Зәйтүн бұтағы операциясы және түрік сыртқы саясатына ықпалы

Түрік сыртқы саясатының бағдары 04

Зәйтүн бұтағы операциясы және түрік сыртқы саясатына ықпалы

Түркия біраз уақыттан бері шекарасының дәл қасында террор қаупі деп қабылдаған бір құрылымға қарсы әскери операция жоспарлап келді. Түркия және Түркия жаттықтырған ұлттық армия күштері қысқа уақыт бұрын Африндегі бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG күштеріне қарсы қозғалды. Ұзақ уақыттан бері дайындықтары жалғасқан операция Түркия Республикасы президенті Ердоғанның мәлімдемесінен қысқа уақыт өткен соң 20 қаңтар күні сағат 17:00-де операциялық тұғырға көшті. Операция халықаралық қоғамға «Зәйтүн бұтағы» деген атпен жарияланды.

Операцияның әскери тұрғыдан қарағанда, Түркия және алаңдағы одақтастары бұл операцияға толық дайындалды. Себебі ұзақ уақыттан бері әскери қызметкер және құрал-саймандарын аймаққа бағыттаған болатын. Түркия шекарасы ішіндегі әскери дайындыққа қоса Африннің шығысына Еркін Сирия армиясы (ұлттық армия) және оңтүстігіне түрік әскері қоныстанды. Сондықтан осындағы операция Әл-Бабтағы Евфрат қалқаны операциясынан сәл басқаша жүргізілуде. Алдымен қоршауға алып, кейін аймақты тазалайтын болады.

Сирияның солтүстік батысында орын алған Африн – Алеппо уәлаятына қарасты бір аудан орталығы. Түркиямен шекаралас маңызды бір тұғырға ие. Африн түрікмендер, күрдтер және арабтар бірге өмір сүрген бір аймақ болатын. Алайда аймақта ықпалын арттырған PKK/YPG террор ұйымы себепті түрікмендер мен арабтар көшуге мәжбүр болды. PKK/YPG аймаққа кірместен бұрын Афринде едеуір түрікмен тұрғын саны мен қоныстары бар болатын. Африн мен айналасындағы түрікмен ауылдарының тіркеуге алынған жері мен атаулары былай аталады:

Шекарадағы Мейдан-ы Экбезден бастап, оңтүстікке қарай: Дели Осман, Биндирек, Велидли, Дели оғлан, Гүвенде, Тепекөй, Корыкөй, Пуллу, Сокаллы, Атаманлы, Аливиран, Фирфирик, Мейданлыоба, Алемдар, Чакмак, Күчүксокалы, Өксүзлү, Гөбеккөй, Дағ Обасы, Шейлер Обасы, Дік Обасы және Мағара ауылдары.

Инджесу өзенінің шығысында Газиантеп шекарасынан оңтүстікке қарай: Бүлбүл, Баликөй, Беғ Обасы, Махмут Оба, Калекөй, Зияреткөй, Серенджи, Орта Оба, Ашағы Оба, Салкая, Али Беғ, Карышык, Конак, Хыдырлы, Чолаклы, Сағыр Оба, Куругөл, Каш Узады, Бебе Ушаты, Курт Ушаты, Алканлы, Дураклы, Алыджы, Кызылбаш, Күчүк Карғын (Дервиш көй), Белен, Наз Ушағы, Мейданлык, Чорбаджыоғлу және Анбарлы ауылдары.

Черчим ағысының шығысы – Түркия шекарасына қарай : Дервиш Оба, Күчүк Атаманлы, Кады көй, Мамалы Ушағы, Өмер Ушағы, Сары Ушак, Кантарлы, Биринджилик, Кантара, Мабедии, Чөмезли, Ал Джура, Хаджы Касымлы, Арсланынкөйү, Саты Ушағы, Кышла көй, Селчик, Чакаллы, Шейх Чакаллы және Инкале ауылдары.

Черчим ағысынан ары қарай: Ашағы Кышла, Дар Гүней, Субашы, Чолаклар, Карабаш, Бүйүк Чакаллы, Хаджы Хасанлы, Ашағы Чобанлы, Татарханлы, Каранкөй, Коджаман, Шейх Абдуррахман Гази, Гүмүш Бурдж, Йаха Гоз, Хадждар, Аджели, Хаджы Искендер ауылдары.

