Хаже Насреддин (Қожанасыр)

Анатолының дана - ғұламалары 04

Хаже Насреддин (Қожанасыр)

Хикмет іздеп жүру оңай жұмыс емес. Кезкелген жігіттің де қолынан келе бермейді. Қиын және міндетке толы бір жұмыс ретінде қаншама бөгеттерден асуды қажет етеді. Аз ғана адам осыған қол жеткізе алып, «Инсан-ы камил» яғни, сопылықтың ең жоғарғы мәртебесіне қарай бағыт алады.

Тарих беттері мұндай үлгілі адамдар жайлы әңгімелерге толы. Біз оларды оқып, өзімізге үлгі аламыз.

13-ші ғасырдың Анатолы жерінде де жағдай басқаша емес. Cол қараңғы кезеңде соғыстардың салдарынан пайда болған дағдарыс пен күйреу түбектің барлық қалаларын қиратқан еді. Дегенмен сопылықтың ең жоғарғы мәртебесіне көтерілу бағытындағы хикмет жолаушылары бұған қарамастан Анатолы жолдарына аяқ басты. Бір жақтан өздерін тәрбиелеп отырса, басқа жағынан зардап шеккен халыққа қуаныш, үміт және күш таратуға талпынады.

Бұл ақиқат жолаушылары қиыншылықтарға шыдап, ғылымның жемістерін ең қиын шарттардың өзінде жинауға үйренген. Алайда мұның жай халықтың өзінен күтетін бір жұмыс емес екенін де жақсы білетін. Бұл себепті де ғылымның өзегін халыққа тамшыдай тамызды. Әрбірі мұны әртүрлі әдістермен жасады.

Мысалы Қожа Ахмет Яссауи мен шәкірттері халықпен байланысқанда хикметті сөздерді таңдады. Мәулана үшін болса «сема» алдынғы кезекте еді. Ал Юнус Әмре болса өлеңдерімен олардың көңілінен бір-ақ шықты.

Олардың арасындағы бір дәруіш мүлдем басқаша бір әдіспен сол жолда жүрді. Аты - Хаже Насреддин. Өзі дін ғалымы болса да, әзіл-ысқақтарымен баршаның көңілін аударды. Қолданған бұл әдістің үлкен әсері соншалықты тек қана өмір сүрген ортаға емес, Орталық Азиядан Балканға дейін оны танымаған ешқандай мемлекет қалмады.

Міне,  бұл күлімсіреген жүзді ғалымды бүгін сіздерге таныстырғымыз келеді. Түрік юморының ең үлкен ұстасы, дін ғалымы және мистикалық тұлғасы Хаже Насреддин яғни, Қожанасыр жайлы сөз қозғаймыз.

Қожанасырды көптеген адам оны есегіне теріс қарап отырған, көлге ашытқы қосқан қызық бір тұлға ретінде таниды. Кейбіреулер болса балалардың көңілін көтеру үшін мысқылдаған жай бір фольклорлық тұлға ретінде көреді.

Ал Қожанасыр 13-ші ғасырдың Анатолы жерінде өмір сүрген хикмет иесі бір дін ғалымы еді. Жас кезінде имамдық қызметіне тағайындалғанына қарамастан, білімін дамыту үшін саяхаттауды мәртебенің орнына таңдаған болатын.

Анатолыда сансыз уәлаятты аралаған Қожа бұл саяхаты барысында ең көп назар аударған нәрсесі, барған жерлердегі адамдардың жағдайлары мен мінез-құлықтары болды.

Өйткені ол өзін реттегісі келген барлық адамзаттың жағдайына бір айнадай қарайтын. Бұл айнада көрген адамдардың мінез-құлықтарын талдап, өзіндегі қателіктерді байқайды және оларды түзейді. Осы тұрғыдан таныған қызық адамдардың оған үлкен пайдасы болады.

Қожа уақыт өткен сайын өзінде байқаған кемшіліктердің негізінде бүкіл қоғамға тән кемшіліктер екенін байқап, бұларды жақсы тілмен халыққа насихаттайды.

Қоғамдық кемшіліктерді ашық түрде ортаға қою үшін күлкілі сөздер мен қылықтарды қолданады. Үлкен бір ақыл-парасат және мысқылмен пішінделген сөздері мыңдаған күлкілі әңгімеге тақырып болатын жолдамалар береді.

