PYD/YPG –нің адам құқықтарын бұзуы

Халықаралық ұйымдар лаңкестердің құқық бұзушылықтарын тіркеп алуда.

PYD/YPG –нің адам құқықтарын бұзуы

PKK/KCK ұйымы құрылған күнінен бүгінге дейін шығыс және оңтүстік шығыс Анадолы аймағында өмір сүретін азаматтарға қысым және күш қолданып, (ауылға басып кіру, қастандықтар, күштеп көшіру, кепілдікке алу, қорқыту, т.б.) аймақ халқын ұйымға қолдау көрсетуге күштеу стратегиясын жүргізуде. Ұйымның Сириядағы бөлшегі болып саналатын PYD/YPG де Сирияда өмір сүретін халықтарға осылай істеуде.

PYD/YPG террорлық ұйымы аймақта жалғыз билеуші күш болу мақсатымен сол өңірде тұратын күрдтер,  арабтар,  түрікмендер, езидтер секілді этникалық топтарға этникалық тазалықты да қосқанда түрлі адамдық қылмыстарды істеуде.  Аталмыш бұзушылықтарды халықаралық адам құқықтарын бақылау ұйымдары байқап,  осы қылмыстар жөнінде рапорттарға енгізді.

 PYD/YPG террорлық ұйымының күш қолдануы нәтижесінде өңірден көптеген халық көшіп кетуге мәжбүр болды.  PYD/YPG ұйымының зұлымдығынан қашқандар Түркияның сириялықтара ашық қақпа саясатына орай сенімді ел деп біздің елді таңдады.  PYD/YPG ұйымының осыншама құқық бұзушылықтарына қарамастан,  ұйымның ДАИШ-пен күресті сылтау қылғанына сенген және террорлық ұйымға сырттан көмек берген халықаралық күштердің аталмыш құқық бұзушылықтарды елемегені анық.  ДАИШ-пен күрес деген сылтаумен жіберілген қару және оқ-дәрінің көбі өңірде өмір сүретін күрдтер,  арабтар, түрікмендер секілді халықтарды қорқыту үшін қолданылды.

Мысалы 2016 жылдың қаңтар айында Сирия Адам құқықтары ұйымының рапортында PYD/YPG ұйымының өз бақылауындағы аймақтарда этникалық тазалықтан заңсыз тұтқындауларға,  күштеп әскерге алудан күштеп көшіріп жіберуге дейін көптеген құқық бұзушылық жасағаны анықталды. Рапорт жарияланған күнге дейін кемінде 407 адамды PYD/YPG ұйымының өлтіргені айтылады. Олардың 51-і- бала, 43-і әйел. 16 адам жәбір-жапамен өлтірілген.[1]

Адам құқықтарын бақылау ұйымының (HRW) 2014 жылдың маусым айында жарияланған “Under Kurdish Rule: Abuses in PYD-Run Enclaves of Syria” атты басқа бір рапортында болса PYD/YPG террорлық ұйымының саяси жағынан өздеріне қарсылас деп қабылданған кісілерді тұтқындағаны,  алып қашырғаны және өлтіргені жиі атап көрсетілген. Әсіресе PYD-ге қарсылас партиялар болып саналатын Сирия Күрд Демократиялық партиясы, Йекити және Азади мүшелеріне қарсы заңсыз тұтқындаулар болғаны айтылған. [2]

PYD/YPG-нің этникалық тазалық деңгейіне дейін баратын адам құқығын бұзушылықтарына мысал келтіретін болсақ:

Оппозиционерлерге қарсы қылмыстар

Сирияда балама бір құрылымға рұқсат бермеген террорлық ұйым PYD/YPG оппозиционерлерге қарсы қастандықтар дайындады.