Джебели Семанның шығысы және Африн суы алқабындағы түрікмен ауылдары (солтүстіктен оңтүстікке қарай): Курт Кулағы, Кара Курт Кулағы, Каратепе, Керсен Таш (Аудан орталығы), Масут, Бурч Газилер, Чадыркөй, Исканкөй, Джелеме, Ескі Джелеме, Гөл Байылы, Йукары Диван, Молла Халил, Атмакөй.

Әзез мен Африн ағысы арасындағы түрікмен ауылдары: Екі Дам, Дам, Кузунджупынар, Арпаверен, Дикметаш, Козджупынары, Умранлы, Бүйүк Каргын, Али Бейли, Чименли, Дирекли, Ашағы Дам, Кастал, Зиярет, Катма, Метинли және Али ауылдары.

Әзездің шығысында болса: Суджу, Кефер, Парча, Кеферсуч, Иғне, Хавар, Наджар, Насмийе, Телбаттал, Кысаджык, Телшахин, Чеке, Дудан, Куру Мезра, Бағдили, Каракөпрү, Йенияпан, Мыргыл, Шамандыра, Сауран, Туғлу, Кызылмезра, Барак, Кефер, Кани, Тел Хүсейин, Йелбабал, Ел Бегли, Яхнил және Дефтердар ауылдары бар.

Африн жеңіл бір нысана деп ойламау керек. Өйткені PKK/YPG ұзақ уақыттан бері дайындық жасады. Бұл мақсатпен көптеген террорист жаттықтырды. Аймақта көптеген туннель қазып, аймақты маңызды мөлшерде қаруландырғандарын білеміз. Сондай-ақ PKK/YPG өзімен бірдей зауыттан шыққан ДАИШ-тен көптеген нәрсені үйреніп алды және мұны алаңда қолданады. Осы операцияда да бейбіт адамдарды өздеріне жанды қалқан ретінде қолданудан бастап, әртүрлі ДАИШ әдісін іске асырады. Бірақ осылардың барлығына қарамастан Түрік армиясы және одақтастары бөлшектеуші террор ұйымын ақыры жеңетін күшке ие. Бұл операция күрдтерге қарсы жасалған бір операция емес. Аймақтағы күрдтер де мұны жақсы біледі. Сондай-ақ мына бір детальді назарға алған жөн. Операцияға қатысқан барлық түрікмен жасақтарының маңызды жерлерінде күрд қолбасшылар қызмет етеді. Олар да PKK террор ұйымына қарсы бар күшімен күресуде.

Тақырыпқа АҚШ тұрғысынан қарайтын болсақ, АҚШ үшін қазіргі сатыда Африннің бір маңызы жоқ. Тіпті АҚШ бұл операцияға риза болуы да мүмкін. Осының екі себебі бар: Біріншіден Түркия мен Ресейдің Африн арқылы зардап шегу ықтималы. Екіншісі болса баршаға мәлім АҚШ Евфраттың шығысында PKK-мен ұзақ мерзімді бір әскери және саяси жоба жетілдіреді. Осы жобаға тікелей қарсы шыққан Түркияның басқа бір мәселемен шұғылдануы АҚШ үшін таптырмас бір мүмкіншілік болуы мүмкін.

Түркия Евфрат қалқаны операциясында болғандай. Бұл операцияны БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шешімдеріне және БҰҰ Бас ассамблеясы келісімінің 51-ші бабына сәйкес жүзеге асыруда. Сондықтан Зәйтүн бұтағы операциясы халықаралық құқық тұрғысынан заңды деп қабылданады. Меніңше осы операция Афринмен шектелмей, жалғасы келеді. Негізінде коньюнктура да осы тұрғыдан Түркияға мүмкіншіліктер ұсынады. Әйтсе де Ресей мен АҚШ Сирия тақырыбында маңызды жарысқа кірген еді. Бұл конъюнктурада теңдік күші ретінде Түркия алға шығады. Түркия осы коньюнктураны пайдалануы мүмкін. Негізі Түркия Республикасы президенті Ердоғанның мәлімдемелерінен де осыны байқаймыз. Африннің артынан операция алдымен Мүнбич, кейін Талл-Абядқа қарай кеңеюі мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар