Жаһандық перспектива - 6

Бөлшектенген бірегейліктер Бара-бара бөлшектенген бірегейліктер адам баласын қайда апарады?

Жаһандық перспектива - 6

Жаһандық перспектива - 6

Қазіргі дәуір мен оқиғаларға қарап отырсақ, дүниежүзілік бірінші соғыстан бұрынғы уақытқа қалай ұқсайды? Болып жатқандардан сабақ алмаса,  «тарих қайталанады» деп айтылады.

Тап бір ғасыр бұрын әлемде жаңа бірегейліктер,  жаңа тәнділіктер билік құра бастады.  Император бірегейліктерге соғыс ашылды.  Әрбір жерден,  көбіне тамырсыз, жаңа,  тағдыры белгісіз, қалыптастырылған бірегейліктер шығып жатты.  Нәтижеде кезекпен Османлы,  ағылшын,  Австрия-Венгрия секілді барлық империялар ыдырады.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Др. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

    --

Жер шары, өкінішке орай француз төңкерісінің және ұлтшылдығының адам баласына келтірген бәлесінен құтыла алмай келеді.  Осы ауру бүкіл әлемге у шашумен келеді.  Әлемнің басына келген дүниежүзілік екі соғыс жетпейді. Осы бәле барлық елдерге қауіп төндіруде.

Айналамызға қарағанда, дүниежүзілік бірінші соғыстан бұрынғы уақытқа ұқсас жағдайды байқаймыз. Бөлшектенген Балқан, Шығыс Еуропа,  Таяу Шығыс, бөлшектенуге бара жатқан Испания...

Бөлшектенген немесе ыдырауға бет алған мемлекеттер емес тек.  Жаңадан қалыптастырылған бірегейліктер арқылы, тәнділіктермен бүкіл Жер шары жарылуға аз қалды.

Империялар дәуірі аяқталғаннан кейін жаңа бірегейліктер мен жаңа мемлекеттер құрған әлем тыныштала қоймады.  Керісінше одан да көп бөлшектенген әлем және елдер жаһандық империалистік актерлердің шабуылы алдында әлсіз.

Одан сайын бөлшек-бөлшек болған тәнділіктер әлемді қайда апарады? Этникалық және секталық жікшілдік қай жерде тоқтайды?

Негізінде бұл адам баласына жат жағдай емес.  Еуропаның феодализм дәуірінде феодалдардың алдында топырағымен бірге алынып, сатылған вассалдардың жағдайы белгілі.

Османлы мемлекеті құрылмастан бұрын Анадолы мырзалықтары кезінде адамдар қаншалықты еркін қозғалатын еді?

Мемлекеттердің,  бірегейліктердің, тәнділіктердің одан сайын бөлшектерге бөлінуі адам баласына экономика,  сауда,  медицина,  білім,  саяхат тұрғысынан күнделікті тұрмысын қиындатудан басқа не берді?

Адамдарды әлеуметтендірген, ірі қоғамның бір бөлшегі секілді сезіндіретін мега бірегейліктер бөлшектенген сайын адам баласы жалғыз қала береді. Осы жағдай өзімен бірге көптеген психилогиялық,  социологиялық,  патологиялық проблемаларға қоса өте үлкен қауіпсіздік мәселелерін де ала келеді.  Қазірге таңда ірі мемлекеттердің өзі анықтай алмайтын,  жеңе алмайтын қылмыстық топтар немесе террорлық ұйымдар бір адамдық немесе шағын топтардан құралған террорлық ұйымдар.  Бөлшектеніп, ыдыраған тәнділіктер және бірегейліктер арқылы негізінде бірегейлігінен айрылып қалған, барлық құндылықтарынан алыстаған немесе тек өзіне тән құндылық жаратқан адам немесе шағын топтардан қауіпті басқа не бар?

Өңіріміздің,  адам баласының және әлемнің төлеген құны жетпей ме енді? Жазықсыз ұлттар мен территориялар одан әрі бытырап,  этникалық және секталық жікшілдік үшін тағы қанша құн төлеуі керек? Жаһандық жамандық актерлерінің «бөлшекте, бөл, басқар» деген ойынына алдана бере ме? Этникалық және секталық жікшілдік рационалды да емес,  адами да емес,  моралдық жағы жоқ,  Исламға да жатпайды.

Онда жар салып айқайлауымыз керек. Адам баласы үшін бөлінуді, жіктелудің орнына, тұтас болуды қамдайтын климат, ой-пікір қалыптастыруымыз керек. Менменшілдік емес,  жікшілдік емес,  ұйымшылдық, моральдық құндылық, парасаттылық керек. Ғаламдық, адами,  моральдық және Ислами құндылықтарға (бұлар көбіне сабақтасып жатады), бейбітшілік пен тыныштық ішінде өмір сүруге мән беруіміз қажет. Саясаттарымызды осы бағытта жетілдіруіміз керек.

Бірақ қалай?

Негізінде жауабы анық.  Бірақ орындау өте қиын.  Сабыр қажет.

Алдымен барлық елдер өз құрамындағы өзгеше этникалық,  идеологиялық,  секталық, діни топтарға құшақ ашатын саясат жүргізуі керек.  Егер жүргізетін болса, қате үлгі мен айыптауларға қарамастан,  осы саясаттарында табандылық танытуы керек. Юнус айтқандай  Жаратқан үшін жаратылғандарға кішіпейіл болу қажет. Кешірімшіл бола білу керек.

Осындай саясат жүргізілсе, ол да жеткілікті емес.  Сондықтан екіншісі маңыздырақ болуы мүмкін.  Адам құқықтары,  негізгі құқық пен еркіндіктерді сыртқы саясат құралы ретінде қолданбау керек.  Кейбір елдердегі барлық нәрсеге стратегиялық құрал деп қарайтын «жамандық иелері» басқа елдердегі өзгешеліктерді сол елге зиян келтірудің арзан әдісі деп қарамауы керек.  Сол өзгешеліктер сол елдерді соққыға жығу үшін «қолшоқпар» болмауы қажет.  Құрамында түрлі бірегейліктер мен мәдениеттерге пана болған елдер империалист актерлердің осындай мақсаттарына абай болуы қажет. Қате істерімен өз тұрғындарын осындай актерлердің соққысына жығып бермеуі керек.

Осы айтылғандар көптеген адам үшін бүгінгі күннің мүддеге сүйенетін сыртқы саясат және іс жүзіндегі саясаты тұрғысынан тек бір тілек секілді көрінуі мүмкін екенін жақсы білемін.   Осылай деп ойлайтындар орынды.  Ал «бүгінгі таңның іс жүзіндегі саясаты осындай» екен деп құндылықтарға шақырмай-ақ қоялық па? Адам баласын барша үшін ортақ жақсылыққа шақырмайық па? Макро саясаттар анықтаушы күште болмаса да,  әрбір елде мемлекет құрамында немесе тыс жерлерде парасатты ойлай алатындар болады. Ұзақ мерзімде де жақсылық жеңіп шығады.



Ұқсас жаңалықтар