Күн Тәртібі-02

Президент Режеп Тайып Ердоғанның соңғы Франция сапары өте маңызды.

Күн Тәртібі-02

Орталығы батыста болып саналатын жаһандық жүйе бірте-бірте күйреп, алайда орнына жаңа бір жүйе әлі қалыптаспаған екі ұдайлы бір кезеңнің ішіндеміз. Халықаралық былықпа кезең Түркия тұрғысынан бір емтихан болумен қатар орайларды да бірге туғызуда. Түркия сыртқы саясаты ыңғайлы осы екі ұдай кезеңге үйлесуге тырысуда.  Түркияның соңғы жылдарда бір жағынан Ресей сынды дамыған жаңа күштермен қою ынтымақтастық жасауға тырысқанын, енді бір жағынан батыс әлемі ішіндегі ыдыраушылықтардан пайдалануға талпынғанын байқаудамыз. Әсіресе АҚШ-пен қарым-қатынастары нашар бір кезеңде Түркияның Франция және Ұлыбритания сынды елдермен бөлек-бөлек жаңа байланыстарға кіргені назар аударуда.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның соңғы Франция сапары өте маңызды. Сапар аясында Түркияның Еуропа Одағымен қарым-қатынастары және қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастығы осы тұрғыдан алғанда маңызды жаңалықтар ретінде аталуы керек.

Соңғы кезеңде Еуропа Одағына толық мүшелік процесі Түркияның референдум мерзімінде Германияның болымсыз тұғырынан тұйыққа тірілген еді. Еуропа Парламентінің Түркияның мүшелік процесін тоқтату талабын Еуропа Одағы кеңесі қабылдамаса да, маңызды көрсеткені ретінде жарыққа шығуда. Макрон болса әрі Еуропа Одағы, әрі Түркия тарапынан Еуропа Одағы мүшелік процесіндегі екі беткейлікті доғарып, мүшелік орнына серіктестік жөнінде жұмыс істеу керектігін алға тартты. Әсіресе 15 шілде күнгі Фетуллахшы төңкеріс әрекетінен кейін Түркияның Еуропа Одағымен қарым-қатынастары дағдарысқа ұшырады. Төңкерісшілдердің ұсталуын сылтау еткен Еуропа Одағы Түркияға жаңа ынтымақтастық жасауды Германиядан тіпті жақын тұрған Франция арқылы талқылауда. Германия Сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль Ұлыбритания үлгісінің Түркия үшін бір альтернатива болуы мүмкіндігін айтқан болатын.

Енді бір жағынан Түркия тұрғысынан Франция сапарын маңызды қылған екі негізгі себеп бар. Біріншісі-саяси одақтастықтардың түрлендірілуі, екіншісі-болса қорғаныс өнеркәсібінде ынтымақтастықтың артуы.

PKK және YPG салдарынан Түркияның АҚШ-пен қарым-қатынасы бұзылды. Трамптың Иерусалимді Израильдің астанасы етіп жариялануынан кейін екі ел арасындағы қарым-қатынастар шиеленісті. Әсіресе Түркияның басшылығында Біріккен Ұлттар Ұйымында АҚШ-қа қарсы тарихи бір шешімнің қабылдануы тараптар арасындағы дағдарысты одан әрі ушықтырды. АҚШ-пен қарым-қатынастар ушыққан кезеңде Түркия сыртқы саясатта батыс әлемінде одақтастықтардың түрлендіруіне бағытталған қадамдар басты. Түркияның АҚШ, Голландия және Германиямен қарым-қатынастары нашар. Осы кезеңде Ұлыбритания және Франциямен қарым-қатынастарын жақсартқан Түркия халықаралық актерлер аренасында тепе-теңдік саясат ұстанып, өз ұлттық мүддесін көздеуге тырысуда. Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығу шешімін жасауына орай Франция мен Германияның күшті артқан Еуропа Одағында Германиямен салыстырғанда Франция мен Түркияның қарым-қатынастары жақсаруда. Түркия тұрғысынан алғанда Франциямен ынтымақтастығы Германияның Түркияға қарсы соңғы кезеңдегі болымсыз тұғырына альтернатива ретінде қаралуда.

Франция сапарының басқа маңызды бөлімі қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастығы болып табылады. EUROSAM мен Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы арасында ұзаққа атылатын әуе және зымыран қорғаныс жүйесі жобасы келісіміне Президент Режеп Тайып Ердоған мен Франция Президенті Эммануэль Макронның құзырында қол қойылды. Италия да ортақ болған әуе және зымыран қорғаныс жүйесі жобасы Түркия үшін өте маңызды. Ресейден S-400 әуе және зымыран қорғаныс жүйесін алу келісімін тамамдаған Түркия сонымен қатар НАТО одақтастарымен бірге әуе және зымыран жүйесін дамыту үшін жұмыс істеуде. Осылайша әуе кеңестігін бірден көп түрлі жүйемен қорғауды көздеген Түркия әр жақтан келуі мүмкін қауіп-қатерге қарсы шара тапты.

Қорғаныс өнеркәсібінде соңғы кезеңде маңызды жобаларға қолтаңбасын басқан Түркия халықаралық сыртқы саясатындағы одақтастарын көбейту саясатын қорғаныс өнеркәсібінде де бейнелеуде. Германия және АҚШ-пен ұзақ мерзімнен бері жалғасып келген қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастықтың саяси қысым құралы ретінде екі ел тарапынан қолданылуына қарсы Түркия Ұлыбритания, Франция, Ресей, Украина, Пәкістан және басқа елдермен ынтымақтастығын күшейте отырып, бір жағынан ынтымақтастығын түрлендіруде, енді бір жағынан отандық қорғаныс өнеркәсібін күшейтіп, шетелге деген тәуелділігін азайтуда.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Франция сапарында жоғарыда аталғандардың тысында көптеген маңызды келісім жасалды. Түрік EXIMBANK пен  Bpifrance Assurance Export арасында келісімге қол қойылды. Сонымен бірге Airbus және Түрік әуе жолдары арасында 20+5 дана A350-900-ды сатып алу келіссөзін бастау үшін келісім хаттамасына қол қойылды.         Қорыта айтқанда Түркия батыс әлемі ішіндегі кикілжіңнен пайдалана отырып, жаңа одақтастық байланысын құруда. Өз мүдделерін көздей отырып жалғасты қадам басуда. Осы қадамдар АҚШ-Германия сынды елдер алдында Түркияның қолын тіпті күшейтуде. 



Ұқсас жаңалықтар