Қырғызстан Республикасында президенттік сайлау үшін 38 үміткер өтініш берді

Түрік әлемінен жаңалықтар-31

Қырғызстан Республикасында президенттік сайлау үшін 38 үміткер өтініш берді

 

Түрік әлемінде болған жаңалықтардан хабардар болу және бауырлас елдер арасындағы жақындыққа үлес қосу мақсатымен дайындалған «Түрік әлемінен жаңалықтар» атты бағдарламаның кезекті бөлімін сіздерге ұсынамыз.

Жаңалығымызды Қырғызстанмен бастайық.

Қырғызстан Республикасында президенттік сайлау үшін 38 үміткер өтініш берді.

Қырғызстанда 15 қазан күні болатын президенттік сайлау үшін қазірге дейін 38 адам кандидаттыққа үміткер екенін білдірді.

Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының мәлімдемесінде 15 қазан күні болатын сайлау үшін 38 кандидаттыққа үміткердің ресми өтінішінің қабылданғаны айтылды.  38 кандидаттың сегізі – саяси партия басшысы.

Өтініші қабылданғандар сайлау заңына орай осыдан кейінгі процесте өздеріне қолдау беретін 30 мың қолтаңбаны жинауы, 14 мың доллар ақша төлеуі және қырғыз тілі емтиханынан өтуі керек.

Президенттікке өтініш қабылдау 1 тамыз күні аяқталады. Сайлау науқаны 15 қазан күніне дейін жалғасады.

Қырғызстанмен байланысты тағы бір жаңалығымыз бар.

Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА Қырғызстанның Юсуф Баласағұни Университетінде Түрік мәдениет орталығында жұмыс атқаратын білім беру орталығы құрылды. Орталыққа Нобель сыйлығының иегері профессор Азиз Санжардың аты берілді.

Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА тарапынан жасалған мәлімдемеге қарағанда орталықтың ашылу рәсіміне Түркияның Бішкектегі өкілетті және төтенше елшісі Метин Кылыч, ТИКА Бішкек бағдарламасына жауапты басшысы Еврен Рутбил, Юсуф Баласағұни Университеті ректоры Қанат Садыков және көптеген журналист қатысты.

Орталықтың ашылуы рәсімінде сөз сөйлеген елші Кылыч Санжардың Шыңғыс Айтматов сынды түркі әлемінің ортақ тұлғасы екенін баяндап, Азиз Санжардың тек Түркияның ғана емес, сонымен қатар Қырғызстанның да мақтанышы екенін айтып, мәдениет орталығына оның атының берілгенін білдірді.

Юсуф Баласағұни Университеті ректоры Қанат Садыков Түркияның Қырғызстанға жасаған көмектеріне орай алғыс айтып, орталықтың Қырғызстанда тұңғыш екенін және орталықтың пайдалы болатынын атап өтті.

Ашылу рәсімінен кейін Түркиямен телеконференция байланысы Юсуф Баласағұни Университетімен білім беру саласында ынтымақтастық жасаған Сакария Университетімен құрылды.

Юсуф Баласағұни Университеті студенттері Сакария Университеті түрік тілі және әлеуметтік ғылымдары бөлімі мұғалімі Мұстафа Алтунға түрік өлеңдерін оқып берді.

ТИКА 2016 жылы Юсуф Баласағұни Университетінің физика, химия және лабораториясына техникалық жабдықтар жағынан көмектескен еді.

Бағдарламамызды ТҮРІКСОЙ-дың мәдени іс-шараларымен аяқтаймыз.

Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы ТҮРІRСОЙ Жастар Камеро оркестрі шаңырағында бас қосқан түрік әлемінің жас музыканттары Балқан гастроліне шықты.

Оркестр Түркияның астанасы Анкарада бас қосып, 10 күн бойынша жұмыс істеді. Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Башқұртстан және Татарстанның жас өнерпаздары Балкан гастрол аясында алғашқы концертін Македонияның Скопье қаласында берді. Қазақстандық дирижер Анвар Акбаров және Әзірбайжандық дирижер Мұстафа Мехмандаров басшылығында жас оркестр әлемге танымал сазгерлердің классикалық шығармаларын майын тамызын орындап берді.  Артынан Жастар оркестрі түрік әлемінің майталман сазгерлерінің ұлттық мәдениетпен нәр алған шығармаларын классикалық стильде орындап шықты.

Концертке Скопье елшісі Түлин Еркал Кара, ТҮРІКСОЙ бас директоры Дүйсен Қасейінов, Әзірбайжанның Анкарада міндет атқарған Скопье елшісі Фаиг Багиров, түрік азаматтық ұйымдарының өкілдері мен көптеген азамат қатысты.

Түркітілдес халықтардың музыка әлеуетін ғаламдық классикалық музыка тілімен әлемге таныстыруды мақсат еткен осы оркестр сонымен бірге түрік мәдениеті мен түрік классикалық шығармаларын да таныстыруда.

Биыл осы оркестр Әзірбайжан, Қазақстан,  Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның тәуелсіздіктерінің 25 жылдығына орай Балқан елдеріне шығармашылық сапармен барды. Концерттерде Әзірбайжан композиторы Фикрет Амиров, Қырғызстан композиторы Сейітали Медедов, Түрікменстан композиторы Алсу Суғатуллина және Түркия композиторы Тургай Ердемнің шығармалары орын алады. Сонымен қатар концерт аясында Қазақстан музыканты Біржан Мыңбаевтің «Илигай» атты күрделі шығармасы орындалды.

Концерттің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген елші Кара Түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы ретінде қабылданған Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы ТҮРІКСОЙ-дың құрылғаннан осы таңға дейін көптеген іс-шаралар ұйымдастырғанын айтты. Елші Кара осы іс-шаралар арқылы түрік халқының бауырластығын күшейту, түрік мәдениетін әлемге тыныту ұрпақтан-ұрпаққа тамаша мұраны жалғастыру үшін еңбектенгенін айтты.

ТҮРІКСОЙ Жастар Камеро оркестрі Охри, Подгорица, Мостар, Сараево және Белградта сахнаға шығады.



Ұқсас жаңалықтар