Қожанасырдың күлкілі әңгімелері өзі шыққан қоғамға маңызды жолдамаларға толы. Иә, ол бір ғалым болса да, сондай-ақ өзі өмір сүрген халықтың бір баласы. Бұл тұрғыдан оның атымен аталған күлкілі әңгімелер Анатолы халқының тіршілік пәлсапасы мен әзіл-ысқақ кемеңгерлігінде көрсетеді. Яғни, Қожанасырдың күлкілі әңгімелерінде кездесетін ұлы біліктілік сәл де болса Анатолының өз біліктілігі болып табылады.

Қожанасырдың күлкілі әңгімелері тек қана күлкіні мақсат етпейді. Дегенмен әңгімелері толығымен дидактикалық деп те айтуға болмайды. Қызық бір теңдік орнатқан. Қожанасыр күлкілі әңгімелерінің алғашқы бөлімінде жай бір ақылдың сатысына дейін түседі. Бұл саты баршаға түсінікті болады. Соққы беретін жолдамасының екінші бөлімінде болса негізгі ақыл-парасаты мен хикметін ортаға шығарады. Осылайша әрі халыққа жақын және көңілдендіретін, әрі халықтың деңгейінен жоғары және хикмет табысына қол жеткізеді. Қожанасырдың негізгі нысанасын да осында байқаймыз. Бұл нысана - адамдарды әрі күлдіріп, әрі ойландыру арқылы бұл ойдың олардың түсінігінде ілгерілеуін қамтамасыз ету. Қожанасырдың күлкілі әңгімелеріндегі негізгі материалдар; белгілі жайларда өткен белгілі оқиғалар және барша кездестіретін жай нәрселер. Алайда бұл кезкелген материалдармен шығарылған өзіне тән пікір соншалықты таң қалдырады. Қожанасыр толығымен бір перспектива өзгертушісі болып табылады. Ең белгілі жағдайлардан ең болмайтын жолдамалар жасайды.

Осыған бір мысал келтірейік. Қожанасырға «Дүниенің ұзындығы қанша?» деп сұрағандарға сол кезде өтіп бара жатқан бір жаназа қауымын көрсетіп, «Ана табытты тоқтатыңдар да, ұзындығын өлшеңдер. Сіздің жауабыңыз сол» дейді.

Бұл географиялық бір сұраққа қайтарылған метафизикалық бір жауап. Дүние деген нәрсенің іші бос бір жалған екенін қандай жақсы түсіндірген! Қожа әрине әрқашан осындай метафизикалық күйде емес. Қожа діни жұмыстар секілді, дүнияуи жұмыстарға да мән беретін. Көбінесе әлемде әділет пен жақсы мінез-құлықтар  орнатқысы келетін саяси бір ұстаным ортаға қояды. Мына бір күлкілі әңгімесі де оның әділет түсінігін жақсы түсіндіреді.

Бір жолы бір асханашы шағымдануға келеді. Оның қауесеті бойынша адамның бірі жейтін нанды асханасындағы кәуаптың иісіне батырып алған. Бұл себепті де нанын кәуап иісіне батырып алған адамның өзіне ақша төлеуін сұрайды.

Қожанасыр осын ‘дұрыс’ деп мақұлдап өтем ақы төлеткізеді. Дегенмен әдеттегіден басқаша төлеткен. Нанын батырып алған адамға асхана иесінің құлағына бір ақша дорбасын сылдырлатады. Осымен кәуап иесінің ақшасы, ақшаның дауысымен төленеді.

Шынында да Қожанасыр қу адамдарға әр уақытта лайықты жауапты қайтарған.

Қожанасырдың күлкілі әңгімелері әрқашан күлкіге кепілдік береді, бірақ ешқашан асырып қарқылдап күлдірмейді. Өйткені ол терең күлімсіреулердің тұлғасы. Күліп отырып ойландыратын, ойланған сайын күлдіретін құдіретке ие.

Өмірінің маңызды бір бөлімі соғыс және ашаршылық шарттарында өткен бірінің адамдарды соншалықты көп күлімсіретуі де өзінше өте қызық. Мұның сыр құпиясы - адаммен байланысты шындықтар және кемшіліктерді терең білуі.

Бұл себептен ол аймақтық бір тұлға болу ерекшелігінен әлдеқайда асып түскен. Орта Азиядан Балканға созылған бір аймақтағы барлық қалаларда тілден тілге айналған Қожанасырдың күлкілі әңгімелері. Ғасырлардан бері әртүрлі ұлттардан адамдар оның әзіл-ысқақтарымен әрі көңілденген, әрі ойланған.

Міне, осы тұрғыдан Хаже Насреддин (Қожанасыр) бір жаһандық көрініске айналған. Ол уақыт пен мекендерден асқан бір біліктілік символы болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар