Күн Тәртібі-09

Шығыс Гута аймағы Асад режим және Ресей әуе күштері тарапынан бомбалануда.

Күн Тәртібі-09

Күн тәртібі-09

Сирия астанасының шығысында орын алған және Дамаск орталығына қарасты аудандарды қамтыған Шығыс Гута аймағы 2013 жылынан бері Асад режимі және оны жақтайтын сарбаздардың бақылауы астында. Шығыс Гута соңғы кездерде Асад режимінің және Ресейдің ең көп әуе шабуылдарына душар болған аймақ қатарында орын алуда. Үш күн ішінде 250-ден көп халық ажал құшты. Осыған орай Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі жиналып, жалпы Сирия бойынша қақтығысты доғару жөнінде келісімге барды. Бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне қарамастан Сириядағы соғыс пен Шығыс Гутадағы қырғынның тоқтайтын түрі жоқ. Шабуылдарда әсіресе медициналық орталықтар мен наубайханалар сынды орындар күйретіліп, аймақ халқының трагедиясы тіпті де ауырлай түсуде.        Енді саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қорының зерттеушісі Жан Ажуннның осы тақырып жөніндегі анализдерін ұсынамыз.

Идлиб аймағында Астана процесі аясында Түрік Қарулы Күштері тарапынан үш бөлек бақылау түйінінің құрылуынан кейін уақытша қақтығыссыз жағдай байқалды. Астана процесінде айтылған жаңа қақтығыссыз аймақ орнатылуы тиісті Хомус, Гута және Дейр-эз-зор аймағында болса, Түрік Қарулы Күштерінің бақылауы түйіні жоқ. Идлибтегі қақтығыстардың доғарылуына орай Асад режимі және режимді жақтайтын сарбаз күштері Шығыс Гута аймағына қарай бет алған және кең көлемді шабуылдар бастаған еді.

Шығыс Гута аймағы Асад режим және Ресей әуе күштері тарапынан бомбалануда. Ресей және Асад режим күштері «ешқандай нәрсе тастамай барлығын бомбалау» стратегиясын қолданды. Шығыс Гутада аяусыз қырғын болды. Осы аяусыз қырғынға орай Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі жиналды. Ресей құқайы кесірінен шындыққа үйлеспейтін бір атысты тоқтату шешімі жарияланды. ДАИШ және Әл-Кайда террор ұйымдарының атысты доғару келісіміне қамтылуы және шара қолдану механизмінің құрылмауы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімін үкімсіз қылады.

Мысалы Ресей ресми түрде тек Сирияда ғана ДАИШ және Әл-Кайда террор ұйымдарымен күресуде. Бірақ алаңдағы шындық басқаша. Яғни Ресей байсалды оппозицияларын басты нысанаға алып, жай халық пен әскер демей-ақ бомбаның астына алуда. Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің атысты доғару шешімін бұзған жағдайда, шара қолданылмауы шешімнің тек қағаз бетінде ғана қалуына себеп болуда.

Ресейдің Шығыс Гутадағы Ахрар Уш-Шам және Жейс Әл-Ислам топтарының Дамаскты құтқару тобымен бірге әрекет жасағанын, сондай-ақ атысты доғарудың сыртында екенін жариялауымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі шешім мәтіндерінің бұрмалануға болатынын көрсетуде. Әслінде Шығыс Гутада Жейс Әл-Ислам тобы мен Дамаскты құтқару тобы арасында көптеген қақтығыс болған. Жейс Әл-Ислам тобы Дамаскты құтқару тобының бірқатар адамын тұтқындаған. Ахрар Уш-Шам болса Ресей мәлімдеме жасаған кезде Идлиб аймағында Дамаскты құтқару тобына қарсы кең көлемді бір операция жасаған еді.

Ресейдің және Асад режимінің Шығыс Гуита аймағында жүзеге асырған шабуылдарын қырғын деп айтуға әбден болады. Шығыс Гута аймағында өмір сүрген халық саны көп. Қоршау астында болған және тікелей нысанаға алынған мыңдаған адам бірте-бірте өлтірілуде.

Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімінен кейін «жақсы ниеттің» дәлелі ретінде әр күні жергілікті сағат 09.00 және 14.00 арасында гуманитарлық үзіліс жариялаған болатын. Жарияланған атысты доғару шешімі Асад режимі және режимді жақтайтын сарбаз күштері тарапынан бірінші күнінен бастап атқарылмады. Шығыс Гутаға қарсы шабуылдар жалғасқан болатын. Шығыс Гутадағы азаматтық қорғаныс топтарынан алынған мағлұмат бойынша Асад режимі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешімінен кейін Ресейдің жергілікті сағат 09.00 және 14.00 арасында гуманитарлық үзіліс жариялауына қарамастан Шығыс Гутаны бомбалаған. Режим жергілікті сағат 09.30 маңында Шығыс Гутадағы елді мекендері Дума, Бейт Сава және Мерж аймақтарына зеңбіректермен шабуыл жасай бастады.

Түркия болса Астана процесінің кепілгер елдерінің бірі ретінде Шығыс Гутадағы жұмыстарын Астана процесі арқылы тырысуда  және бұл жөнінде қадам басуда. Астана процесі аясында Ресей және Башар Асад режимінің Шығыс Гутаға бағытталған шабуылдарын доғару ықтималы БҰҰ арқылы жүргізілген қадамдармен салыстырғанда әлдеқайда үлкен. Астана процесі арқылы нәтиже алғанға дейін Түркия қазір Шығыс Гутадағы жарақат алғандардың емделуі және гуманитарлық жәрдемдердің жасалуына атсалысуда.

Шығыс Гутада болған адамдық трагедия әслінде Сирияның ішкі былықпасынан туындауда. БҰҰ-ның жүйелік мәселесі салдарынан Ресей және Асад режимінің шабуылдары доғарылмай жатыр. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі әлем бейбітшілігіне үлес қосудың орнына алдымен өз мүдделерін көздеуде. Бүгін бәлкім бір ара шешім Шығыс Гутадағы қырғынын да азайтуға болады. Бірақ БҰҰ-ның жүйесі түбегейлі өзгермей, әлем деңгейінде көптеген Шығыс Гута сынды оқиғалар тоқтатыла алмайды.

 Қ.Р! Сіздер саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қорының зерттеушісі Жан Ажуннның осы тақырып жөніндегі анализдерін тыңдадыңыздар.


Этикеттер: Сирия , БҰҰ , Ресей

Ұқсас жаңалықтар