталардың, идеологиялардың, тайпалардың территориясы.  Осындай территорияда атазаңның коллективтік куәліктерге сүйеніп дайындалуы Босния және Герцоговинада болғаны секілді саяси жүйеге жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін жағдайға келеді. Атазаңды тұрақты бір коллективке сай дайындау өмірді тоқтатып қояды. Сондықтан атазаң жеке азаматтарға сүйенетін болуы керек.

Ешбір соғыс мәңгі емес.  Соғыс барысында қанша күшті болса да,  соғыстан кейінгісіне дайындалмаған актерлер үстелде жеңіліп қалады.  Соғыстан кейін қате құрылатын Сирия өңірімізде тұрақсыздықты түбегейлі қылуы мүмкін.  Сондықтан соғыстан кейінгі бейбітшілік,  тыныштық,  тұрақтылық қамдалатын Сирия мен өңіріміз үшін атазаң үшін де қазірден бастап ойластырылуы қажет. Болмаса соғыстан кейін де жаһандық актерлер жеңімпаз атанады.



Ұқсас жаңалықтар