Сыртқы істер министрлері 4-ші үштік жиналысы Бакуде өтті

Түрік әлемінен жаңалықтар-30

Сыртқы істер министрлері 4-ші үштік жиналысы Бакуде өтті

 

Жаңалығымызды Әзірбайжаннан келген бір хабармен бастайық.

Түркия-Әзірбайжан-Түрікменстан Сыртқы істер министрлері 4-ші үштік жиналысы Бакуде өтті.

Жиналыс аясында Түркия Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ, Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Элмар Меммедияров және Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов екі жақты кездесуден кейін үштік жиналыста бас қосты. Министрлер жиналыстан кейін ортақ хаттамаға қол қойды.

Жиналыстан кейін ұйымдастырылған ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Чавушоғлұ үштік жиналыста әрі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды, әрі аймақтық мәселелерді қолға алғандарын және Түркия-Әзірбайжан-Түрікменстан арасындағы қарым-қатынастарды қалай күшейтетіні жөнінде пікір алмасқандарын білдірді.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлұ Таулы Қарабах мәселесінің халықаралық құқық принциптері, Әзірбайжанның егемендігі және территория тұтастығы аясында тезірек шешілуі керектігін білдіріп, «Бұл тақырыпта халықаралық бұқаралық пікір және Минск тобын тіпті белсенді болуға шақырамыз» деді.

«Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық жобада Түркия, Әзірбайжан,, Түрікменстан және Грузияның маңыздылығына назар аударған Чавушоғлұ қоныстанған геосаяси орындарын жақсы пайдалана отырып, осы жобада белсенді рөл атқаратындарын баяндады.

Чавушоғлұ «Энергия арқылы ынтымақтастығымызды одан әрі күшейтуіміз керек. Әрине, маңызды шешімдер саммиттерде жасалады. Биыл бауырлас ел Түрікменстанның үй иелігінде Үштік мемлекет басшылары саммиті өткізіледі. Бұл саммиттің нәтижелі бір саммит болатыны жөнінде бірдей көзқарастамыз. Осы саммитте келісімдер жасалады» деді.

Әзірбайжан Сыртқы істер министрі Элмар Меммедияров та Әзірбайжан табиғи газын Еуропаға тасымалдайтын Оңтүстік газ коридоры жобасының келесі жылы жұмысқа қосылатынын, Түрікменстанның да осы жобамен тікелей байланысты екенін атап өтті.

Меммедияров «Жобаның бір бөлімі TANAP 2018 жылы тамамдалады. Келесі жылы Түркияға 6  миллиард текшеметр табиғи газ жібереміз. Одан кейінгі жылы 10 миллиард текшеметр табиғи газ Италия нарығына жеткізіледі» деген сөздер қолданды.

Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов болса Әзірбайжан және Түркиямен саяси, экономика, энергия саласындағы байланыстарды дамытқысы келгендерін білдірді.

Жиналыс аяғында үш министр хаттамаға қол қойды. Ортақ хаттамада мемлекеттерінің тәуелсіздігі мен территория тұтастығының маңыздылығына, қақтығыстардың халықаралық құқық принциптері аясында шешілуі керектігіне, Түркия-Әзірбайжан-Түрікменстан үштігінің халықаралық ұйымдарда ортақ әрекет жасауының маңыздылығына назар аударылды.

Ендігі жаңалығымыз мәдениет жайлы.

Түркия Республикасының Бурса қаласында өткен 31-ші Халықаралық «Алтын Қаракөз» фольклорлық би байқауында оңтүстік қазақстандық «Қазына» би ансамблі бірінші орынды иеленді.

Бурса мәдениет, көркемөнер және туризм қоры тарапынан «56-шы Халықаралық Бурса Жәрмеңкесі» аясында ұйымдастырылған би байқауы 07-12 шілде күндері аралығында Түркияның Бурса қаласында өтті.

«Алтын Қаракөз» аталатын Халықаралық өнер сайыпқырандарының дүбірлі додасы тарихында Қазақстанның бишілері алғаш рет жүлделі орыннан көрінді. Байқауға Қазақстан Республикасымен қатар, Әзірбайжан, Чили, Косово, Черногория, Грузия, Беларусь, Аргентина, Албания, Македония, Қырғызстан, Филиппин, Қытай, Босния және Герцеговина, Кипр, Молдова, Башқұртстан, Үндістан, Румыния, Татарстан және Болгария сынды 21 мемлекеттен би ұжымдары қатысып, өз ептіліктері мен мықтылықтарын танытқанын айта кеткен жөн.

Ұлы өнер би қимылымен тілсіз өнер байлығын паш еткен әр елдің дарабоз бишілері ішінен көшбасшы орынды қазақстандық «Қазына» би ансамбліне берсе, екінші орынға Молдова мемлекетінің өнерпаздары лайық деп танылып, «Күміс Қаракөз» жүлдесі бұйырды. «Қола Қаракөз» аталымына ие болған Грузияның би ұжымы үшінші орынның жүлдесін өз еліне арқалай қайтты.

Орталық Азиядан бір жаңалығымыз бар. Қырғызстан азаматтары Қазақстанда тіркеусіз 30 күн қала алады.

Өткен жылы 15 шілде күні Қырғызстан және Қазақстан үкіметтер арасында осы елдердің азаматтарының екі ел шекарасы ішінде қалу мерзімін белгілеген келіссөз атқарылатын болды. Жаңа толықтырулар қазақстандықтар мен қырғыз азаматтарына қос республиканың аумағында тіркеусіз 30 күн жүруге мүмкіндік береді.

30 күннен тағы да ұзақ мерзім қалғысы келген Қырғызстан азаматтары Қазақстан Ішкі істер министрлігіне тіркеледі. Мұндай қағидалар Қырғызстанға барғысы келген Қазақстан азаматтары үшін де күшіне ие.

 

Бағдарламамызды Өзбекстанмен аяқтаймыз.

Өзбекстан үкіметі осы  жылдың басынан қазірге дейін халықаралық қаржы ұйымдарымен 1 миллиард 24 миллион долларлық несие келісім жасады.

Өзбекстан Қаржы министрлігінен жасалған мәлімдемеде үкіметтің осы жылдың сәуір және маусым айларында жиыны 470,2 миллион долларлық жобаның жүзеге асырылу аясында 413 миллион долларлық 4 несие келісіміне қол қойғаны білдірілді.

Мәлімдемеде осы жылдың қаңтар және наурыз айларында жиыны 611,4 миллион долларлық несие келісіміне қол қойғанын еске салды. Мәлімдемеде сонымен қатар үкіметтің мемлекетте жүзеге асырылатын 10 жоба үшін осы жылдың басынан қазірге дейін халықаралық қаржы ұйымдарымен 1 миллиард 24 миллион долларлық несие келісім жасағанына орын берілген.

 



Ұқсас жаңалықтар