АҚШ демократиясы неге өлтіреді?

Ердал Шимшектің мақаласы

АҚШ демократиясы неге өлтіреді?

Америка Құрама Штаттары 1991 жылдан бері Таяу Шығыс және кейбір Африка елдеріне демократия таратуға тырысуда.

Америка Құрама Штаттарының демократия импортынан екі көп несібе алған Сомали, Ауғанстан, Ирак және Сирия болды.

Америка демократия апарған елдерде шамамен 5 миллион жазықсыз адам өлгені болжалып отыр.

Құрама Штаттар осы елдерге демократия апармастан бұрын азаматтық соғыс немесе бауырласты бауырластың өлтіруі секілді оқиғалар жоқтың қасы болатын.  Ауғанстандағы Талибан мен Моджахит үкімет қақтығысы болса бауырластар арасындағы соғыс емес,  толығымен саяси келіспеушілік еді.

Сомали хаостан құртылуға тырысып еді. Иракта бір жүйе болатын.  Саддамның ядролықты былай тастайық,  химиялық қаруы да жоқ еді. Ал АҚШ осы сылтаулармен Иракты басып алды.  Басқыншылықтан неше жылдан кейін осы Америка әскери ақпарат көздері Иракта ядролық қару жоқ деп мойындады.

АҚШ өзінің ортағы террор ұйымы YPG арқылы Сирияға да демократия апаруға тырысуда. Америка Құрама Штаттары демократия апарғысы келген Сирияға көз жүгіртейік.

Жақында әлеуметтік желіде бір минут 17 секундтық бір видео жарияланды.  Видео Сирияның солтүстігінде бір жерде түсірілген.  Қираған бір ғимараттың ішінде қолына артына қайырылып байланған бір жігіт барлық күшін жинап, күлімсіреуге тырысады.  Күрд тілінде былай дейді: «Мені өлтірмеңдерші»

Өмір мен өлімнің ортасындағы қиын сәттегі осы күрд жігіт өте жұмсақ және мейірімді даусымен күлімсіреп,  қолында қару бар террористтерден өзін өлтірмеулерін сұрап тұр. Яғни алдағы болашағының қолынан тартып алынбауын жылы шырайлы жүзімен сұрайды. Осындай жағдайда негізінде даусынан жалбарыну мен жан айқайы естілуі керек еді.

Экранда қолында қару мен АҚШ одақтасы YPG террор ұйымының нышаны бар екі кісінің толықтау келгені күрд тілінде ашуланып мына жауапты береді: «Бұйрыққа бағынбадың. Соғысымызға қосылмадың. Осылайша күрд халқына опасыздық қылдың. Опасыздықтың жазасы өлім». Осыны айтқаннан кейін шүріппеге басады.  Артынан АҚШ одақтасы екінші террорист те шүріппесіне басады.

Алдындағы болашақ жылдарын қайтаруын сұраған күрд жігіт қолы артына байлаулы күйінде бетін оқтан айналдырмастан, күлімсіреген күйі ажалмен қауышты.

Америка Құрама Штаттарының одақтасы террор ұйымы YPG өзіне бағынбаған күрдтерді ел-жұртынан қуып, айдауға жібереді.  Ел-жұртын тастап кетпеген немесе тастап кете алмағандарды да жоғарыдағы 20 жасар жігіт сияқты атып өлтіреді.

Аталмыш видеоны бірнеше рет қарадым.  Соғыс пен террор саласындағы журналистиканың ең ауыр жағы – басқа адамдардың өлімін көруге мәжбүр болуыңыз.

Журналистикадағы 27 жылғы тәжірибемде өмірге осылайша ғашық тағы екі өлімге куә болған едім. Бірі 1994 жылы Боснияда серб террористтердің бір әйелді балаларының көзі алдында өлтіруі. Екіншісіне 1999 жылдың аяғында басталған Шешен-орыс соғысында куәгер болдым. Шешенстанның бас қаласы Грозныйда құшағында баласын көтерген бір шешен әйелді орыс әскерлері өлтіргенде көрдім. Оның оқтар кеудесіне кіріп бара жатқан кезде көзінің ішінің күлімсірегенін байқадым. Бір өмірден де ұзын және ауыр екі немесе үш секунд болатын.

Бүгінгі таңда АҚШ-тың ортағы болған террор ұйымы YPG күштеп көшірген күрд азаматтар санының 700 мыңнан асқаны болжалып отыр. Күрдтер үшін күрескенін алға тартқан YPG және PYD барлығы 1 миллион шақты Сирия күрдтерінің 700 мыңын айдауға жіберіп отыр.

Ал осы террор ұйымдарынан қашқан күрдтер қай елді пана қылады? Білесіздер ме?

Еуропа Одағына мүше батыс елдері «күрд азаматтарына қысым жасап отыр» деп айыптаған Түркияны паналап отыр.

Террор ұйымының қысымынан қашып, Түркияға келген күрд босқындардың санының да 500 мың шақты екені айтылады.  Түркия өзін паналап келгендердің этникалық тегін тергемегендіктен осы санның нақты қанша екенін білу мүмкін емес. Алайда Ирактың солтүстігінде Барзани билігін паналаған күрд босқын саны 70 мың шақты деп жарияланды. Бұл жағдайда қалған күрдтердің Түркияны паналағаны түсінікті болады.

Сирияда күрдтердің ешқашан азаматтық куәліктері болмады. Түркия Республикасы президенті Ердоған премьер-министр кезінде Асадқа қысым жасағаннан кейін ғана сириялық күрдтер тарихта бірінші рет азаматтық куәлік алып, құқықтарына ие бола бастады.

Ердоғаннан бұрын Сирия күрдтері мыңдаған жылдық жерлерінде «босқын» мәртебесінде болатын.

Сириядан террорлық ұйымдардың зұлымдығынан қашқан күрдтердің Түркияның барлық жерінде еркін тұрып жатқанын білесіз бе? Сонымен бірге өздері қалаған барлық салада жұмыс істеп, тіпті өз бизнестерін ашуда.

Сириядағы демократиялық және азаматтық күрд оппозиция ұйымдарының барлығының орталық кеңселері Түркияның бас қаласы Анкарада және Стамбул қаласында орналасқан. Күрд оппозиционерлер Еуропа Одағына мүше елдерде өмір сүру мүмкіндігіне ие емес. Еуропалық полициялардың көздері алдында террор ұйымдарының шабуылдарына душар болуда.

Сондықтан қайтадан Түркияға бас сауғалап келеді.

Осылардың барлығына назар салып қарағанда еске мына сұрақ келеді: «Америка демократиясы неге өлтіреді?»



Ұқсас жаңалықтар