Түркия, Германия, Еуропа: қайда барамыз?

Түркия мен Еуропа арасында сенім, өзара мүдде,  теңдік және құрметке негізделген бір қатынас құруға болады және ол қажетті.

Түркия, Германия, Еуропа: қайда барамыз?

Түркия мен Еуропа арасында сенім, өзара мүдде,  теңдік және құрметке негізделген бір қатынас құруға болады және ол қажетті.  Түріктер, немістер және еуропалықтар барша үшін қауіпті ұстанымдар және жауапкершіліксіз саясаттардан қашқақтау үшін жұмыстануы керек.

Түркияда сәуір айында болған референдумнан бірнеше ай бұрын басталған,  бірнеше айға созылған келіспеушіліктен кейін президент Ердоған Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынастарында жаңа парақ ашу үшін өткен мамыр айында Брюссельде ЕО басшыларымен кездесулер өткізді.  Ердоған айырықша екі жақты қатынастарда жаңа жол үшін Гамбургтағы Үлкен 20 саммитінде де неміс канцлері Ангела Меркельмен,  басқа да еуропалық басшылармен кездесті.  Алайда барлығы жаңа және жағымды климат қалыптасуын күтіп отырған кезде, неміс Сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль Түркияға байланысты саясатты өзгерткендерін мәлімдеді.  Бұл өзгеріс қайдан шықты? Артында не жатыр?

Жақында болған екі оқиға осы саясат өзгерісінің себебі болуы мүмкін деп айтылады. Біріншісі бір неміс азаматының Түркияда қамауға алынуы.  Екіншісі болса Түркияның қазір жалғасып жатқан Гүленші террор ұйымы тергеуі аясында Түркияда қызмет атқаратын неміс компанияларына бастаған тергеу жұмыстары.  Тіпті неміс үкіметі неміс азаматтары мен компанияларының Түркияда қауіпте екендерін алға тартып,  оларға ескерту жасауда.  Бұлардың барлығы – дәйексіз.

Неміс немесе басқа да шетел азаматтарының Түркияға келуі немесе Түркиямен бизнесіне бағытталған ешбір қауіп-қатер жоқ. Аты аталған неміс азаматының қамауға алынуы оқиғасы болса құқықтық процес. Соңғы үкімді тек сот қана береді.  Айырықша үстінен соттық іс ашылған немесе тергеуге алынған неміс компанияларынан тұратын ешбір тізім де жоқ. Қазір Түркияда 7 мың шақты неміс компаниясы жұмыс істейді. Бұлардың кейбірі шамамен бір ғасырдан бері Түркияда. 15 шілде төңкеріс әрекетінен кейін бірде бір шетелдік компания жабылған емес немесе ешбіріне тергеу ашылмады. Жабылған немесе тәркіленген компаниялар тек Фетуллахшы террор ұйымы желісінің бөлшектері.

Түріктер мен немістердің қарым-қатынастарының тамыры тереңге жетеді,  қазір ол байланыстарды үзу үшін ешбір орынды себеп жоқ. Жүз мыңдаған неміс азаматы турист ретінде, іскер ретінде Түркияға жыл сайын ешбір кедергісіз келіп кетіп жүреді.  Үш миллионнан астам түрік текті азамат Германияда тұрады.  Олардың кейбірі сол елдің азаматы,  кейбірі заңды түрде тұрып жатыр. Қай жағынан қарасаңыз да,  осы азаматтарды қауіп ретінде көру немесе қауіпте деп есептеу үшін ешбір себеп табылмайды.

Канцлер Ангела Меркель басшылығында соңғы он жылда құрылған неміс үкіметтер Түркияның Еуропа Одағына толық мүше ретінде қабылдануына қарсы екендерін айтып келеді. Алайда бұған қарамастан Түркия Германиямен түрлі деңгейде жұмыс істеуді жалғастырды. Интеграция мен ассимиляция,  мәдени плюрализм және Сирия соғысы секілді келісілмей отырған басқа да проблемалар бар.  Сонда да осы айырмашылықтарға қарамастан Германия басшылығында жүргізілген Түркия-Еуропа Одағы босқын заңы Сирия мен аймақтан Еуропаға босқын ағынын тоқтатуға жетті. Айырықша экономикалық қатынастар да осы қиын кезеңдерде өз өрісінен таймады.

