Қытайда жаңа кезең және Түркия-Қытай ынтымақтастығы

Түркия және Еуразия тынысы 45

844273
Қытайда жаңа кезең және Түркия-Қытай ынтымақтастығы

Қытай 1,4 миллиардқа жақын тұрғынымен әлемнің адам саны ең көп елі. Қытайды 98 миллион тіркеулі мүшесімен әлемнің ең үлкен саяси партиясы болған Қытай коммунистік партиясы (ҚКП) басқарады (1 миллиард 400 миллион адам саны бар бұл елді бір саяси партиялық режим басқарады және әртүрлі оппозиция да партияның ішінде орын алады). ҚКП дәстүрлі түрде бес жылда бір рет ұлттық конгресс өткізеді. 2017 жылы 18-24 қазан күндері аралығында ҚКП-ның 19-шы Ұлттық конгрессі өткізілді. Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин 2300 делегаттың қолдауымен 25 адамнан тұратын Коммунистік партия орталық атқару комитетінде ішкі қарсыластарының санын азайтып, одақтастарының санын арттырды. Си Цзиньпин Коммунистік партияның ішкі регламентіне (және атазаңына) өз атын режимнің құрушысы Мао Цзэдунның маңына қосып жазғызды. Сондай-ақ 2013 жылы Қазақстанда өткен бір конференцияда ортаға қойған «Бір белдеу, бір жол» жобасын тіркетіп, жобаны Қытайдың ресми саясатына айналдырды. Қытай президенті Си Цзиньпин өз аты мен жобаларын партия атазаңына енгізіп, билігін күшейтті. Осылайша Си Цзиньпиннің аты Қытай атазаңына тірі кезінде енді.

Түркия мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастар 1971 жылы құрылды. Екі ел арасындағы ынтымақтастық екі елдің де сыртқы саясатқа көңіл бөліне бастаған экономикалық және саяси түрде күшейген 1980 жылдардан бастап іс жүзіне асты. 2010 жылы «стратегиялық ынтымақтастық» сатысына көтерілген қарым-қатынастар соңғы кездері екі жақты жоғары деңгейлі сапарлардың арқасында жылдам жетілуде.

Соңғы жылдары екі ел арасында тығыз бір қатынас бар. Қытайлық және түрік мемлекет қайраткерлері бір-біріне жиі барып келе бастады. Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған 2017 жылы мамыр айында Қытайда ұйымдастырылған «Бір белдеу, бір жол» саммитіне қатысты. Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса тамыз айының басында ASEAN саммиті жиналысына барып, артынан Қытайға сапар шекті.

Қазір Түркия сыртқы саясатта альтернативтерін арттыруды қалайды. Бұл тұрғыдан түрік басшылар үшін Қытаймен ынтымақтастық жетілдіру аса маңызды. Қытайлық басшылар болса Түркияны Таяу Шығыста бір күш орталығы және «Бір белдеу, бір жол» жобасы тұрғысынан маңызды елдердің бірі ретінде қабылдайды. Түрік лауазымдылар Түркияның «Орталық коридор» бастамасының Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жобасымен керемет ұйқасқанын атап көрсетеді. Осында екі ел де ежелгі Жібек жолын жандандыруды мақсат етеді. Түркия Қытайдың Еуропа нарығына шығу бағытында орын алады. Түркияның Қытай мен Еуропа нарықтарын бір-бірімен байланыстырған жаһандық қамдаушы алқасының түйіні / орталығына айналуы оған үлкен пайда түсіреді.

Қытай Түркия үшін Германияның артынан әлемде екінші, Таяу Шығыста болса ең үлкен сауда ортағы болып табылады.

Қытай 2016 жылы Түркияға экспорт жасаған елдер тізімінде 19-шы орында, Түркия Қытайдан импорт жасаған елдер тізімінде 1-ші орында. Әрине осында екі ел арасында бір экспорт/импорт теңсіздігі де назар аударады. 2016 жылғы көрсеткіштерге қарағанда Түркияның Қытайға экспорты 2,32 миллиард доллар болса, Қытайдан импорты 25,44 миллиард доллар. Бұл жағдай екі жақты саудада Түркияның мүддесіне 23,12 миллиард долларлық зиян келтіреді. Алдағы уақытта бұл теңсіздіктің қалпына түсуі ынтымақтастықты одан да жетілдіретін болады.

Алдағы кезеңде Қытай өзіне одан көп сенім артып, сыртқы саясатта одан мықты өрбитіндей көрінеді. Си Цзиньпин 18 қазан күні жасаған ұзын баяндамасында Қытайдың «үлкен күш» куәлігіне қайта қайта назар аударды. Сондай-ақ Қытайды кемсітетін күндердің артта қалғанын және Қытайдың өркениетті жаһандық бір күш ретінде қайта тірілетін кез келгенін атап көрсетті. Қытай ҚКП-ның 19-шы конгресінде қабылданған шешімдермен үлкен «қадам басуға» дайындалады. Жаңа кезеңде салауатты өмір салты сапаланған, халықаралық қоғаммен одан да бүтіндескен, мықты және бай мемлекеттермен жарысатын, тіпті көбісін артта қалдыратын, аймақтық және жаһандық ролі жоғары ықпалы бір Қытай көруіміз мүмкін.

Түркия болса батыстық одақтастары АҚШ және Еуроодақпен әртүрлі мәселелер бастан кешіп жатқанда, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүшелерімен ынтымақтастығын жетілдіруде. Бұл аяда Қытайдың жаһандық саясат пен экономикада күшею саясатын жалғастыруы Түркия мен Қытай ынтымақтастық жобаларының артуын қамтамасыз етуі мүмкін.

Батыстық одақтастарымен қарым-қатынастарда әртүрлі мәселелер болып жатқанда, Қытаймен экономикалық, саяси және әскери ынтымақтастықты күшейту – Түркия үшін қызықтыратын бір альтернатива. Түркияның Қытаймен ынтымақтастығын күшейту талпыныстары жалғасып жатқанда, көп полярлы ғасырға үйренуді қамдайтын бір мақсатқа да ие. Осымен Түркия жаһандық саясатта альтернативаларын арттыруды нысанаға алып отыр. Қытай мен Түркия арасындағы маңызды бір тақырып болса Қытайда өмір сүретін ұйғырлар. Қытай Түркиямен жетілген екі жақты ынтымақтастығы аясында ұйғыр түріктерінің үстіндегі қысымды енді жеңілдетуге тиісті. Қытай мұны жүзеге асыра алса, екі жақты қарым-қатынастар одан жылдам түрде ілгерілей алады және ұйғыр түріктері екі ел арасындағы ынтымақтастықта үлкен рол атқарады.



Ұқсас жаңалықтар