Мәулана Джелаледдин Руми

Анатолының дана - ғұламалары 06

Мәулана Джелаледдин Руми

Түркістан - Анатолы даналық теңізіне төгілген үлкен бір білім өзенінің қойнауы.

Анатолыда ‘Хорасан дәруіштері’ деп аталған көңілдер мен білім бұлағы адамдардың сол елді-мекендерден әкелген оты әлі жанып жатыр. 13-ші ғасырда жолдары бұл жерге бағытталған Хорасан дәруіштерінің бірі де Бахаеддин Велед еді. ‘Сұлтан-үл Улема’ деп те аталған бұл үлкен ғұлама Анатолыға өз біліміне қоса, өзіме бірге маңызды бір сыйлық әкелді. Ол сыйлық жас кезінен-ақ ғылым теңізі ретінде аталған баласы Мәулана Джелаледдин Руми болатын. Ол даналық теңізі қатып қалған бір ғасырда өмір сүрді. Оған, білім өзендей үлкен теңіздерге ағып жатқанда бір нәрселер кем көрінді. Өзін сездірген бұл кемшілік күдіксіз махаббат еді. Білім - махаббат пен сезім болмайынша суық және қатты болатын. Міне, Мәулана Джелаледдин Руми ғылымның мұздарын еріткен, Анатолы дәруіштерінің бірі болды. Бұл апта сіздерге Мәулана Джелаледдин Румиді таныстырамыз.

Мәулананың кім екенін білмеген де, естімеген де жоқ сияқты. Ол жайлы жаңалық ретінде нені айтуға болады? Ол бәрінен бұрын махаббаттың жылуы. Және өз дәуірінің барлық ғылымдарына ие бір адам болғанына қарамастан сезімталдық тілімен сөйлеген. «Біз махаббаттан туылдық» дейді, «біздің анамыз махаббат».

Академик тұрғыдан бірнеше кітап жазып, білімін алға шығаруы да мүмкін еді. Дегенмен Мәулана көңілдерге сөйлегенді таңдады. Тіршіліктен аулақ болудың орнына оны махаббатпен құшақтады. Негізінде шетте отырып, өзін ғалымға санағандарға мүлдем ұқсамайтын. Тіршіліктің ішінде билегендей аралағанды, тіршіліктің және махаббаттың хақын беруді насихаттар еді.

Бір күні Конияның бір базарын аралап жатқанда, бірден бір темірші дүкенінің алдында тоқтап қалады. Базардан шыққан басқа да дауыстарға назар аударады. «Тіршілікте әр нәрсе өз ритмімен, қалай да өз ретімен істейді» деп ойланды. Темірші балғасын ұрған сайын Мәулана ол ритмді жүрегінің тереңінде сезді. Және тоқтап қалған жерде бұл ритмге берілді. Айнала бастады, махаббатпен айналды. Анау атақты семаның, рухани бидің бастамасы міне, бұл оқиғамен пайда болды.

Мәулана тіршілікті дәл жүрегінде ұстады.

Атақты еңбегі Месневиді «Бірлік дүкені» деп атаған әзірет дәл сол сәтте тіршіліктің сыры болған «бірлікке» қол жеткізді. Және бар ғұмырын жүрегі әрқашан бұл бірліктің шаттығымен соғып өткізді. Жақсы көргендерді оған, оны да болмысқа байланыстырған бұл бірлік сезімі еді.

Оны жақсы көріп ол салған жолдан жүргендер күдіксіз көп болды. Патшаларда жақсы көрді оны, диқандар да, өнерпаздар мен надандар оған сұқтанды... Қаншама білімділер, ақындар, ғалымдар, мәртебелі адамдар тәрбиеленді оның ережелерімен. Мәуланаға көңілімен бағынған музыканттар, хат ұстаздары, суретшілер пайда болды. Қандай бір бұлақ, қандай бір қайнар екені тек қана шығармаларымен емес, жүздеген жылдан бері оның жолынан жүрген ізбасарларымен одан жақсы ұғылды.

Ол салған жол нәзіктік пен сұлулық жолы еді. Өйткені бұл жолдың қарымы да, кірпіші де махаббат болатын.

Махаббат Мәуланаға қалай әсер етті білесіздер ме? Ол бұл сұраққа былай жауап береді: «Менде өзімнен басқа еш нәрсені қалдырмады». Яғни, махаббат Мәулананы барлық айлакерліктен құтқарды. Көңілімен беріліп кеткені сема немесе Тәңірмен жеке қалған кезде нәмді көздерімен жүзіндегі бар маскаларды түсірді. Нәпсіні ұзақ күрестердің артынан өлтірген соң өзіне тек қана еркін рухы қалды.

