Терең ынтымақтастық: Түркия - Әзірбайжан

Түрік сыртқы саясатының бағдары 09

Терең ынтымақтастық: Түркия - Әзірбайжан

1992 жылы 14 қаңтар күні Әзірбайжан мен Түркия арасында «Дипломатиялық ынтымақтастық келісімін құру жөнінде келісім» жасалғанына 26 жыл болды. Түркия Республикасы 1991 жылы 30 тамыз күні тәуелсіздігін жариялаған Әзірбайжан Республикасын 1991 жылы 9 қараша күні таныған тұңғыш ел болды. 2010 жылы болса «Стратегиялық ортақтық және екі жақты жәрдем келісіміне» қол қойылды. Бұл келісім екі жақты ынтымақтастықты әскери одақтастық деңгейіне көтерді. Келісімнің 2-ші бабында БҰҰ Бас Ассамблеясы қарарының заңды қорғаныс құқығын қамтыған 51-ші бабына назар аударылып, тараптардың (Түркия немесе Әзірбайжан) бірі үшінші бір мемлекет немесе мемлекеттердің шабуылына ұшыраған жағдайда, ортақ бір қауіпсіздік және қорғаныс перспективасы құратынын атап көрсетеді. Екі жақты ынтымақтастықты одан да күшейту мақсатты 2010 жылы президенттер деңгейінде «Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық» механизмі құрылды. Осылайша әскери, саяси, энергия және басқа салаларда екі жақты ынтымақтастықтар ең жоғары деңгейге көтерілді.

«Стратегиялық ортақтық және екі жақты жәрдемдесу келісімінің» маңызды баптарының бірі де 7-ші бабы болып табылады. Осыған қарағанда екі елдің қарулы күштері арасында басқару, қолбасшылық және күш құрылымы координациясы құрылуда. Бұл жағдай ортақ операциялар ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Әйтсе де бірнеше жылдан бері Түркия мен Әзірбайжан ортақ жаттығулар ұйымдастыруда. Бұл жаттығулар аясында ортақ қозғалу күшінің тактикалық және операциялық деңгейде жетілдірілгенін байқаймыз. Сондай-ақ стратегиялық деңгейде жетілу тақырыбында болымды көрсеткіштер бар.

Түркия-Әзірбайжан әскери ынтымақтастығын Түрік қорғаныс өнеркәсібі де мықты түрде қолдайды. Бұл қолдаудың ең маңызды тұғыры Түркияның отандық көп тұмсықты зымыран(ÇNRA)жүйесін Әзірбайжанға экспорттауы. «Сакария» және «Касырга» атты жүйелер болса Әзірбайжан Қарулы күштерінің шабуыл күші қабілетін маңызды деңгейде қамтамасыз етті. Мұны 2016 жылдың сәуір айында Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыстарда байқадық.

Әзірбайжан тұрғысынан Нахчеванда қоныстанған әскери жасақтар аса маңызды. Бұл жасақтарды жаттықтыру, логистикалық қолдауы және басқа да маңызды қажеттіліктердің қамтамасыз етілуінде Түрік қарулы күштеріне бағынған 3-ші армия қолбасшылығы қолдау береді. 2017 жылы маусым айында 5 мың әскери қызметкердің қатысуымен жүзеге асқан Түркия-Әзірбайжан ортақ Нахчеван жаттығуы да осы тұрғыдан аса маңызды бір жаңалық болып табылатын.

Каспий теңізі энергия резервтерінің әлем нарығына шығарылуын қамтыған «Баку-Тбилиси-Джейхан шикі мұнай құбыр желісі» және «Баку-Тбилиси-Эрзурум табиғи газ құбыр желісі» жобаларының жүзеге асырылуы Әзірбайжан мен Түркия арасында бауырластықтан стратегиялық ортақтыққа барған жолда маңызды қадамдар болып табылады. Екі ел арасында сауда көлемі 5 миллиард долларды құрайды. Екі елдің нысанасы 2023 жылы сауда көлемін 15 миллиард долларға жеткізу. Енді жаһандық бір жобаға айналған TANAP (ТрансАнадолы табиғи газ құбыр желісі жобасы) бар қарқынымен жалғасуда. TANAP жобасының толығымен іске қосылуымен Әзірбайжан мен Түркияның тұғыры және аймақтың стратегиялық маңызы одан көп артады.

Екі жақты сенім мен қарым-қатынастардың негізінде қалыптасқан Әзірбайжан-Түркия ынтымақтастығы халықаралық платформада да жалғасуда. Екі мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Еуропа Кеңесі, Қаратеңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Түрік кеңесі және Ислам ынтымақтастық ұйымы шаңырағында достық пен бауырластығын табыстылықпен көрсетеді.

Түркия мен Әзірбайжан арасындағы жақсы ынтымақтастықты кезкелген бір халықаралық қарым-қатынастар теориясымен толық түсіндіру қиын. Әзірбайжан тегінің Түркия сияқты түріктердің оғыз тайпасынан шығуы, тарихи кезеңде бір ортада өмір сүрудің арқасында пайда болған ортақ тарих түсінігі мен жағрафиялық жақындығы Түркияның Әзірбайжанмен одан жақын келіссөз жүргізуін қамтамасыз етеді. Екі ел мемлекет басшыларының міндетке келгеннен кейін алғашқы шетел сапарларын бір-біріне жасауы дәстүрге айналған.

Түркия-Әзірбайжан ынтымақтастығы аймақта тұрақтылық пен бейбітшілікті құруды мақсат етеді. Екі елдің ынтымақтастығы кезкелген бір елге қауіп төндірмейді. Түркия мен Әзірбайжан қарым-қатынастары «стратегиялық ортақтық» ұғымына толық сай келеді. Екі ел арасындағы 26 жылдай қысқа мерзімде қол жеткізілген табыс пен түйісуі – шайқалмайтын бір бауырластықтың да көрсеткіші.

1921 жылы 14 қазан күні Әзірбайжан Республикасының Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі  Ибрахим Абилов сенім хатын ұсынған жиналыста Мұстафа Кемал Ататүріктің «Әзірбайжанның қуанышы қуанышымыз, қайғысы қайғымыз» деген сөздеріне ондаған жылдан кейін Гайдар Алиевтің «Біз бір ұлт, екі мемлекетпіз» сөзімен жауап қайтарылды. Қазір Түркия мен Әзірбайжан арасындағы ынтымақтастық Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған мен Әзірбайжан Республикасы президенті Илхам Алиевтің қажымас қайраты, тұрақтылығы және танытқан ерік-жігер арқасында одан да жетілуде.



Ұқсас жаңалықтар