Еуразиядағы қатынас жобалары

Түркияның осы жобаларға үлесі мен аймаққа ықпалы қандай?

Еуразиядағы қатынас жобалары

Еуразия аймағында қатынасты жеңілдету мақсатында көптеген ірі жоба бар.  Біз де бүгінгі бағдарламамызда Еуразияда қатынасты жеңілдету жобалары, Түркияның осы жобаларға үлестері мен аймаққа ықпалы туралы айтып береміз.

Ататүрік атындағы Университет Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Джемил Догач Ипектің анализін ұсынамыз.

***

    Соңғы жылдары әлемде экономикалық өсімнің салмағы батыстан шығысқа қарай ауып барады. Осы мағынада Еуразия аймағының маңызы да артуда. Еуразия аймағына бағытталған қатынас пен ынтымақтастықты нығайтуды мақсат еткен көптеген жоба жетілдірілуде.  Осы жобалар әсіресе инфрақұрылым,  энергия және қатынас желілеріне шоғырланған.  Еуропа Одағы,  АҚШ, Ресей, Қытай, Түркия сынды актерлер осы аяда өзіндік стратегия дайындауда.  Еуропа Одағы үшін болса осы жобалардың басқаша мәні де бар.  Еуропа Одағы Ресейге балама қатынас желілерін іздестіреді. Себебі Ресейге деген энергия тәуелділігін азайтуға тырысады.  Осы аяда Еуропа Одағы жаңаланатын энергияны ынталандыратын бағдарламаларды бастады.  Орталық Азия елдерімен қарым-қатынастарды дамыту үшін қадам басты.

Осы шеңберде алып қарасақ,  Жібек жолы экономикалық белдеуі мен 21-ғасыр Теңіз Жібек жолы – жаһандық деңгейдегі жобалар. Аталмыш жобалар Азия мен Еуропа нарықтарын бір бірімен байланыстыруды нысанаға алған.  Осы мақсатпен Түркия да мүше болып табылатын Жібек жолы банкы мен Азия инфрақұрылым инвестиция банкы құрылды. Осылайша аймақ елдері мен аймақта белсенді рол алғысы келетін актерлердің материалдық күшінің бір шаңырақ астында жинақталуы көзделді.

Түркия осы жобалар үшін стратегиялық бір тұғырда.  Түркия осы жобаларға деген қолдауын білдірді.  Осы бағытта өзіндік бағдарламалар жетілдірді. Осы жобалардың арасынан маңыздылары Еуразия дәлізі,  Баку-Тбилиси-Карс теміржолы магистралі, Мармарай және Жібек жолы орталық дәлізі.  Осы жобалар тек Түркия немесе Азия үшін ғана емес,  Еуропа үшін де өте зор маңызға ие.  Мысалы Баку-Тбилиси-Карс магистралі және Мармарай арқылы Қытайдан Ұлыбританияға дейін үздіксіз қатынас қамтылады.  Баку-Тбилиси-Карс жақында алғашқы жолаушы рейсін тамамдады. Магистраль халықаралық желіде бірінші рейсін қыркүйек айында жүзеге асырады.  Қазір істеп тұрған Баку-Тбилиси-Эрзурум табиғи газ құбыр желісі мен Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай желісі де Түркияның маңыздылығын көрсетеді.

 Баку-Тбилиси-Карс магистралінің басқа бір мақсаты да жаңа энергия дәлізін қалыптастыру. Әзірбайжанның мұнай өнімдері де осы желі арқылы әлем нарығына жеткізіледі.  Осыған қосымша ретінде Түркия мен Орталық Азия елдері арасындағы қазіргі қатынас та осы желіге ауысады. Баку-Тбилиси-Карс магистралі Еуразиядағы экономикалық қатынастарды нығайта түседі.  Бұл жоба тек теміржолы жобасы ғана емес.  Тарихи Жібек жолын қайтадан жаңғырту, аймақ елдерімен экономикалық,  әлеуметтік және мәдени байланыстарды нығайту жобасы.  Баку-Тбилиси-Карс магистралі арқылы Еуропа мен Түркия-Грузия-Әзірбайжан арқылы Орталық Азия және Қиыр Шығыс елдері арасында жүк және жолаушы тасымалы тұрақты жүргізіліп тұрады. Осылайша теміржолы қатынасының сенімді және арзан моделі Еуразия аймағындағы елдердің сауда айналымдарының артуына және баюына үлес қосады.

Осы жобаларға жалпылай қарағанда,  кейбір рисктер мен мүмкіндіктер бар екені көрінеді.  Ауғанстандағы тұрақсыздық, кедендегі істердің сәйкестендірілуі,  Каспий теңізінің заңды мәртебе проблемасы – рисктердің кейбірі.  Қазір аймақтағы техникалық және құқықтық инфрақұрылым толық интеграцияны көтермейді.  Түркия осы құқықтық проблемалардың шешілуі үшін 2009 жылы Бакуде кеденге байланысты ұйымдастырылған бір жиналыста «Керуенсарай жобасын» ұсынды. Осы ұсынысқа кейбір елдер жылы қарады.  Керуенсарай жобасы кеден істерін жеңілдету жұмыстарына қолдау береді.  Қазір осы жоба сынақ сатысында.       Жоғарыда аталған бастамалардың табыспен аяқталуы аймақтық дамуға үлкен үлес қосады.  Аймақ елдері экономикалық салада ынтымақтастықты жетілдіріп,  сауда айналымын арттыру мүмкіндігіне қол жеткізеді.  Ұзын мерзімде Еуропа мен Азия арасында жан-жақты экономикалық қатынастар дами түседі.

Қазіргі таңда жаһандағы жаңа оқиғалар аясында Еуразияның ғаламдық саясат пен экономикада салмағы артып келеді.  Сондықтан Еуразия елдерінің аймақтық бастамалары мен аймақтық механизмдерінің құрылуы өте маңызды.  Түркия осы аяда әрі жеңілдетуші,  әрі байланыс құрушы ролін атқарады.  Себебі Түркияның порт инфрақұрылымы мықты, теңіз жолымен қатынаста мүмкіндіктері артық. Әйтсе де әсіресе теміржолы және логистикалық желінің нығайтылуына бағытталған жобалардың жылдам тамамдалуы қажет. Түркия осы жобалардың арқасында Қытай және Ресей секілді елдермен арадағы сауда-экономикалық байланысын нығайтады. Осы жобалардың сонымен бірге Түрік әлемі үшін де маңызы зор.  Себебі Түркия Әзірбайжан, Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан сынды түркі елдерімен ықпалдастығын жоғары деңгейге жеткізеді.



Ұқсас жаңалықтар