PYD/YPG террорлық ұйымның қылмыстары 2011 жылдың қазан айында Сириядағы оппозициялық күрдтерден тұратын Болашақтың партиясының басшысы Мишел Темоға бағытталған қастандықпен басталды.[3]  Әкімшілікпен бірге қозғалғаны анықталған террор ұйымы қылмыстың орындаушысы болып,  өңірдегі күрдтердің көбінің наразылығын алды.

PYD/YPG-нің осы қастандығынан кейін оппозицияға бағытталған шабуылдарын жалғасты.  Тайпа басшысы Абдуллах Бедро және Сирия Күрдтері Демократиялық бірлік партиясының Алепподағы жауаптысы Шерзад Хадж Решид террорлық ұйымның қастандықтарында өлтірілді.

Айырықша Сирия Күрдістан Демократиялық партиясының төрағасы Салах Бедреттин террорлық ұйымның қысымы салдарынан Германия арқылы Эрбильге қашты.

Сирияда соғыстан бұрын күрдтердің 12 тобы болса, қазір тек PYD/YPG бар.  Жүз мыңдаған күрд қысым салдарынан PYD/YPG бақылауындағы аймақтардан көшіп кетуге мәжбүр болды. Түркияны 350 мың сириялық күрд паналады және олар қазір Түркияда өмір сүруде.

Сонымен бірге Амудеде 2013 жылдың 27 маусым күні PYD/YPG-ше қарсы бір митингте террористтер шерушілердің үстіне оқ жаудырып,  үш күнде 8 адам қаза тапты. Осы шерулер барысында Йекити партиясының 50 мүшесін PYD/YPG террористтері өз ғимараттарына алып барып,  соққыға жықты.

Тұтқындалған немесе қамауға алынған азаматтарға қарсы заң бұзушылықтар

Террорлық ұйымның полиция бөлімі деп аталған «Асаиш» тарапынан жасалған заң бұзушылықтар адам құқықтарын бақылайтын ұйымдардың есебінде өзіне орын тапты.  Тұтқындалған азаматтардың қамау барысында жәбірленіп,  жапа шеккені,  көбінің осының артынан қаза тапқаны анықталды.

  HRW  рапортына қарағанда Афринде тұтқындалған Ханнах Хамдош өлтірілген,  бірақ PYD/YPG тарапынан басын қабырғаға соғып өлгені алға тартылған. 2014 жылдың ақпан айында Сере Каниеде болған басқа бір оқиғада болса 24 жасар Разван Аташды бір «Асаиш» мүшесі өлтірген.

Рапортқа қарағанда 2012-2014 жылдар арасында аймақта шешілмеген 9 адам өлтірушілік пен жоғалып кету оқиғасы тіркелген. Осы адамдардың барлығының PYD/YPG-ге қарсы кісілер болуы да қауіпсіздік күштерінің заңсыз істеріне деген күдік туғызады.

Әйелдерге және балаларға бағытталған зорлық-зомбылық

PYD/YPG террорлық ұйымы Сирияда өзі бақылауына алған аймақтардағы билігін қорғап қалу,  өзіне қарсы шыққан халықты қорқыту және өзіне мүше іздеу мақсатымен әйелдер мен балаларға да жиі күш қолдануда.

 PYD/YPG террорлық ұйымының осы істері SNHR-дің 2016 жылғы қаңтар айында жарияланған рапортында да орын алды.  Аталмыш рапортта 2011-2016 жылдар арасында PYD/YPG террористтерінің 42 әйелді өлтіргені расталды.  Осы әйелдердің арасында Алеппоға қарасты Сай Гул ауылында тұратын Набия әл Салах 2015 жылдың 14 тамыз күні PYD/YPG террористтері тарапынан Ракка-Тел Абиад жолында үш оқпен атып өлтірілді.

Рапортта назар аударатын тағы бір жайт: Тарфа Халил әл Хасуд 58 жасында болатын. Күйеуін өлтірген PYD/YPG террористтерінен жасырынуға тырысқан кезінде оны да үйінің қорасында өлтірді.  Айырықша сол рапортқа қарағанда PYD/YPG террористтері 2014 жылдың қаңтар - 2015 жылдың қазан айлары арасында Хасеке, Камышлы, Африн секілді аймақтарда 88 әйелді алып кеткен. Олар үшін «мәжбүр әскерлік» деген сылтау қолданған.