Алайда 16 сәуір референдумына байланысты Германияның ұстанымы тосын сый болды.  Әділет және даму партиясына мүше саясат қайраткерлерінің, тіпті министрлердің Германияда өмір сүретін түрік сайлаушылармен бас қосуына тыйым салынуы түсініксіз болды.  «Қарсы» акция жүргізгендердің көптеген бағдарлама ұйымдастыруына рұқсат беріліп,  атазаңдық реформаны қолдаушыларға осындай еркіндік берілмеді. Неміс медиасы мен саясат қайраткерлері Түркияда бас қосу еркіндігі жоқ деп шағымданса, өздері өз елдерінде Ердоғанның түрік азаматтарымен бейбіт мақсатты жиналыс өткізуіне рұқсат бермеді.

Одан да бетері заңсыз террор ұйымы PKK-ның кейбір филиалдары тек «қарсы» акцияны қолдау үшін ғана емес, сонымен бірге PKK идеологиясы мен террорлық істерін заңды нәрсеге айналдыру үгіт-насихаттарын жүргізу үшін де митингтер,  жиналыстар ұйымдастырды.

Тіпті Түркияда сот үкімімен іздеуде жүрген Фетуллахшы террор ұйымы қылмыскерлері Германияны паналады. Осыларға сонымен бірге неміс медиасының Ердоған жөніндегі байсалды саяси анализдерден гөрі ақыл-есі кем науқастың сандырағына ұқсас мақалаларын да қосып айту керек.

Енді неміс үкіметі осы жағдайды Еуропаның басқа жерлеріне де «жұқтыратынын» айтып отыр.  Яғни Германия күшін басқа Еуропа елдерінің Түркияға қарсы қозғалуы үшін қолданады.  Бұл шыныменен орынды саясат па? Осы ақылға жатпайтын істен тек Түркия ғана зиян көреді деп ойлай ма? Германия  НАТО одақтасы және Еуропа Одағына үміткер Түркияға қарсы жау PKK, FETÖ және басқа да топтар жөніндегі Түркияның заңды қауіпсіздік уайымдарын қашанға дейін көрмей отырады? Германия немесе басқа бір ел егер Түркия Германияға қарсы аяусыз шабуыл жасаған, Германияға жау бір кісі немесе ұйымға рұқсат берсе,  не жауап берер еді?

Мына жайт ашық: Қыркүйекте болатын Германиядағы сайлаудың осы оқиғаларға жақыннан қатысы бар. Түркияға қарсы популизм өзімен бірге қошамет, ықылас және дауыс әкеледі. Тіпті кейбірі Ердоған мен Түркияны өз ішкі мәселелерінің бағытын өзгерту үшін қолданып, алыстағы «қияли» жау ретінде қабылдайды.  Еуропадағы кейбір саяси орталар айнаға қарау және өздерімен есептесудің орнына Түркияны проблема ретінде қолданады. Түрік имиджін бұрмалап,  «варвар» ретінде көрсетеді.  Осылайша өздерін жақсы сезінеді және артып отырған шетел дұшпандығы, жұмыссыздық,  теңсіздік, отбасы ішінде қүш қолдану, нәсілшілдік және Еуропаның әлсіреуі секілді шын проблемалардан қашқақтайды.

Бірақ мына қарапайым шындықты білуіміз керек: Түркияны жауға айналдыру Еуропадағы саяси оппортунистер және асыра оңшыл нәсілшілдерге қарсы қысқа мерзімді пайда келтіруі мүмкін.  Алайда бұл жағдай не Еуропаның өз мәселелерін шешпейді, не болмаса болашақ үшін саяси және ахлақтық жол картасын дайындамайды.  Тек бір жақта Түркия мен Еуропа және басқа бір жақта Ислами және батыстық топтар арасындағы қатынастарға у шашатын сенімсіздік сезімін тереңдетеді.

Теңсіздік,  әділетсіздік,  терроризм,  жатқа айналу және сенімсіздік секілді шешімі жаһандық серіктестік пен түсіністік қажет ететін ғаламдық проблемалар көбейген осы таңда осындай ұстанымға қарсы шығу керек. 

Түркия мен Еуропа арасында сенім, өзара мүдде,  теңдік және құрметке негізделген бір қатынас құруға болады және ол қажетті.  Түріктер, немістер және еуропалықтар барша үшін қауіпті ұстанымдар және жауапкершіліксіз саясаттардан қашқақтау үшін жұмыстануы керек.



Ұқсас жаңалықтар