Фашизм - Еуропа Парламентінде

Ердал Шимшектің мақаласы

Фашизм - Еуропа Парламентінде

Германиядағы сайлау қорытындысы қалыпты оқиға деп қабылданды.  Ал Голландия,  Франция және Бельгиядан кейін Германияда да нәсілшіл партия парламентке кірді және осы топ Еуропа Парламентіне өкіл жібереді.

Яғни фашизм туған жері Германиядан Еуропа Парламентіне тарады.

Негізінде бүкіл әлем осы тақырыпты егжей-тегжейлі ойланып,  қазіргі жағдайға шешім табуы керек.  Өкінішке орай,  әсіресе батыс зиялылары үнсіз қалуды таңдап отыр.

Алайда үндесеңіз де,  үндемесеңіз де фашизм құбыжығы бір күні сіздің есігіңізге келеді.

Еуропа парасатынан және өркениет құндылықтарынан алыстап, фашизм мен нәсілшілдік өзіне өсіп-өнетін орта тапты.

Батысты батыс қылып тұрған екі құндылық бар еді. Бұлардың бірі -демократия,  екіншісі - адам құқықтарына көзқарасы.  Өкінішке орай қырғи қабақ соғыстан кейін батыс әлемі бүкіл өркениет қаланған осы екі іргетасты қиратуға қарады.

Бұқаралық ақпарат құралдары тарады.  Осылайша бір-біріне ең алыстағы екі адам күнделікті тұрмыстағы барлық деректер мен хабарларға дереу қолжеткізетін мүмкіндікке ие болды.  Шығыстың адамы дерекке қол жеткізген сайын жеке, қоғамдық және мемлекет ретінде одан да көп еркіндік талап ете бастады.

      Осы талаптар батыстың демократия тақырыбындағы дуалистік бейнесін жарыққа шығарды. Шығыста жеке азаматтар өз мемлекеттеріне әртүрлі еркіндік талаптарын айтып,  бұл үшін күресуіне болады.  осы талаптарын жүзеге де асыруына болады. Ал осы талаптар қоғамдық және мемлекеттік деңгейде болса,  онда батыс дереу 180 градус өзгеріп сала берді.  Батыстың ойынша біз – шығыс азаматтарының еркіндік талабы батыстың мүдделері басталатын жерде бітеді.

Мысалы бір еуропалық автомобиль компаниясының Германия және Үндістандағы зауыттарында бірдей жұмысты істейтін екі жұмысшыны салыстырып көрелік. Еуропалық автомобиль компаниясы жұмысшылардың кәсіптік құқықтарын сақтау үшін қолдарынан келгенді аямайды.  Осы жерге дейін алып қарасақ,  батыстық капитал үшін маңызды нәрсенің табыс табу емес,  жұмысшылардың құқықтары мен тұрмыс стандарты деп есептеуге болады.  Ал іс жүзінде бұл олай емес.

Мысалы сол автомобиль компаниясының Германияда өндірген моделі мен Үндістан,  Пәкістан,  Оңтүстік Корея және Түркияда өндірген сол моделінің бағасы әлемде бірдей. Бірақ сол модельді өндірген жұмысшылардың алған жалақысы арасында әлдеқайда айырмашылық бар. Германиядағы жұмысшы үйіне күн сайын ет алып,  Денсаулықты сақтау ұйымы стандарттарына сай тамақтана алады.  Ал Үндістандағы жұмысшының алған айлық жалақысы неміс жұмысшының бір апта алатын жалақысынан аз.

Сол секілді мемлекеттердің тең сыртқы қатынас құру талабы да батыстықтардың көңіліне жақпайды. Олар әрине отарлық саясаттарын жалғастыра бергісі келеді.  Әрдайым билеп-төстейтін, бұйырып отыратын бір түсінік.