Этникалық тазалық және күштеп көшіру

PYD/YPG террорлық ұйымы ықпалды болып тұрған аймақтарда көптеген араб және түрікменге қоса сюряни, армян секілді этникалық топтар да өмір сүреді.  Өздері басып алған жерлерде билігін қамдауға тырысқан террорлық ұйым аймақтың халқын күштеп көшіруде, кейбір елді мекендерді өртеп жіберіп,  демографияны өзгертуге тырысуда.

Адам құқықтары Сирия ұйымының рапортында Хасекеде шамамен 100 түрікмен отбасының зорлық-зомбылыққа душар болғаны орын алған. Түрікмендер алдымен елдің түрлі жерлеріне көшуге мәжбүр болды және артынан қиын шарттар салдарынан Түркияны паналады.[4]

SNHR тарапынан 2016 жылдың қаңтар айында дайындалған рапортта PYD/YPG террорлық ұйымының елді мекендерге барып,  оларды талан-таражға салғаны,  күрд тұрғындар жоқ жерлерде этникалық тазалық жүргізгендері,  үйлерді өртеп, қиратқаны және адамдарды күштеп көшіргені атап көрсетілген. Рапортқа қарағанда көбі араб он мыңдаған адам PYD/YPG  тарапынан күштеп көшірілген. Ондаған ауыл өртенген.

Осы іс-қимылдардың барлығы Рим келісімінің 8-ші бабына орай соғыс қылмысы, адам баласына қарсы жасалған қылмыс екені және   халықаралық адам құқықтарын бұзушылық деген мағынаға келетіні атап көрсетілген.

SNHR тарапынан дайындалған рапортқа қарағанда, 9 елді мекеннің барлығы толығымен қиратылып,  тұрғындары көшірілген. 19 ауыл сатылап жойылған. Азаматтары ауылдан қуылған.

Сонымен бірге PYD/YPG террорлық ұйымы өздері басып алған ауылдарда этникалық тазалық жасау мақсатымен күрд емес тұрғындарды қорқытып, қуған.  SNHR рапортына қарағанда кемінде 49 елді мекеннен он мыңдаған адам айдауға жіберілген.

PYD/YPG террорлық ұйымы 2015 жылдың 26 мамыр күні Хасекенің оңтүстігіндегі 26-дан астам ауылда өмір сүретін адамдарға ауылдарынан кетуі үшін 24 сағат мерзім берген. Осы ауылдардың бірінде тұратын бір азаматтың түсініктемесіне қарағанда,  PYD/YPG террористтері ауылға келгеннен кейін арабтарға қарсы жауша қозғалған,  (ауыз жүзіндегі) Күрдістанда арабтар мен түрікмендер болмайтынын айтқан және көптеген үйді өртеген.  Рапортта орын алған басқа бір оқиғада болса 2015 жылдың ақпан айында Хасекедегі 100 түрікмен отбасының заңсыз тұтқындаулар және түрлі жәбірлеу арқылы ел-жұрттан қуылуы айтылған. Аталмыш отбасылар елдерін тастап, Түркияны паналады. Халықаралық Амнистия ұйымының 2015 жылы қазан айында куәгерлердің түсініктемелері,  жер серігі көріністері және мамандардың сараптауларына сүйеніп жариялаған «Баратын жеріміз жоқ» (We Had Nowhere Else to Go) атты рапортында PYD/YPG террорлық ұйымының этникалық тазалық, жер аудару және қирату қылмыстары айтылған.

Тел Хамис өңірінде орналасқан Хүсейние деп аталатын араб ауылында жүргізілген тексерулер мен қираудан артта қалған ауыл тұрғындарымен жасалған сұхбаттар рапортта орын алған.

