Президент Ердоғанның Грекия сапары және Батыс Фракия түріктері

Түркия және Еуразия тынысы 52

erdoğan yunanistanda2.jpg
Cumhurbaşkanı Recep Tayyip Erdoğan Atina Yunanistan.jpg
erdogan-cipras.jpg
erdogan.jpg
erdogan-cipras.jpg

Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған түрік–грек ынтымақтастығында жаңа бір кезең бастау мақсатты қысқа уақыт бұрын Грекияға барды. Бұл сапар 1952 жылдан бері Түркиядан президенттік деңгейде ұйымдастырылған алғашқы сапар болып табылады. Ердоған Грекияда екі жақты кездесулерге қоса, Батыс Фракия түріктерімен де бас қосты. Осы себепті Батыс Фракия түріктері мен олардың қиыншылықтары да халықаралық қоғамның күн тәртібіне келді.

Батыс Фракия жағрафиялық тұрғыдан Грекияның Гүмилджине (Комотини), Искече (Хантхи) және Дедеағаш (Александрополис) қалаларын қамтиды. Қазір Батыс Фракияда 150 мыңнан астам мұсылман түрік өмір сүреді. 1923 жылы Лозанна шартымен Батыс Фракия қоғамына «азсанды» деген мәртебе берілді. Бірақ түріктер азсандылық құқығын көптеген салада пайдалана алмайды. Грекияның түріктерге бағытталған қысымшыл саясаттары себепті 1920 жылдары Батыс Фракия адам санының 65 пайызын құраған түріктердің қазір аймақтағы тұрғын саны 30 пайызға дейін азайды. Тағы Батыс Фракия түріктерінің 1923 жылы 84 пайыз төңірегіндегі жер жекеменшіктері қазір 25 пайыздан аспайды.

Грек әкімшіліктері 1960 жылдардан бері Батыс Фракия түріктерінің «азсанды» мәртебесінен туындаған құқықтарын пайдаландырмайды. Гректер 1967 жылдан бастап азсандылардың қор басшылықтарын қолынан алып, оларды қоғамдық қорлардан шеттетті. 1970 жылдардан бастап «түрік» атауын қолдануға тыйым салып, заңдық тұрғыдан «қылмыс» деп бекітті. 1980 жылдары есімі «түрік» деп аталатын азаматтық қоғам мекемелерінің барлығын заңсыз деп жапты.

1990 жылдары мұсылман түрік қоғамының мүфти сайлау құқығын қолынан алу үшін 1920 жылы қабылданған заңның күшін жойып, жарияланған президенттік жарлықпен «орталықтан мүфти тағайындау» ережесін іске қосты. Осыған ұқсас әлі көптеген болымсыз іс-қимылды атап көрсетуге болады.

Грекия әкімшілігі “түрік азсанды” атауын Лозанна шартында орын алмағанын алға тартып қабылдамайды. Лозанна шартының «Азсандылардың құқығын қорғау» тақырыпты баптарында «мұсылман» атауы жиі қолданылса да, шарттың басқа баптарында жазылған «түрік» атауы мен Конференция хаттамаларын мен басқа да тіркелген ресми құжаттарда азсындыларды алмасу келісімінен тыс қалдырылған Батыс Фракиядағы азсандылардың түрік екені баршаға белгілі. Сондай-ақ әрі «Түрік және Понти халқын алмастыру жөніндегі Түркия мен Грекия арасында қол қойылған келісім мен хаттама», әрі алмасу процесінен тыс қалдырылған адамдарға берілген «тұрақтылық» құжатында «түрік» және «понти» сөздері орын алады.

Қазір Батыс Фракиядағы түрік азсандылары оқу, діни еркіндіктер, қорлар мен саяси өкілдік жасау тақырыптарынан бастап көптеген салада маңызды мәселелермен бетпе-бет тұр. Грекия Лозанна шартымен түрік азсандыларына берілген құқықты орындамай, Батыс Фракия түріктерінің экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өмірлеріне ауыр қысым жасауда. «Түрік» куәлігі мен «түрік тілін» қабылдамаған Грекия экономикалық қысымын жалғастыруда.

Батыс Фракиядағы түрік азсандыларының алдынғы қатарлы тұлғаларымен өткенде телефон және интернет арқылы хабарластым. Түрік азсандыларының ең үлкен шағымы оларға жасалған экономикалық қысым мен оқу саласындағы әділетсіздік. Мен әңгімелескен түрік азсандылары түрік тектілерге жұмыс берілмегенін, көбінесе темекі егістіктерінде қара жұмысшы болып істегендерін және Грекияның түріктер өндірген темекілерді өте арзан бағамен сатып алғанын айтуда. Оқудың сапасыз екенін, осы себепті балаларының грек пен түрік тілін үйрену кезінде қатты қиналғанын алға тартады. Түркиядан түрік тілі мұғалімдерінің келуіне грек үкіметінің кедергі жасағанын айтады. Грек тілінде оқу сапасыздығының әдейі жасалғанына назар аударады. Әрине сапасыз білім алған жастардың университеттерге түсіп, әртүрлі мамандыққа ие болу мүмкіншілігі де қалмайды.

Түркия Республикасы Батыс Фракия түріктерінің Лозанна шарты, Еуроодақ келісімдері және жаһандық адам құқықтары түсінігіне сәйкес әртүрлі мүмкіншіліктерден пайдалануын қалайды. Түркия бұл аяда Еуропа адам құқықтары соты қабылдаған шешімдердің іске қосылуын талап етеді. Азсандылар тақырыбында Түркия болса заңдар аясында қозғалады. Түркияда өмір сүрген понтилермен келіссөз жүргізіп, соңғы жылдары өте маңызды қадамдар басқаны баршаға мәлім. Осы себептен Түркияның ұқсас ұстанымдарды Грекиядан күтуі орынды. Грекия азаматтары ретінде Батыс Фракия түріктері белсенді жұмыс істейді. Сол үшін де олар Лозанна шартының баптары мен Еуроодақ стандарттарына лайықты өмір сүргісі келеді.

Президент Ердоғанның сапары екі ел арасында қарым-қатынастарды реттеп, достықты ары қарай жақындатуда таптырмас бір мүмкіншілік ұсынады. Бұл деңгейде бір сапардың ұйымдастырылуы екі жақтың да болымды бағытта қадам басқысы келгенін көрсетеді. Дегенмен басқа жағынан екі мемлекет арасында шешім күткен көптеген мәселе бар екені де сөзсіз. Олардың көпшілігі әдетке айналған проблемалар. Әрине бұл сапар аталмыш мәселелердің нақты шешімін қамтамасыз ете алмайды. Осында назар аударатын жайт екі жақты ізгі ниет пен сенімділік. Грекия мен Түркия ынтымақтастығын жетілдіру, азсандылар мәселесінің шешімін де жеңілдетеді. Бұл мәселелер шешілетін болса Түркия мен Грекия бір-біріне етене жақындаса алатын болады.



Ұқсас жаңалықтар