Түркия мен Тәжікстан қарым-қатынастары

Ататүрік атындағы университеттің Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Др. Джемил Доғач Ипектің анализі

Түркия мен Тәжікстан қарым-қатынастары

Тәжікстан – Еуразияның маңызды елдерінің бірі.  Тәжікстан түрік әлемімен жақын болғанына қарамастан, тәуелсіздігі жарияланған 1991 жылдан бері Түркия мен Тәжікстан қатынастары шектеулі болды.  Тәжікстанның экономикалық шарттары,  елде болған азаматтық соғыс,  Тәжікстанның Ресей және әсіресе Иранмен өте жақын байланыстары себебімен жоғары деңгейде қатынас құрылмады.  Алайда алғашқы жылдармен салыстырғанда бүгінгі күні қарым-қатынастар алға жылжыды деп айтуға болады.

    Түркия 1991 жылдың 16 желтоқсан күні Тәжікстанның тәуелсіздігін таныды. 1992 жылдың 29 қаңтар күні болса екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас құрылды. Түркияның Душанбедегі өкілетті елшілігі 1992 жылдың 4 тамыз күні,  Тәжікстанның Түркиядағы елшілігі 1995 жылдың 16 қазан күні ашылды. Түркияның Душанбедегі өкілетті және төтенше елшілігі Тәжікстанда 1992-1997 жылдар арасында болған азаматтық соғыс кезінде де жұмыс істеуін жалғастырды.

    Тәжікстан үшін сыртқы саясатта Иран бірінші орында.  Сондықтан Тәжікстан мен Иран арасында тек сауда-экономикалық қана емес,  білім беру және мәдени салада да мықты ынтымақтастық бар.  Түркия Республикасы да Үлкен студент жобасы аясында 1992-93 оқу жылынан бастап Тәжікстан студенттерін оқытты.

Еуразиялық Экономикалық ұйымы және Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше болған Тәжікстанның соңғы жылдары Еуропа Одағымен де байланыстары жетіліп келеді.  Бүгінгі күні Еуропа Одағының Орталық Азияда жүргізген жоба мен көмектерінің көпшілігі Тәжікстанға беріліп отыр. Еуропа Одағы мен Тәжікстан арасында жасалған келісімдер аясында әлеуметтік қауіпсіздік,  медицина және жеке меншік сектордың дамуы жоспарлануда.

Тәжікстанның табиғи ресурстары болса да,  таулы территорияда болғандықтан бұларды шығару өте қиынға соғады.  Елдің географиялық құрылымынан туындаған қиыншылықтар салдарынан елде егіншілік секторы да қиын жағдайда.  Сондықтан елде жұмысқа орналастыру проблемалары бар.

Кейбір әлеуметтік және экономикалық проблемалары бар Тәжікстанда түрік фирмалары мен кәсіпкерлерінің санының артуы Тәжікстан экономикасының жандануын қамдайды.  Әсіресе соңғы жылдары жекешелендіру шеңберінде түрлі жобаларға салмақ салған Тәжікстанда түрік фирмаларының осы салаларға бағытталуы әрі Тәжікстанның, әрі Түркияның пайдасына болады.  Соңғы жылдары Түркия мен Тәжікстан арасындағы экономикалық және саяси қатынастардың әжептеуір дамығанын және болашақта да дами түсетінін айтып өту керек.  Түркия мен Тәжікстан қарым-қатынастары Мәулана Джелаледдин Руми секілді ұлы ойшылдар ортақ болып саналатын мәдени мұрада биіктеп келеді.  Бүгін екі елде де қатынастарды жақсарту үшін мықты ерік-жігер бар.

    Осы аяда Тәжікстан президенті Имамали Рахман 2012 жылдың 18 желтоқсан күні Түркия Республикасына жүргізген мемлекеттік сапары барысында қатынастардың жақсаруы мақсатымен «Түркия Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасында ынтымақтастық кеңесі құрылуы жөніндегі ортақ декларацияға» қол қойылды.

 ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның 2016 жылдың 21 қазан күнгі Тәжікстан сапары барысында да Түркия Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасында «2017-2020 жылдарын қамтитын ынтымақтастық жоспарына» қол қойылды. 2016 жылдың 21 қазан күні Тәжікстан Республикасы президенті Имамали Рахман тарапынан қабылданған министр Чавушоғлу кездесуден кейін Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сыроджеддин Асловпен бас қосты.  Осы сапардың маңызды жайттарының бірі 8 жыл үзілістен кейін бірінші рет сыртқы істер министрлері деңгейінде өткізілген сапар болуы.  Айырықша  Аралас экономикалық комиссияның сол кездегі тең төрағасы Йылдырым Тугрул Түркеш 2017 жылдың 15-17 ақпан күндері арасында Душанбеге барды.  Осы оқиғаларға қосымша ретінде екі ел арасында қатынас секторында да мықты ынтымақтастық жалғасуда.  Әрі құрлық жолы,  әрі теміржолы тасымалы тұрғысынан маңызды жобаларда екі ел қатар орын алады.  Өңірлік байланыс желілерін толықтыратын рол ойнайтын екі елдің алдағы үдерісте осы салада ынтымақтастығын нығайтуы күтіледі.

    Соңғы кезеңде сауда байланыстары да артты.  Деректерге қарағанда Түркия Тәжікстанның төртінші сауда серігі. 2013 жылы Тәжікстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы 655,115 миллион АҚШ долларын құрады. Тәжікстанда жұмыс істейтін түрік компаниялары барлығы 50 миллион АҚШ доллары құнында тікелей капитал инвестициясын жүзеге асырды. Осылардың барлығына қосымша Түрік Ынтымақтастық және даму басқармасы ТИКА Тәжікстанда инвестиция және көмек бағдарламаларын да үздіксіз жалғастыруда. Тәжікстан мен Түркия арасындағы қатынастардың алдағы кезеңде бір жоспар аясында жалғасуы және екі жақты қатынастардың жалғастырылуы байланыстардың нығаюына үлес қосады.

Сонымен бірге Түркия мен Тәжікстан арасында БҰҰ, Ислам Ынтымақтастық ұйымы және Экономикалық ынтымақтастық ұйымы секілді халықаралық органдар құрамында жақын ынтымақтастық пен қатынас та жүргізіліп келеді.



Ұқсас жаңалықтар