2014 жылдың маусым айы мен 2015 жылдың маусым айындағы ауылдың жер серіктерінен түсірілген суреттері салыстырылып, 225 үйден тұратын ауылдың бір жыл ішінде 94 пайызы қирап, тек 14 ғимарат қана қалғаны анықталған.

Халықаралық Амнистия ұйымының маманы Лема Факих: «PYD/YPG террорлық ұйымы жазықсыз азаматтардың үйлерін және ауылдарды толығымен жермен-жексен қылып,  тұрғындарын заңсыз түрде қуып,  соғыс қылмысына дөп келетін шабуылдар арқылы халықаралық адам құқықтарын елемей отыр»

Бала жауынгерлер

PYD/YPG террор ұйымы Сирияда террорлық лаңкестікпен алған жерлеріне билік құру мақсатымен көптеген баланы өз қатарына алып, олардың қақтығыстардың алғы шебіне жіберуде.

Халықаралық көптеген келісім-шартта (1949 жылғы Соғыс кезінде азаматтардың қорғалуы жөніндегі Женева келісімдері, Женева келісімдеріне қосымша хаттама, 1989 жылғы БҰҰ Балалар құқықтары келісімі мен Балалар құқықтары келісімі қосымша хаттамасы) қабылданғанына қарағанда бала жастағылардың соғыстырылуына тыйым салынған. Алайда PYD/YPG террорлық ұйымының осы тыйымға қарсы шығуы көптеген халықаралық мекеме мен ұйымның рапорттарында орын алған.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықаралық Тәуелсіз Сирия жөніндегі тексеру комиссиясының 2013 жылғы 16 тамыз күнгі рапортында Африн мен Хасекеде PYD/YPG террорлық ұйымының 12 жасар қыз және ер балаларды өз қатарларына алғаны білдірілген.[5]

Біріккен Ұлттар Ұйымының «Сириядағы Балалар және қарулы қақтығыстар» деп аталатын рапортында Хасеке аймағындағы жастары 14-17 арасында өзгеріп отыратын балалардың террорлық ұйымға қабылданғаны және әрі бақылау пункттерінде, әрі қақтығыс алаңдарында қолданылғаны айтылған[6].

2016 жылдың маусым айында жарияланған АҚШ-тың Адам саудасы рапортында PYD/YPG террорлық ұйымының 15 жастан кіші балаларды да қосқанда ер және қыз балаларды террор ұйымына мүше ретінде қабылдап,  оларды әскери жаттықтыруға қосқаны айтылды.

Осы рапортқа қарағанда 2015 жылдың сәуір айында Афринде террорлық ұйым 16 жасар қыз баланы отбасының қарсы шығуына қарамастан алып қашырған[7].

Адам құқықтарын бақылау ұйымының 2014 жылы жарияланған «Күрд билігі астында» (Under Kurdish Rule)  атты рапортында PYD/YPG-YPJ ұйымының 18 жастан кіші балаларды ұйымға мүше қылып, шайқастырғаны айтылған. Адам құқықтарын бақылау ұйымының қолында 59 баланың тізімі бар екені, осы балалардың онының 15 жастан кіші екені атап көрсетілген.

 


[1] https://www.hrw.org/world-report/2016/country-chapters/syria

[2] https://www.hrw.org/report/2014/06/19/under-kurdish-rule/abuses-pyd-run-enclaves-syria

 

[4] http://sn4hr.org/wp-content/pdf/english/Violations_by_the_Kurdish_Self_Management_Forces_en.pdf

[5] http://www.ohchr.org/EN/HRBodies/HRC/.../A.HRC.28.69_E.doc%20%C3%96nbellek%20Benzer

[6] http://edition.cnn.com/2013/11/29/world/meast/syria-children-refugees-report/index.html

[7] https://www.state.gov/j/tip/rls/tiprpt/2016/



Ұқсас жаңалықтар