Мысалы сіз шығыстағы бір елдің лидерісіңіз. Ашық және заңды сайлауда халықтың жартысынан көбінің даусын жинап, сайланасыз. Сіз еліңіздің мүддесін батыс елдеріне қарсы қорғап, олармен тең екеніңізді тілге тиек ете бастағаныңызда,  сіз әлемнің ең жаман адамы болып шыға келесіз.

Парламент,  баспасөз,  сот, университеттер,  коммуникация жүйелері цензурасыз, еркін жұмыс істеп тұрғанына қарамастан бір сәтте атыңыз диктатор болады.

Сіз сайлау болған сайын,  тәуелсіздікті аңсаған халқыңыз тарапынан қолдау көрген сайын батыстың көзінде диктатор бола бересіз. Сіз халқыңыздан 52 пайыз дауыс жинап, мемлекетті басқарсаңыз, күдікті боласыз.  Бірақ 31 пайызбен үкімет басқарған еуропалық саясат қайраткері демократия жеңімпазы атанады.

Бірақ жоғарыда да айтқанымдай,  деректер мен мәліметтер жаппай қолжетімді болғандықтан Түркиядағы шопан мен Гамбургтағы неміс саясат қайраткері бір мәліметті бір уақытта оқи алады.  Түрік шопан да «бұл жерде бір олқылық бар» деп ойлайды.

Осы олқылықты ортағы,  одақтасы деп есептелетін батыстықтан сұрайды.  Батыстық болса менсінбейтін ұстанымын жалғастырады.  Шығыстан сұрақтар мен еркіндік талаптары көбейген соң батыстық саясат қайраткерлері өз елінде ұлтшыл көзқарастарға жүгінеді. Батыстық ірі партиялары саяси популизм және билік үшін кішігірім нәсілшіл партиялардың сөздеріне жүгінеді. Демократия,  адам құқықтарынан аулақ, жек көрушілік қылмысына дейін баратын сөз сөйлейтін осы ірі партиялар фашизмді қайта оятты.

Тек ірі партиялар ғана емес,  ғаламдық адам құқықтарын қорғайтын солшыл және социал демократ партиялар да нәсілшіл, шеттететін,  шовен тіл қолданады.  Осы нәсілшіл, жек көрушілік қылмысын жасаған тілді социализм, социал демократия және негізгі адам құқықтары арқылы жүзеге асырады.

Батыс әлемінің соңғы ширек ғасырдағы саясат қайраткерлерінің барлығына дерлігі осы қатені қайталап, мәселені арттыра түсті.

Голландияны алып қараңыз.  Сайлаудан кейін шамамен бір жыл өтті, нәсілшіл фашистік партия салдарынан елде әлі үкімет құрылмады.  Бельгияның да жағдайы Голландиядан бөлек емес.  Австрияны алып қарасаңыз, фашистік ұстанымда Германиямен жарысып отыр дерсің. Демократиялық күрестің бесігі саналатын Францияда да саясат қайраткерлері нәсілшіл ұстанымнан медет күтеді.

Неше жылдан бері үздіксіз қайталанған қателер Еуропа Парламентінің қақпасын нәсілшіл және фашист депутаттарға айқара ашты. Қазіргі Еуропаның экономикалық және саяси дағдарысында нәсілшілдіктен пайда тапқысы келетін ірі партиялар да осы түсінікке бағынады.

Нәсілшілдік пен фашизм қылмысы,  өкінішке орай жаңа кезеңде Еуропаның сөзі болуға кандидат.  Адамды қинайтын жері де құрылғанда толығымен гуманитарлық құндылықтар және демократия принциптерінен еш жаңылмайтындарын мәлімдеген Еуропа Парламентінде енді фашист және нәсілшіл сөздермен бірге жек көрушілік қылмысы да «пікір» ретінде тілге тиек етіледі. Еуропа зиялы қауымы осы қауіп-қатерді байқайды деп тілеймін.

 



Ұқсас жаңалықтар