Еуропаның дағдарысы

Тұйыққа тірелген,  уайымдарынан қорқатын,  қауіп төндіретін бір Еуропа

Еуропаның дағдарысы

Жаһандық перспектива - 8

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

Бір сәтке ойлап қараңыз,  сіз өмір сүретін елде бес христиан немесе еврей өртеп өлтірілсе,  әлемнің реакциясы қалай болар еді? (Францияда қасақана өртеу салдарынан 2017 жылдың 2 қазан күні 5 мұсылман адам қаза тапты,  олардың үшеуі түрік) Немесе еліңіздегі шіркеулерге,  синагогаларға жыл сайын ондаған шабуыл жасалса, өртенсе? (Германияда 2015 жылдың соңғы ширегінде мешіттерге 24 шабуыл жасалды.)

Осындай оқиғалар ешбір елде болмасын деп тілейміз, әрине.  Осы сұрақты сұраудың өзі адамды қатты қинайды.  Бірақ осындай оқиғалар сіз тұратын елде болса еліңіздің қауіпсіздігі,  құқық пен еркіндік бұзушылықтар,  түрлі өмірлерге қауіп төнгені әлемге паш етіліп,  барша азаматтардың жадында қалар еді.  Сіз де ұяттан басыңызды көтеріп жүре алмас едіңіз. Бірақ қиналмаңыздар,  осы оқиғалар сіздің елде емес,  Еуропа елдерінде болуда.  Сондықтан сіз де білмейсіз,  әлем де білмейді.

Құндылықтар қалыптастырған Еуропа

Еуропа жақын уақытқа дейін бұлай емес еді.  Әсіресе Дүниежүзілік екінші соғыстың өте қайғылы тәжірибесімен ынтымақтастыққа,  өзара түсіністікке көңіл бөлген Еуропа болатын.  Осы жағымды күн тәртібі мен көзқарас Еуропа Одағының құрылуына жол ашты.  Еуропа Одағы да әрі өз ішінде,  әрі өңірінде фашизм, нацизм секілді нәсілшіл көзқарастардың жойылуы,  демократиялық құндылықтарды арттыру,  адам құқықтары,  құқықтың үстемдігі,  әлеуметтік және экономикалық еркіндіктердің дамытылуы сынды алаңдарда өте маңызды жетістіктерге қол жеткізді.  Бүгінгі таңда осы құндылықтар жайымен жойылуда болса да,  Еуропа Одағының жақын уақытта осы құндылықтарға қосқан үлесін елемей кетуге болмайды. Не дегенмен Джордж Фридман «Еуропа дағдарысы» атты еңбегінде 1945 және 1991 жылдар арасында Еуропа қол жеткізген табысты Еуропа емес, Америка Құрама Штаттары және Ресейдің Еуропаға бейбітшілікті мәжбүр қылуы деп түсіндірсе де,  мен бұл пікірге қосылмаймын. Еуропаның қайғы-қасіреттен сабақ алып, принциптерге сүйенетін саясат жетілдіруі мен өңіріне позитивті әсерін жоқ деп айтуға болмайды.

 Тұйыққа тірелген,  уайымдарынан қорқатын,  қауіп төндіретін бір Еуропа

Бірақ қазіргі таңда өкінішке орай, осындай Еуропа жоқ. Күн өткен сайын Еуропада шетел дұшпандығы артып, босқындарға деген жауша көзқарас көбейіп келеді. Фашистік және нацист партиялардың дауыстары бара-бара артуда.  Нәсілшіл партиялар болса биліктің серігіне айналуда. Парасатты лидердер саны азайып,  алдын ойламайтын басшылар саны артуда. Өзгеше тұрмыс стиліне, басқа дін өкілдерінің ғибадатханаларына шабуылдар артқаны соншалықты олар жаңалықтарда да орын алмайды.

Қоғамдық сауалнамалардың нәтижелері босқындардың күн өткен сайын өздерін жат деп есептейтінін көрсетуде.

Саяси партиялар елді жарқын болашаққа жетелеудің орнына,  позитивті тақырыптармен емес,  босқындарға қарсы негативті тақырыптармен билікке келуге тырысады.  Австрияда болғаны секілді «еш босқын болмайды» деген уәдемен бір партия билікке келеді. Австрияға төнген «босқын қаупінің» Түркиямен салыстырғанда жүзден бір де болмайтынын ойлап қарағанда, Еуропаның қандай үрей климатында екені анық көрінеді. (Түркиядағы 3,5 миллион босқынның жүзден бірі 35 мың болады)

Рационалдылықтың жойылуы

Елдердің басына кейде осындай дағдарыстар келуі мүмкін.  Осындай жағдайларда мемлекеттік органдар мен көреген басшылар парасатты саясат жетілдіріп,  дағдарыстың асқынуының алдын алады.  Егер мүмкін болса елдерін дағдарыстан алып шығады.

Бірақ босқындарға, мұсылмандарға, түріктерге деген реакцияларына,  оларды айыптайтын көзқарастарына қарағанда,  Еуропаның ақылының тұйыққа тірелгенін байқауға болады.  Рационалдылығынан, өзіне деген сенімінен айрылып қалған бір Еуропа бар алдымызда. 

Еуропа проблема босқындарда деп ойламауы керек.

Бұл жағдай – негізінде Еуропаның дағдарысы.  Босқындар,  мұсылмандар,  түріктер көп уақыттан бері Еуропада өмір сүріп келеді.  Бүгінгі таңда сандары көп артқан жоқ.  Босқын топтар тұрмыс-тірліктерін көп өзгерткен де емес,  Еуропа ортақ құндылықтар қалыптастырған кезеңде осы қоғамдарға жылы қараса,  бүгін айыптаушы және шеттететін тіл қолданып отырған болса, проблеманың Еуропадан туындағанын көру қажет. Дағдарыстың іргетасында Еуропадағы экономикалық тоқырау,  жаһанданудан жеткілікті түрде жеңіс таба алмау және Еуропаның көп мәдениетті, көпшіл тарихының болмауы жатқанын білу керек.

Еуропа Дүниежүзілік екінші соғыстан бұрын да осыған ұқсас бір дағдарысқа кірген болатын. Дағдарыс салдарынан өз проблемаларын байқай алмаған Еуропа еврейлерді мәселе деп есептей бастады. Түрліліктерден қорқатын,  қауіп толқыны арта түскен Еуропа өз дағдарысының құнын еврейлерге төлетуді таңдады.  Еврейлерге істелген істерден кейін дүниежүзілік соғыс проблеманың еврейлер еместігін дәлелдеді. Бірақ Еуропаның өзімен есептеспеуі салдарынан бүкіл әлем ауыр құн төледі.

Бүгін де Еуропа өзін және болашағын босқындар және мұсылмандар арқылы талқылауда.  Босқындарға және мұсылмандарға деген шектейтін, олардың еркіндік алаңдарын тарылтатын саясаттар жүргізуде.  Оларға,  олардың тұрмысына,  ғибадатханадаларына шабуыл жасалып,  шабуылдарды елемей отыр.  Еуропа зиялылары, мемлекеттік қайраткерлері тарихи қатені қайталамау үшін проблеманы дұрыс ұғынуы керек.

Еуропа осы дағдарысынан шыға ала ма? Бұл үшін алдымен дағдарыстың босқындардың, мұсылмандардың немесе түріктердің емес,  өз дағдарыстары екенін түйсінуі және өзімен есептесуі қажет.  Еуропаның өз дағдарысын шешетініне мен жеке басып көп сенбеймін.  Бірақ бұл басқа бір мақаланың тақырыбы болмақ.



Ұқсас жаңалықтар