Мехмед Зия Гөкалп және түркі әлемі

Түркия және Еуразия тынысы 51

Ziya Gökalp2.jpg

Түркі әлемінде ынтымақтастық тақырыбында көрнекті тұлғаларыдың бірі де диярбакырлық Мехмед Зия Гөкалп болып табылады. Гөкалп 1876 жылы 23 наурыз күні Диярбакыр қаласында дүниеге келді. Диярбакырдың асыл текті отбасыларының бірі Мүфтизаделер мен Пиринчзаделердің бір мүшесі еді. II. Мешрутийеттің (конституционализм) жариялануымен бірге Диярбакырда «Иттихат ве Теракки» (Бірлік пен өрлеу) қоғамының филиалын құрып басқарған Гөкалп мәдени және ғылыми жұмыстарын тездетті. 1912 жылы болып өткен Мәжіліс сайлауы нәтижесінде Эргани депутаты ретінде мәжіліске кірді. 1913 жылы «Түрк Юрду» (Түрік жұрты) журналында «Түрікшілдік, Исламшылдық, Жаңғыру» атты бірқатар мақала жазды. Гөкалп бұл мақала сериалында бұл үш ағымның өзара қарама-қайшылықтарының керісінше бірін-бірі толықтырғанын алға тартты.

1919 жылы билікке келген Дамат Ферит Паша үкіметі «Иттихат ве Теракки» (Бірлік пен өрлеу) қоғамы мүшелерін тұтқындай бастады. Гөкалп болса 1919 жылы 30 наурыз күні тұтқындалды және ағылшындар тарапынан Мальтаға айдалды. 1921 жылы 19 мамыр күні Стамбұлға оралды. Кейін туған жері Диярбакырға өткен Гөкалп осында дәріс берді. Ұлттық күресті қолдаған жиналыстар мен конференциялар ұйымдастырып, халықты жігерлендірді. 1923 жылғы сайлауда Диярбакыр депутаты болып мәжіліске кірді. Депутаттық қызметін атқарған кезде де пікірлері мен мәдени жұмыстарын жалғастырды.

Зия Гөкалп те дәл Исмаил Гаспыралы сияқты Стамбұл диалектісінің жалпы түркі әлеміне ортақ тіл болуы керектігіне сенетін. Гөкалпке қарағанда Стамбұл диалектісін жалпы түркі әлеміне ортақ әдеби тілге айналдыру барлық түріктердің міндеті еді. Бұл міндет орындалғанда түріктер бір ұлт болып қалыптасады. Гөкалп осы пікірлерімен өзінен кейінгі ұрпақтарға мұра ретінде бір нысана қалдырды. Ол - Түркиядан тыс түркі тектес қоғамдармен ең жоғары сатыда мәдени ынтымақтастықты орнату.

Гөкалп түрік тіліне жеткілікті көңіл бөлінбегені себепті түрік қоғамдарында ілгерілеудің баяу дамығанын және халық пен элитаның бір-бірінен ажырағанына назар аударады. Гөкалп тілді жеңілдету және түрік тілін жандандыруды жақтап, түркі әлемінде ортақ бір тіл бірлігін қамтамасыз ету керектігін айтады. Бұл тек қана Анадолыны қамтитын бір тіл бірлігі емес, бүкіл түрік дүниесі түсінісетін бір тіл бірлігі еді. Гөкалп түркі әлемінің бірігуі үшін түріктердің ортақ бір түрік тіліне көшу керектігін байқады. Бұл үшін де Стамбұл диалектісін жалпы түрік дүниесіне ортақ тіл ретінде ұсынады.

Зия Гөкалпті «пікірлерімнің көкесі» деп атаған Түркия Республикасының құрушысы Мұстафа Кемал Ататүрік үшін де түркі әлемінде ынтымақтастық басым күн тәртібі тақырыптарының бірі болып табылады. Түркия Республикасы құрылған 1923 жылынан бастап, белгілі негізгі нысаналарды жалғастырған, тұрақты және ақылды сыртқы саясат жүргізді. Республика кезеңінде түрік сыртқы саясатының негіздері Ататүрік тарапынан қаланды және қалыптастырылды.

Мұстафа Кемал Ататүрік үшін түркі әлемінде ең маңызды міндет алдымен мәдениет бірлігін қамтамасыз ету болды. Бұл жағдайды мына сөздерімен түсіндіреді: «Түркиядан тыс түріктер үшін алдымен мәдени тақырыптармен шұғылдану керек. Осылайша біз ‘түрікшілдік’ ұғымын жағымды жағымен қолға алатын боламыз. Ұлы түрік тарихына, түрік тілінің қайнарына, бай диалектілеріне, бұрынғы түрік тілде жарық көрген шығармаларына мән береміз. Байқал көлінің арғы жағындағы якут түріктерінің тілі мен мәдениетін де шетте қалдырмаймыз».

Ататүрік 1928 жылы 1 қараша күні латын әліпбиіне өту реформасын жүзеге асырды. Бұл әліпби өзгерісімен түркі әлемі арасындағы мәдени ажырасуды жою бағытында үлкен бір мүмкіншілік пайда болды. Дегенмен түркі әлемінде ынтымақтастық пікіріне қатты алаңдаған Кеңес Одағы екінші дүниежүзілік соғыстың алдында өзіне бағынған түріктерді кириллицаны пайдалануға итермеледі. Осылайша Кеңес одағы Түркия мен түрік дүниесінің мәдени байланысын үзуге тырысты.

Осыған қарамастан Зия Гөкалптің пікірлері және Мұстафа Кемал Ататүрік қалаған негіздер қазіргі таңда нақтыланады. Қазір Режеп Тайып Ердоған, Нұрсұлтан Назарбаев, Илхам Алиев сияқты басшылардың қолдауымен Зия Гөкалп пен Ататүріктің пікірлері әртүрлі халықаралық ұйымдардың құрамында көрініс табады. Түрік Кеңесі, Түріксой, Түрік Академиясынан бастап әртүрлі халықаралық қоғамдар осы бағытта жұмыстанады. Гөкалп пен Ататүріктің пікірлерінің жүзеге асуы Еуразия жағрапиясында бейбітшілікті орнату үшін де аса маңызды үлес қосатын болады.



Ұқсас жаңалықтар