Түркия-Грузия қарым-қатынастары

Түркия және Еуразия тынысы-39

Түркия-Грузия қарым-қатынастары

 

Грузия Оңтүстік Кавказ аймағының стратегиялық маңызға ие елдердің бірі болып табылады. Біз де осы аптадағы бағдарламамызда Түркия-Грузия қарым-қатынастарына анализ жасаймыз.

Ататүрік Университеті халықаралық байланыстар бөлімінің оқытушысы Жемил Доғач Ипектің осы тақырыпқа байланысты көзқарастарын ұсынамыз.

Грузия Оңтүстік Кавказ елдері ішіндегі НАТО мен Еуропа Одағын да қамтыған батыспен қарым-қатынастары өте жақсы дамыған ел. Грузия 2009 жылынан бастап Еуропа Одағы тарапынан үш Шығыс Еуропа елімен (Украина, Молдавия, Беларусия) және үш Оңтүстік Кавказ елдеріне (Грузия, Әзірбайжан, Армения) бағытталған Еуропа Одағы Шығыс Ортақтық бастамалы ішінде орын алуда. Еуропа Одағы Шығыс Ортақтық бастамалы осы елдерді Еуропа Одағына тіпті көп жақындату үшін Еуропа Одағымен осы елдер арасында ортақтық, еркін сауда және виза жеңілдігі келісімдері жасауын көздейді. Ортақтық келісімі 2014 жылы Брюссельде жасалды және 2016 жылы шілде айында іске қосылды. Грузия мен Еуропа Одағы арасында виза жеңілдігінің де қысқа мерзім ішінде атқарылуы күтілуде.

Түркия мен Грузия арасындағы қарым-қатынастар Грузияның тәуелсіздік алғаннан кейін әр салада дамыды және екі ел арасында түрлі салада көптеген келісім жасалды. Түркия Грузияның тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсан күні таныды. Дипломатиялық қарым-қатынастардың басталуына байланысты протоколына болса 1992 жылы 21 күні қол қойылды, сондай-ақ өзара елшіліктер ашылды. Түркияның Батумиде, Грузияның болса Стамбул және Трабзонда бас консулдықтары бар.

Түркия мен Грузия арасындағы қарым-қатынастар стратегия деңгейде. Түркия 2007 жылынан бері Грузияның ең үлкен сауда одақтасы. Грузияға шығыстан ең көп тікелей инвестиция салған елдер арасында да Түркия бірінші орынды иелеуде. Екі ел арасында 2011 жылының соңғы айында іске қосылған бір протоколға сай екі ел азаматтары бір-бірлерінің елдеріне тек куәлік арқылы саяхат жасауда. Екі ел арасында жүйелі түрде жоғарғы деңгейдегі сапарлар да жүзеге асырылуда. Түркия мен Грузия арасындағы қарым-қатынастардың тіпті де дамытылуы мақсатымен екі ел арасында Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі механизмі құрылды. Алғашқы Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі жиналысы 2016 жылы 19 шілде күні Анкарада, екінші жиналыс 2017 жылы 23 мамыр күні Тбилисиде өткізілді.

Әзірбайжанмен бірге құрылған Түркия-Әзірбайжан-Грузия Сыртқы істер министрлері үштік жиналысы процесі аймақтық тұрақтылық, бейбітшілік және байлыққа үлес қосатын маңызды бір шара болып табылады. Сонымен қатар қорғаныс, экономика, қатынас министрлері, қарулы күштер қолбасшылары, парламент сыртқы істер комиссиялары төрағалары және бизнес форумдары арасында да үштік жиналыстар ұйымдастырылуда.

Түркия мен Грузия арасындағы қарым-қатынастар әрі екі жақты жоспарда, әрі аймақтық деңгейде стратегиялық ерекшелікке ие. Грузия әрі Каспий энергия қайнарларының Түркияға және батыс нарықтарына тасымалдануы, әрі Түркия мен Әзірбайжан, Ресей және Орталық Азия Республикалары арасындағы қатынас байланысы тұрғысынан маңызды ел болып табылады. Осыған қарата Түркия да Грузияның ең үлкен сауда одақтасы. Осы аяда Түркия, Грузия және Әзірбайжан арасында баста энергия және қатынас салалары болып түрлі салада үштік ынтымақтастық жасауда. Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыр желісі мен Баку-Тбилиси-Эрзурум табиғи газ құбыр желісі және Баку-Тбилиси-Карс темір жолы жобасы осы ынтымақтастықтардың ең айқын үлгілері.

Түркия Грузияның территория тұтастығын жақтауда. Сонымен қатар Грузияның ішкі мәселелерінің шешіміне де жәрдем беруге тырысуда. Грузия халқы үшін Абхазия және Оңтүстік Осетия өте маңызды екі аймақ. Алайда 2008 жылы болған Грузия-Ресей соғысын Ресей жеңіп алды. Одан кейін осы аймақтардың тәуелсіздіктері Ресей тарапынан танылды және әскери келісімдер арқылы кепілдікке алынды. Ресейдің екі жақты келісімдерге негізделіп құрған базалары бөлшектеуші режимдердің аймақтық реттеуде заңды құқыққа ие болуына себеп болды. Грузия тәуелсіз Абхазияның осы мәртебесін таяу болашақта өзгерту күші болмағанын сезіне отырып, жағдайды халықаралық деңгейге көтеруге және құқықтарын қорғауға тырысуда.

Оңтүстік Осетия мәселесіне деген тұғыры да осылай. Алайда Ресейдің 2016 жылы желтоқсанда «Абхазия және Осетияның демократиялық мемлекет ретінде дамуына қолдау беретіні» жайлы мәлімдемесі бұның оңай болмайтынын көрсетуде. Грузияда қазіргі үкімет әрі Ресеймен қарым-қатынастары, әрі Абхазия және Оңтүстік Осетия мәселесі жөнінде тіпті жұмсақ бір тіл қолдануда. Сонымен қатар Ресеймен қарым-қатынастарын қалыпқа түсіру үшін болымды қадамдар басуда. Бірақ Қырымның Ресей тарапынан жаулап алынуы, Украинадағы оқиғалар және Ресейдің Абхазиямен одақтастық келісімін жасауы Грузияның Абхазия мен Оңтүстік Осетияға деген қайғыларын тіпті де арттырды.

Түркия Грузияның территория тұтастығын қатты қолдауда. Абхазия мен Оңтүстік Осетияның ауыз жүзіндегі тәуелсіздіктерін танымады. Осы келіспеушіліктердің Грузияның территория тұтастығы және егемендігі аясында бейбіт жолмен шешілуін тілеуде. Түркия Грузияның Еуропа-Атлант Мұхит ұйымдарымен ымыраласу талпыныстарын да қолдауда.

Түркия-Грузия қарым-қатынастарында ең маңызды тақырыптардың бірі де Ахыскалардың ата мекеніне қайта оралу процесі болуда. Түркия бұл мәселені қадағалауда. Түркия Грузияның 1999 жылы Еуропа Кеңесіне мүше болған кезде мойнына алған жауапкершілігі аясында Ахыскалардың ата мекені болған Ахыскаға қайтуындағы барлық кедергілердің күшінен қалдыруын қадағалауда. Грузияның осы тақырыпқа байланысты басатын қадамдары екі ел арасындағы қарым-қатынастарды тіпті жоғарғы деңгейге көтереді.

 



Ұқсас жаңалықтар