Еуропадағы микро ұлтшылдық

Ердал Шимшектің мақаласы

Еуропадағы микро ұлтшылдық

Еуропа Одағына мүше елдерде нәсілшілдік күн өткен сайын үстемдік құрып келеді.  Германия, Голландия және Бельгиядан кейін Австрияда да сайлаушы ел билігін оңшыл нәсілшіл партияларға берді.

Өткен аптада Австрияда болған сайлауда оңшыл және мұсылмандарға қарсы саясат жүргізген Австрия Халық партиясы жеңіске жетті.  Екінші кезекте асыра оңшыл және фашистік саясат жүргізген Австрия Еркіндік партиясы келді.

    Өткен ай Германияда болған сайлауда да мұсылмандарға және оның ішінде түріктерге қарсы сөздерімен танымал саяси партиялардың даусы артты.  Тіпті адам құқықтары және демократияның табиғи қорғаушысы екенін алға тартқан неміс Социал демократтар да мұсылмандарға, шетелдік жұмысшылар және босқындарға қарсы нәсілшіл сөйлемдермен үгіт-насихаттарын жалғастырды.

 Австриядағы сайлау Еуропаның нәсілшілдікке қарай жылдам бара жатқанын тағы бір рет көрсетті. 1945 жылдан бері тыныш отырған Еуропаның нәсілшіл,  фашистік және жек көрушілік қылмысы болып табылатын шеттетуге қарай икемделуі еш таңғалдырмады.

Бұл құрлық жазбаша тарихтан бері ешқашан 100 жыл соғыссыз немесе қақтығыссыз өмір сүрмеді.

Еуропаның ең ұзын қақтығыссыз кезеңі 1945 жылдан бері қарай.  Мұның себебі Еуропадан тыс күштер де араласқан бейбітшілік келісімдері мен олардың саяси нәтижелері.

Айырықша технологияның дамуымен бірге Еуропаның барлық жерінің бомбалау нәтижесінде жермен-жексен болып,  экономикасының да құлдырауы ықпалды себеп болды.

Бүгінгі күні «тарихи қала» деп есептелетін Еуропаның барлық қалалары жермен-жексен болып еді. Адам баласының ортақ мұрасы деп есептелетін тарихи туындылар мен аймақтар әуеден және құрлықтан шабуылға ұшырап, толығымен қиратылды.

1945 жылдан 1970 жылға дейін Еуропада қайта құру және жараларынан «сауығу» кезеңі болатын. 1960 жылдардың аяғындағы жастар қозғалыстары да осы тыныштықтың нәтижесі болатын.  Еуропада терроризм ел премьер-министрлерінің алып қашырылып,  өлтірілуіне дейін жетті.  Италия премьер-министрі Альдо Мороны «Қызыл бригадалар» атты террор ұйымы алып қашырып, өлтірген болатын.  Артынан шамамен он жылдан кейін террор ұйымы PKK Швеция премьер-министрі Улоф Пальмені өлтірді. Еуропа терроризмнің өзіне бағытталғанын көргенде,  ұйымдарды дереу тарқатты.  Мысалы немістердің атақты «Baader-Meinhof» ұйымының барлық басшыларының бір түнде түрмеде өз-өздеріне қол жұмсағаны жарияланды.

Батыс әлемінің ішінде жиналған террор газы өкінішке орай, бір сәтте Таяу Шығыс пен Азияға бағытталды.  Еуропа көптеген жылдар бойы жалғасқан терроризмге қарсы толеранстың «жемісін» енді сезе бастады.  Бүгін мұсылман,  босқын және шетелдік жұмысшыларға деген дұшпандық бір қадамнан кейін секталық және микро ұлтшылдық қақтығысына айналады.

Мұсылмандар, босқындар мен шетелдік жұмысшылар елдеріне қайта оралғанда Еуропада жиналған осы нәсілшіл газ қалай тарайды деп ойлайсыз?

 Нәсілшілдік ауруы өзіне қарсы нәрсе болмастан өмір сүре алмайды. Адам баласына жау осы ауру өзіне қарсыны қысқа уақытта жасап шығарады. Испанияны алып қараңыз. Каталондар орталық үкіметтен бөлінгісі келеді.  Барселонада басталған каталон ұлтшылдығы енді Испанияны кеміре бастады. Бірақ осы ұлтшылдық каталондарға да соққы енгізеді.

Өздері астана қып отырған Барселона не каталондардың не болмаса испандықтардың жері емес.  Барселонаға барып, қыдырмағандар үшін айтайын: Барселонаны Барселона қылып тұрған барлық тарихи туынды мен құндылықтар арагондардікі. Барселона тарихынан мәдениетіне дейін – Арагон.  Арагондар Король Фердинандтың немерелері.  Оларда да адам сенгісіз микро ұлтшылдық сезімі басым. Каталондар Испаниядан бөлінген кезде бастарына арагондармен проблема туындайтыны сөзсіз.

Испанияда инквизициядан бастап мұсылман және еврей қырғынын да жасағандар арагондар екенін еске салып,  каталондарды қандай мәселенің күтіп тұрғанына назар аударғым келеді.

Германия,  Бельгия, Италия, Франция, Скандинавия елдері... барлығында бас көтеріп келе жатқан осы ұлтшылдық жайымен микро ұлтшылдыққа бара жатыр.  Немістердің ең үлкен және ең бай штаты Бавария уәлаяты бас көтерді. Италияның Солтүстік лигасы да осы бағытта.  Швеция 21 уәлаяттан тұрады.  Викингтердің немерелері қазірден-ақ бір-бірлеріне тіс көрсете бастады.

Францияның Корсика және басқа аймақтарда проблемасы бар. Аймақтық ұлтшылдық осы Жерорта теңізі елдерін дереу өз қармағына алуда.  Неше жылдан бері экономикалық дағдарыстармен арпалысып келе жатқан Грекияда да этникалық ұлтшылдық қаупі бар.

Осындай барлық микро ұлтшылдық ағымдарға қарамастан өткен апта Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған Сербия президентінің шақыруымен осы елге барды.  Сербтер мен түріктердің тарихи бәсекелестігі бар екенін,  тарихта үлкен проблемалар болғанын білмейтін адам жоқ шығар.  Соңғы рет Югославия ыдырағанда түріктерге жақын босниялықтарға жасалған қырғын, Косово соғысының барлық қайғы-қасіреті түрік азаматтарының жүрегінде терең із қалдырды.

Алайда түрік басшы Ердоған осы тараған микро ұлтшылдық толқынына қарсы саяси,  сауда және дипломатиялық қатынастарды жалғастыруда. Сербия президенті Александр Вучич те Еуропаның қақпасына келген осы қауіпті сезетін басшы. Вучич өзінің шақыруымен келген Ердоғанға сапарында серік болды және әлемнің 16-ғасырда қалмағанын айтып,  түрік және серб одақтастығының қажеттілігіне назар аударды.

Осы екі басшының жақындасуы Еуропада бел алған қорқынышты нәсілшіл толқынға бір жауап іспеттес.  Кешегі күнге дейін бір-біріне салқын қараған осы екі ел бүгін экономикалық және саяси жағынан одақтас бола білсе, бұл Еуропа үшін үміт отын жағады.

Бүгінгі таңда Еуропа парламенті мен комиссиясы нәсілшіл және фашистер отырған екі шаңырақ. Еуропалық саясат қайраткерлерінің Меркель және Круц секілді нәсілшіл саясатқа бағыт алуы осы екі шаңырақты нәсілшілдер мен фашизмнің билігіне береді деген уайым туғызады.



Ұқсас жаңалықтар