Исламда «үш ай» дегенде Режеп, Шабан және Рамазан айларын айтады

Дін және ахлак – 32

787636
Исламда «үш ай» дегенде Режеп, Шабан және Рамазан айларын айтады

                                         

Исламда «үш ай» дегенде Режеп, Шабан және Рамазан айларын айтады. Хижра жыл санауы бойынша бірінен соң бірі келетін бұл айлар рухани тұрғыдан  берекетті айлар саналады. Бұл айларда мұсылмандар рухани жақтан бірқатар жаңалықтарды басынан өткізеді. Осы айларда жүзеге асырған ең белгілі ғибадат «ораза». Пайғамбарамыз Режеп айы мен Шабан айларының белгілі күндерінде өзі ораза ұстаған, сондай-ақ бізге де ораза ұстауды насихаттаған. Режеп айына жеткен  пайғамбарымыз: «Алла Тағалам, Режеп пен Шабанды бізге тарту ет. Бізді Рамазанға жеткіз» деп дұға қылған.  Режеп пен Шабан айлары Рамазан айына дайындық ерекшелігінде. Әсіресе ораза ұстау ғибадаты үшін жаттығу сияқты. Пайғамбарымыз «Режеп айы Алланың, Шабан айы менің, Рамазан айы болса үмбетімнің айы болып табылады» деп бұйырып, осы үш айдың маңызын атап өтеді. Режеп тағзым мен құрмет деген маңыздылығын білдіреді. Ислам дінінен бұрын да арабтар режеп айына өте көңіл бөлген болатын. Көңіл бөлгені соншалықты режеп айына кіргенде қылыштарды қынына қояды, оқтарын садақтың дорбасына салады, сондай-ақ тыныш ортаның орнауы үшін дұшпандықтарды ұмытады. Деректерде жазылғандай, әкесін өлтірген кісіге кездескенін өзінде ешкім басын көтеріп қарамайды. Сондықтан үлкен тыныштық пен бейғам орнатылған осы айға «саңырау айы» деп те айтатын.

Сонымен қатар бұл екі айдың ішінде кейбір өте маңызды қасиетті күн мен кештер де бар. Сол күндер мен кештерде әсіресе рух және денемен бірге сезгір болуымызды насихаттайды. Режеп айындағы «регаип» кеші «таңдалған нәрсе», «үлкен тарту» деген мағынаны білдіреді. Кейбір деректерге қарағанда, Пайғамбарамыздың шешесінің оған жүкті болған кешті  түсіндіруде. Тағы да Режеп айындағы «мираж» кеші Пайғамбарымыздың аспанға көтерілгенін баяндауда. Баршаға аян пайғамбарамыз «көзімнің нұры» деп бағалаған намаз ғибадатын бес уақыт ретінде осы кеште  кылуды парыз қылған. Шабан айындағы «берат» кеші күнәлардан тазаруды және құтылуды түсіндіреді. Пайғамбарамыздың әсіресе осы кеште қылуды насихаттаған дұғалары бар.  Олардың бірі мынадай «Алла Тағалам, сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр!». Пайғамбарымыз берат кешінің Алланың рақымдылығы мен мейірімділігінің ең мол болған уақытынын бірі екенін айтуда. Алланың рақымдылығын мына мысалдар арқылы түсіндіреді. Бір күні мешітке бір топ тұтқын әкелінеді. Осы кезде бір әйел жанталасып бір нәрсені іздей бастайды. Тұқындардың ішіндегі әрбір баланың басынан сипалап, иіскелеп одан кейін қадағалап қарайды. Ең соңында өз баласын табады. Оны барлық ынтасымен сүйеді, аймалайды, иіскелейді, құшағына алады. Пайғамбарымыз осы көрініске сай маңындағыларға әйелді көрсетіп, оның баласын тозаққа лақтырып, лақтырмайтынын сұрайды. Маңындағылар бірауыздан лақтырмайтындарын айтады. Осы сәтте пайғамбарымыз Алланың құлдарына қарата рақымдылығы мен мейірімділігінің осы әйелден тіпті көп болғанын, сондай-ақ құлдарын тозаққа лақтырғысы келмегенін атап өтеді. Рамазан айының мың айдан тіпті де қайырлы екенін баяндаған «қадір» кеші болса Құран Кәрімнің түсіріле бастаған кеші ретінде баяндалуда. Жоғарыда атаған кештердің тек «қадір» кеші ғана өте маңызды кеш ретінде Құран Кәрімде аталуда. Тіпті барлық сүренің аты Қадір болып табылады. Әрине басқа барлық кештің тамаша әдет және керемет ғибадат арқылы өткізілуін пайғамбарамыз насихаттағанын білеміз. Ең маңыздысы осы арқылы рухани өміріміздің тіпті де керемет болуы. Бұл кештер-адамдардың жамағат ретінде  жасаған ғибадаттарынан тіпті көп ләзат алуын қамтамасыз етуі, әлеуметтік қоғамға қомақы үлес қосуы және жәрдемдесуге дәнекер болуы тұрғысынан өте маңызды кештер болып табылады.

Бұл кештерді халықтар «канділ» дейді. Канділ жарық қылатын, сәуле төгетін бір жабдық. Яғни ішінде майы мен білтесі бар бір шырақ түрі. Канділдің тарихы өте көне. Түркілер электр болмаған кездеңдерде кең көлемді түрде канділ қолданған болатын. Әсіресе жарық қылу жабдығы ретінде қабірстандарда және ғибадатханаларда шырақ жағып, осыған символдық бір мағына қосылған. Осы тұрғыдан алғанда канділ «өмір»ді  бейнелейді. Канділ майының таусылып сөнуі болса «өлім»ді білдіреді. Ежелгі дәуірде түркілер канділді діни кештердегі ғибадатпен бірге әр түрлі іс-шараларда да қолданған.

Бұл үш ай  мұсылмандар үшін өмірдің мағынасын түсінуі және тіршілікте қандай нәрселерді алға қойғандарын, қандай нәрселерді артқа тастағандарын айқындайтын бір орай. Осы айқындаудың нәтижесінде кейбір нәрселерге тәубе қылады. Үміттерін жаңалайды. Алланың рақымдылығының арқасында ең жоғарғы мәртебеге жетеді. Жылдың қалған уақыттары үшін рухани ырыс жинайды. Рухани сезімдердің жалғасы үшін дұға қылады. Құран Кәрімді басынан бастап алғаш рет оқығандай қайтадан оқып шығады. Үш ай бойынша рухани тұрғыдан қайтадан жандануға мүмкіндік жаратады. Балаларға, жас өспірім ұрпақтарға осы рухани байлық пен діни сезгірліктердің үйретілуін нысана етеді. Ұлттық және рухани құндылықтарды қайтадан күн тәртіпке әкеледі. Тамаша ғұрып-әдеттерді жандандырады. Жабық тұрған есіктер ашылады. Жетім-жесірлер, кедей-кепшіктер және  сүйіспеншілікке мұқтаж болғандарды қуантады. Қорыта айтқанда, осы үш ай мұсылмандардың үлкен қуаныш күні.



Ұқсас жаңалықтар