Батыс өркениетінің соңы келді ме?

Ердал Шимшектің мақаласы

Батыс өркениетінің соңы келді ме?

Түркияда өткен аптада өте маңызды бір жиналыс өткізілді.  Жиналыс Халықаралық Өркениеттер кеңесі деп аталады.

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанның сол жиындағы баяндамасы тарихта қалатын сөз болды.  Бүгін батыс әлемінің өз құндылықтарына лайықты болу проблемасына орай сол баяндамаға пайым жасаған ешбір батыс азаматы шықпады. Бірақ ертеңгі күн талқылап, талас тудырып, мақала жазатындарына күмәнім жоқ.

Түркияның лидері Ердоған ойшылдар,  жазушылар талқылауы керек осы өркениет дағдарысын баяндауы шынын айту керек,  жазушы ретінде мені ұятқа қалдырды.  Ердоған жиналыста былай деді: «Біз өркениет күресіндеміз. Өркениетімізді қалау емес, дамыту күресі. Өркениеттің өзегін анықтайтын нанымдар болса,  біз де айырмашылығымызды көрсетуіміз шарт. Ғылым мен техника қаншалықты маңызды болса да, наным мен әлеуметтік ұйымшылдықты елемеген кезде,  ортаға шығатын нәрсенің аты біздің ойымызша өркениет емес. Біздің өркениетімізде адам – жаратылғандардың арасындағы ең абыройлысы»

Бүгінгі таңда 1950 жылдардан бері батыс әлемі аузынан тастамай келе жатқан ғаламдық адам құқықтарына байланысты жаңалықтар адам қорқытатын жағдайға келді. Сол жиналыста Түркияның президенті де тілге тиек еткен болатын. Бүгінгі күні батыстың мүддесі бар жерде демократия, Адам құқықтары ғаламдық декларациясы және құқық деген ұғымдардың ешбір мағынасы қалмайды.

Мысалы Ирактың солтүстігінде өткізілген заңсыз референдумды қолдаған батыс әлемі Испанияның Каталон аймағындағы референдумды қабылдамай отыр. Полицияның сандықтарды жинап алуын,  мөлшерден тыс күш қолдануын батыс әлемі еш елемеді.

Испания жоғары сотының Каталониялық саяси қайраткерлер жөнінде заңсыз үкім беруіне де үнсіз қалды.  Оқиға батыс әлемінде болғандықтан үнсіз қалуы батыстың мүддесіне сай.

Бұнымен де қалмаған Испания үкіметі Каталония автономдық әкімшілік үкіметін таратып, артық дегенде 6 ай ішінде ерте сайлау өткізілуіне шешім қабылдады. Жоғарыда да айтқанымдай, оқиға батыста болып отыр. Осыған үн шығармау – батыстың мүддесіне сай.

Ал батысқа не болды? Римге,  Цезарьға, диктаторларға, феодалдарға, король мен патшайымдарға қарсы шыққан батыс зиялыларына не болған?

Батыс немесе шығыста болсын,  егер әлемнің бір аймағында зиялы қауым үн шығармаса немесе сөйлеуге батылдығы болмаса,  әлемнің теңгерімі бұзылды деген мағынаға келеді. Сол себептен емес пе,  батыс армиялары 2001 жылдан бері Таяу Шығыста 4 миллион адамды өлтірді. Әрі бұлардың 80 пайызы әйелдер, балалар, қариялар мен қарапайым азаматтар. Батыс зиялы қауымы осыларға қарсы шыққанда, армиялары осыншама еркін қозғала алар ма еді?

Гитлер, Муссолини,  Сталин,  Черчиль секілді залымдарға бас көтерген зиялылардың немерелері қайда? Бүгін батыс әлемінде философия саласында қанша кісі мақала жазады? Журналдарда жарияланған мақалаларды да екі немесе үш жүз адам ғана оқиды. Бұл қорқынышты жағдай.  Негізінде бұл адам баласының келіп жеткен ең нашар деңгейі.

Шығыста да жағдай мәз емес,  әрине.  Пікір білдіретін мақалалар батыстағы секілді нашар болмаса да, жеткілікті деңгейде оқылмайды.

Батыс адамы 1980 жылдардан кейін капитал таралымы және жаңа өндіріс пішіні арқылы мәлімет және хикметті іздеуден алыстады.  Адам баласы 1960 жылдардағы тұтыну әрекетін шыңына жеткізді. Тұтынған сайын капиталдың қызметіне уақыт бөледі. Нәтижеде популист мәдениеттің тар қалыбының ішінде қысылып қалды.

Батыс тексермейтін,  егемен құрылымға берілген,  соған сенетін бір қоғам әлеміне айналды. Бүгін батыстың саяси басшыларының шешімдері арқылы күн сайын шығыста, Таяу Шығыста,  Африкада мыңдаған адам өлтіріліп жатқан кезде,  қолдарына кукуруздарын алып, фильмдерін қарауын жалғастыруда. Ал осы трагедия жайымен оларға да жақындай бастады.  Батыстың барлық бас қаласы соғыс болып жатқан елдердің бас қалалары секілді қауіпті жағдайға келді.

Осындай қауіпке қарсы ойшылы,  зиялы басшылары болмағандықтан батыс қоғамының да егемендердің бұйрықтарына бағынудан басқа амалы жоқ.

Бұған керісінше, Түркияда зиялы қауыммен қоса өркениет ойшылы деп есептелетін бір президент бар. Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған өзі қатысқан барлық халықаралық саяси және экономикалық жиындарда өркениет тақырыбына баса мән береді. Халықаралық Өркениет кеңесінде адам баласы адасқан иірімге тағы да назар аударды.

Түркияның араға кіруімен ДАИШ террорлық ұйымы аймақтан тазаланып жатыр. Осы қандықол ұйымның қаржыландырушылары мен қолдаушылары да енді аймағымызда бақтары жанбайтынын көрді.  ДАИШ-тің басқарушылары арасында мыңдаған батыстық азаматтар бар. Бұлар ертеңгі күні өз елдеріне оралғанда үлкен проблема шығарады. Батыста саяси қайраткерлер популистік көзқарастармен арандатқан нәсілшіл және артып отырған нацизм бір сәтте өз балалары болып саналатын осы террористтердің түсінігімен қақтығысады.

Осы қақтығыс барлық батыс қоғамдарына таралады.  Батыс әлемі шығыста өз мүдделері болғанда демократиядан бас тартқаны секілді  террорист балаларына қарсы не істейді? Оны күтіп, уақыты келгенде көре жатармыз.

Алайда батыс өркениетін бірден өшіріп тастау надандық болар.  Батыс әлемі жаңа ішкі қақтығыс нәтижесінде ғаламдық құндылықтарға жетеді деген сенімдемін.  Себебі өркениет құрған ұлттар тарихтың барлық сатысында тарихи өткеніне жарасатын ұстаным көрсете алады деген ойдамын. Осы ұлттардың көбі тарихи жауапкершілігін дұрыс білмейді,  жетік түсінбейді бәлкім.  Бірақ күндердің күнінде  рефлекс ретінде осы миссиясын орындайды.



Ұқсас жаңалықтар