ДАИШ театры

АҚШ-тың осы террорлық ұйыммен күресі мен қатынасы біз- журналистер тергейтін тақырып болудан әлдеқашан шықты.

ДАИШ театры

ДАИШ-тің аймақта қолдауы жоқ бір террорлық ұйым екенін неше жылдан бері айтып келіп едік.  Өкінішке орай, батыс медиасындағы жолдастарымыз бұларға сенгісі келмеді. Тіпті сенбейтіндерін ашық айтқандар да болды.

Бұл әріптестерімізбен қатынасымыз өте жақын және көптен келеді. Достығымыз әлеуметтік желі арқылы танысу немесе халықаралық жиналыстардың үзілістерінде кездескен журналист таныстығы емес.  Біздің таныстығымыз бен достығымыз әрдайым майдандарда болды.  Югославия бөлінгеннен кейінгі азаматтық соғыстан басталып,  Руанда,  Африка және Таяу Шығыстағы көптеген соғыста тағдырымыз ортақ болған достар бұлар.  Кейде тіпті бірнеше апта бойы бір жерде немесе қираған бір ғимаратта бірге тұрып,  бір нанды бөлісіп жегенбіз. Жарақат алғанымызда бір-бірімізді арқалап жүрген достарымыз осы шындыққа әрдайым бір күдікпен қарады.

ДАИШ шындығын көргендер болса мұны өздері жұмыс істейтін медиа органдарында жариялата алмады.

ДАИШ террорлық ұйымының әсіресе «сауытты соғыстары» едәуір таныс келеді.  Осы ұйымның ауыр қару және сауытты көліктері НАТО одақтасы кейбір елдердің тактикасы мен басқаруына қатты ұқсайды. Миымызды жеген осы сұрақтардың жауабы өткен жылы АҚШ-та болған президенттік сайлау науқанында ортаға шықты.

Республикашылдардың кандидаты Дональд Трамп кейіннен өшірілген бір твидтер жазбасында «ДАИШ-ті президент Обаманың құрғанын» жазды.

Трамптың осы мойындауына байланысты батыстық әріптестеріміз біраз батылданып,  террорлық ұйымның батыспен қатынасын тергей бастады.

АҚШ бастаған коалиция күштерінің ДАИШ-ке қарсы жүргізген әскери операциялардың статистикалық деректеріне қарайық:

Коалиция күштерінің ДАИШ-ке қарсы жүргізген ұшу саны: 28181

Операциядағы күн саны 1185

Коалиция күштері залалсыздандырған террорист саны 5 мың

ДАИШ-ке лақтырылған зымыран мен бомба саны: 102082

Осы сандар ойынды нақты көрсетеді.  Коалицияның және АҚШ-тың ДАИШ-пен күресте қолданған әскер саны әрдайым өзгеріп отырғандықтан нақты көрсеткіш беру мүмкін емес. Бірақ АҚШ-тың серігі PYD террорлық ұйымының 100 мың шақты қарулы мүшесі бар екенін айтсақ, әскери жағдай түсінікті болатын шығар.

Жақында ағылшын мемлекеттік теле арнасы BBC ДАИШ пен АҚШ-тың ортақтығын көрсететін құжаттар мен көріністерді жариялады.  Қалыпты жағдайда бұл оқиғаға батыс әлемінде қиямет болуы керек еді.  Бірақ ешкімнің даусы шықпады.  ДАИШ шабуылдарына жүздеген құрбан берген Еуропа Одағына мүше елдер де үндемей қалуды таңдады.

Жоғарыда айтылған әскери операциясының жүзден бірі секілді әскери қозғалыспен Түркия Республикасы осы ұйымға ауыр соққы берді. Екі ай ішінде және тек 300 қызметкермен түрік армиясы ДАИШ-ке ауыр соққы енгізді.  Шекараларын толығымен осы ұйымнан тазалады.

Осы операцияларда 500 шақты түрік әскері жойған ДАИШ террористінің саны 7 мың шақты.  Түрік әскерінің ДАИШ-ке қарсы жүргізген операциясында әуеден қолдау болмағанын да ескертіп өту керек. Түрік армиясы тек құрлық операциясымен ДАИШ-ке екі айда осыншама ауыр соққы енгізгенде,  коалиция күштері 4 жылда он мыңдаған әуеден шабуыл,  жүз мыңнан астам бомба және зымыран лақтырып,  жүз мыңдаған әскерімен ешбір табысқа жетпеуі таңғалдырарлық емес.

АҚШ-тың осы террорлық ұйыммен күресі мен қатынасы біз- журналистер тергейтін тақырып болудан әлдеқашан шықты.

Түркия,  Ресей, Ұлыбритания, Иран және Сирия бірігіп Халықаралық сот жүйесіне өтініш беруі керек.  Себебі әлемді қанға бояған, жүз мыңдаған жазықсыз адамның, баланың, әйелдің және қарияның өлуіне себеп болған бір террорлық ұйым мен бір мемлекеттің қатынасы әшкереленді.  Осы күдік немесе шындықтың тексерілуі халықаралық құқық шеңберуінде болуы керек.  Әйтпесе халықтың қазіргі әлем жүйесіне деген сенімі тағы бір рет шайқалады.

Халықаралық террористік ұйым болып саналатын Фетуллахшы террор ұйымы бұрынғы жылдары Түркияны терроризммен айыптап, қара жаққанда бүкіл әлем шайқалған болатын.  Тіпті түрік мемлекетінің сириялық бейбіт халыққа деген гуманитарлық көмектерін «ДАИШ-ке көмек» деп көрсетіп, бүкіл батыс әлемі осы жалғанға сенген болатын.

Тіпті батыс әлемі осы жалаларды жалғастырып, түрік мемлекетінің заңдарын аяққа таптап,  ашық қылмыс істеген жала жабушыларға есіктерін айқара ашты.  Кейбір батыстық елдер осы жала жабушыларға дереу дипломатиялық төл құжат беріп, президенттік деңгейде қарсы алып, қонақ қылды.

Түркияға жабылған жалаға сенген батыс әлемі ағылшын журналистер ортаға шығарған ДАИШ-АҚШ театры жөнінде бір ауыз сөз айтпай, демократия,  адам құқықтары үшін дауыстарын шығармауы – адам баласы үшін үлкен ұят.

Ал батыс әлемі осы театр спектаклін қараудың құнын жүздеген адамның жанымен төледі. Дұрысты айту және террористтің серігіне «сен-террористсің» деу осыншама қиын болғаны ма?

Әлде біреулер осы театрдың бітуін қаламай ма?



Ұқсас жаңалықтар