Мәулана пәлсапа маманы немесе ғалым болмаған. Ол жаңа сөздердің артынан жүгірген. Баршадан да жаңа сөздер естігісі келген. Оған қарағанда шекараларға қамалып қалу өте жаман нәрсе еді. Өйткені адамның шексіз күшін тапқан болатын. «Аттап кетіңдер» дейтін, «аттап кетіңдер бұл дүниенің сырларын». «Бұл шекаралардың орталығы жүректеріңіз, өзіңді құнсыз көрмеңдер».

Мәулана әр қашан адамдарға өз құндылықтарын ескертіп отырды. Өйткені көп адам мұны байқай алмайтын. Адамдарға өздерін арзанға сатпауын үгіттеді. Және өз құндылықтарын ескерудің қысқа жолын оларға көрсетті. «Не көрінгеніңдей бол, не болғаныңдай көрін». Міне, тек қана мұндай адам құнын арттыра алатын. Өйткені осылайша өзін өзі табатын. Адам барлық айлакерліктен құтылып, адамгершіліктің өзегімен, адамгершілік байлығымен өзін көрсете алады. Дәл Мәулана сияқты...

Мәулана Джелаледдин Руми күдіксіз дінін толық орындаған бір мұсылман болатын. Кейбір өзін ақылдыға санағандар айтқандай бір гуманист емес еді. Оның дін түсінігі барлық ойшылдардан асатын. «Шариғат» дейтін бірақ, «Махаббат шариғаты» деп атайтын түсіндіргендерін. Махаббаттың заңы да, діни қауымы да Тәңірден басқасы емес болатын. Мәуланаға қарағанда талпынған барша үшін Тәңірге баратын жол ашық еді. Жасалатын нәрсе бұл дүниенің капиталын бір шетке тастап, өзіне Тәңірдің махаббатын капитал етіп қабылдау. Әрқашан айтқандай адамның екі нәрсеге қажеттілігі бар: «Махаббат пен екі нәмді көзге».

«Жалықтым мынау жігерсіз достардан» дейді. Күдіксіз айтып отырғаны еш қандай еңбектенбей ғалым болғысы келген адамдар болатын. Алайда ғылым жеп, ішіп, ұйықтаумен болатын жұмыс емес. Ол нәпсіңе қарсы шығу, бір талпыныс, бір махаббат жұмысы. Махаббат яғни адалдық пен өзін беру жұмысы... Әлем бір қалыпты емес ғой! Тіршілікте солай. Әрқашан ортақ қозғалу, әрқашан бір болмыс. Мәулана мұны өте жақсы білетін. Сол себептен болмыстың сырын іздеді және тапқан сырларын да барлық қоғаммен бөлісті.

Көңілдердің шипасы, қайғылардың дауасы болды.

Мәулана адамзат баласының соқырлық ұйқысына бейімделетінін жақсы білгені үшін дүр сілкіндіретін бір әдіс қолданды.

Оның әр сөзі «қауышу інжу-маржандарымен толы» бір қылыш. Адамды жандандыратын бір қылыш.

Мысалы «Өлмей тұрып, өлімге» шақырады баршаны. Міне бұл сөзінде Анатолы дана-ғұламалары теңізінің ең жарық інжу-маржандарының бірі, ең терең тақырыптарының бірі сақталған. Өйткені бір ойын орны болған әлемді жүрегінде өлтірген адам, жаңа бір тіршілік үшін дүниеге келеді. «Осы дүние бір зындан. Зынданды тесіп, өзіңді құтқар» дейді Мәулана. Адам нәпсі өлген кезде қайта тіріледі және сол кезде нағыз жанданады. Нәпсісін жеңген адамның сол кезде бір мағынасы болады. Жан бітіп, көнерген дүниеге жаңалықтар әкелетін болады.

Бұл сөз бекер емес, оның дәлелі де Мәулананың өзі.

Мәулана бұл әлемнен ғасырлар бұрын көшіп кетті. Дәл ол болжағандай сөздері жай сөз болып қалмады. Есіктердің кілтін ашатын бір ашқышқа айналды. Шығыста да, батыста да, солтүстікте де, оңтүстікте де. Оның бір сөзі естілгенде карталардың, ендік пен бойлықтарының ешқандай бір мәні қалмады. Бүгін Таяу Шығыста да, Солтүстік Америкада да ең көп оқылатын кітаптар қатарында оның шығармалары бар. Еш қандай танымайтындардың құлағында да бірнеше өлең жолы зыңылдап отырады.

«Біздің есігіміз үмітсіздік есігі емес, кім болсаң бол тағы кел...»



Ұқсас жаңалықтар