Ирак күрд автономиясының референдумы: ауыр нәтижелері болатын қауіпті шешім

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калынның 26 қыркүйек күні «DailySabah» газетінде жарияланған мақаласы

Ирак күрд автономиясының референдумы: ауыр нәтижелері болатын қауіпті шешім

Эрбильдегі күрд басшылар өз халықтарының саяси және экономикалық мүдделеріне Иракты бөлуге тырысу және өздерін ең жақын одақтастары Түркиядан аулақтату арқылы қауіп төндіруде.

Ирак күрд аймақтық әкімшілігінің 25 қыркүйекте тәуелсіздік үшін референдум өткізуге байланысты шешімдері әрі өңірлік,  әрі жаһандық бір дағдарысты бастатты деуге болады.  Алдымыздағы күндері қиыншылықтардың артуы ықтимал,  ирактық күрдтер өздерін изоляцияға түсіру және көптеген жылдан бері жинаған жетістіктерінен айрылып қалу қаупіне көз жұмуда. Эрбильдің референдум шешімін тәуелсіздік үшін бе әлде Бағдат үкіметіне қарсы позициясын нығайту үшін қабылдағаны туралы сұрақ тап қазір шетте қалды.  Осы шешімнің ауыр қорытындылары болады және осы қорытындылар түрлі деңгейлерде сезіледі.

22 қыркүйек күні өткізілген Түркия Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жиналысы референдумның заңсыз және қабылданбайтын екенін білдірген бір мәлімдемемен аяқталды.  Трамп әкімшілігі референдумды «арандатушы және тұрақтылықты бұзушы» деп атады.  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі де осындай мағынада ескерту жасап,  Эрбиль әкімшілігін референдумды тоқтатуға немесе кейінге қалдырға шақырды. Еуропа және шығанақ елдері де осындай декларация жасады.

Ирактың бөлшектенуін қолдайтын ешбір ел жоқ.  Тек бір ғана ерекше жағдай бар,  ол да премьер-министр Нетаньяху тәуелсіз Күрдістанның құрылуын ашық қолдаған Израиль. Өңірдің шындықтары назарға алынғанда күрдтерді қуантудың орнына уайымға салуы керек едәуір күдікті жағдай бұл.

Тап қазір Бағдаттағы билік тәуелсіздік үшін референдумға қарсы бірсыпыра қадам басты.  Иран болса Сүлеймание және Эрбиль үшін әуе кеңістігін жапты.  Түркия түрлі шара қолдануға тырысуда.  Басқа елдер де осындай шаралар жасауы мүмкін.

Әрине,  ирактық күрдтердің арабтар,  түрікмендер және Ирак қоғамын қалыптастырған басқа да этникалық топтар сынды бейбітшілік,  қауіпсіздік және бай өмір сүруге құқықтары бар.  Олар да сүннит және шиіт қоғамдар секілді залым және қысымшыл басқарушылардың залымдығына ұшырады.  Олар да Ирак қоғамына түрлі үлес қосты.

Эрбиль әкімшілігінің орталық Бағдат әкімшілігімен арадағы басты келіспеушіліктерінің заңды негізі бар. Негізінде Бағдат тек Ирак күрд аймақтық әкімшілігіне емес түрікмендер және сүннит арабтарға да қауіпсіздік және саяси мәселелерге байланысты берген уәделерін орындамады. Малики үкіметтерінің мәзхабтық көзқарасы Ирак қоғамының бірлік болуы үшін қажетті үміт пен сенімге зиян келтірді.  Күрдтер де сүннит арабтар мен түрікмендер секілді осы жауапкершіліксіз саясаттардан зиян көрді.

Ирактық күрдтер 2003 жылғы Ирак басқыншылығынан кейін ортаға шыққан сынақ пен қиыншылықтар алдында ерекше мәртебеге ие болмады.  Алайда Ирак күрд аймақтық әкімшілігі Ирактың соңғы он жылдан бергі хоас жағдайына қарамастан көптеген жетістіктерге жетті.  Ирак күрд автономиясы қазір өз парламенті,  байрағы,  қауіпсіздік күштері, шекара және кеден бақылауы және тіпті өз аөша бірлігі бар федералдық аймақ. Иракта басқа ешбір этникалық топта осындай артықшылықтар жоқ. Референдум өткізу шешімі де осы жетістіктердің барлығына қауіп төндіріп отыр.

Әрбір этникалық топтың өздерінің мемлекеті болуы керек деген сөз едәуір күдік туғызатын және өте қауіпті сөз.  Мұның еш шегі болмайды.  Осылай деп ойласаңыз,  Еуропада,  Америка Құрама Штаттарында,  Африкада және Азиядан ондаған жаңа мемлекет құруға болады.  Әлеуметтік, саяси және экономикалық интеграция мен өңірлік одақтастықтар ұлыстардың мүддесіне жақсы қызмет ететін осы дәуірде елдерді бөлуге тырысудың ешбір мағынасы жоқ.

Ирактағы күрдтердің заңды уай ымдары мен талаптарын Ирактың территория тұтастығы және саяси егемендігі шеңберінде қарау керек.  Ирактың бөлшектерге бөлінуі онсызда қауіп-қатерге толы аймақты одан әрі нашарлата түседі. Ирак атазаңына қайшы осы референдумды ешбір ел немесе халықаралық ұйым мойындамайды.

Сонымен қатар референдумға байланысты наразылықтар мен қарсы шығулар Ирак күрдтеріне бағытталмағанын білу керек. Түркия ең қиын шарттарда да Ирак күрдтерінің жанында болды.  Оларға саяси жағынан да,  экономикалық жағынан да көмектесті.  Алайда Эрбильдегі күрд басшылар өз халықтарының саяси және экономикалық мүдделеріне Иракты бөлуге тырысу және өздерін ең жақын одақтастары Түркиядан аулақтату арқылы қауіп төндіруде.

Тәуелсіздік үшін референдум өз алдына заңсыз және проблемалы.  Сонымен бірге таласқа айналған бір аймақ болып саналатын, оның үстіне Ирак күрд автономдық әкімшілігінің жері деп саналмайтын Киркуктың да осы үрдіске қосылуы аймақта тұратын түрікмен және арабтар үшін жағдайды нашарлата түсті. Түркия Ирак түрікмендерімен ерекше байланысы болғандықтан Киркуктағы оқиғаларға алаңдап қарайды.  Киркукта демографиялық құрылымды өзгертуге бағытталған бастамалар қауіпті саясат болатын.  Киркукта референдум өткізілуі болса  осы тарихи қалада этникалық келіспеушілік пен қақтығыстарды туғызуы мүмкін.  Осы саясат Ирак күрд автономдық аймағы мен заңдылығына тек зиянын тигізеді.

Қаншама ескертуге қарамастан Ирак күрд аймақтық әкімшілігі басшылары референдум өткіземіз деп көнбеді.  Осы шешімнің теріс әсерлері қазірден-ақ ортада.  Бұдан кейін басылатын жалғыз қадам референдумды жарамсыз деп жариялап,  келіссөз үстеліне Бағдатпен Ирактың территория тұтастығы мен саяси егемендігі шеңберінде талқылау үшін қайта оралу болмақ. Бұл Эрбиль үшін қиын таңдау болуы мүмкін.  Бірақ Ирак күрд автономиясын шеттетілген,  әлсіз қылатын бір саясатты жалғастырғаннан жақсы.

 



Ұқсас жаңалықтар