29 қазан Республика мерекесі

Бүгін Түркия Республикасының құрылған күні тойлануда.

29 қазан Республика мерекесі

Бүгін Түркия Республикасының құрылған күні тойлануда. 1923 жылғы 29 қазан күні Түркия Республикасының жарияланғаны әлемге қуанышпен паш етілді. Османлы Империясының бірінші дүниежүзілік соғыстан жеңіліспен шығуы және ел территориясының жеңімпаз елдер тарапынан бөлісілуі елде қайғыға себеп болды.  Ұлттық жасақтар ретінде ұйымдасқан қарушы күштер Мұстафа Кемал Ататүріктің басшылығында бірлесіп,  Азаттық соғысын бастатты. Тұрғындарының көбі түріктерден тұратын аймақтар түрік елі болып қалу керек деген пікірмен басталған күрестің нәтижесі 1922 жылы 30 тамыз Бас қолбасшылық майдан шайқасында көрінді.  Сол күні түріктер жеңіске жетіп, жауды түрік жерінен қуып шықты.  Бейбітшілік келіссөздері өткізіліп, басқыншылық астындағы Стамбул құтқарылды,  артынан Лозанна Бейбітшілік келісімімен Османлы Империясы тарих сахнасынан кетті. Жаңа Түркия Республикасы тарихтағы орнын алды. 1923 жылғы 29 қазан күніне дейін жалғасқан келіссөздерден кейін Республика жарияланып, Анкараның астана екені бүкіл әлемге паш етілді. Республика құрылған осы күні Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған Ұлт азаттық күрестің барлық қаһармандарын құрметпен еске аламыз.



Ұқсас жаңалықтар