Қазақстанның  ЭКСПО 2017-ге  ТРТ де үлес қосуда

Түрік әлемінен жаңалықтар-29

Қазақстанның  ЭКСПО 2017-ге  ТРТ де үлес қосуда

 

 

 

Жаңалығымызды Қазақстан-мен бастайық.

Қазақстанның  ЭКСПО-ны өткізу құрметіне орай Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен екі үлкен шара  ұйымдастырды. Алғашқы шара - «Ұмытсам сыбырла» атты кино туынды Астанадағы Керуен Кинопарк залында 17 маусымда  көрерменге ұсынылған. Астаналықтар мен қала қонақтарына екінші сый -  «Қазақстан -Түркия достық әуендері-2» атты концерт.  Еске сала кетсек, дәл осы тақырыппен 2016 жылғы 26 қазанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концертті қала халқы үлкен қошеметпен тамашалаған болатын. Концертте Түркияның Мәдениет және туризм министрлігіне қарасты «Түркі әлемі музыкалық ансамблі» және Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармония» оркестрінің сүйемелдеуімен әндер шырқалып,  күйлер тартылды.  Қос оркестрдің тізгіні Австрияда білім алған дирижер, «Алтын таяқша» дирижерлер байқауында Гран-при жүлдесін олжалаған Ернар Нұртазинде болды.  Күміс көмей әншілер Чидем Гүрдал мен Джем Гүрдал қазақтың танымал «Дударай», «Қарлығаш»  сияқты әндерін қос оркестрдің сүйемелдеуімен шырқады. 

20 шілдеде болатын концертте  көрермендерге арнайы лотерея таратылып,  Түрік әуе жолдары «Turkish Air» тарапынан берілетін Ыстанбұлға барып қайту билеттері ойнатылды.

Қазақстанның  ЭКСПО 2017 Дүниежүзілік көрмесі үшін арнайы ұйымдастырылған концертке тек түрік өнерпаздары ғана емес, Қазақстанда жұмыс істеген KazStroyPodryad сынды түрік фирмалары мен Түркия Радио Теледидар Мекемесі  ТРТ де демеуші ретінде қолдау көрсетуде. ТРТ өткен апталарда ЭКСПО-ға арнайы түрде Астанада ұйымдастырылған «Қазақстан Барысы-2017» турнирін тікелей эфирде жариялады.

Ендігі хабарымыз Қырғызстан  жайлы.

Чехия компаниясы Қырғызстанда су электр станциясын салады.

Қырғызстан үкіметі мен Чехияның Liglass Trading компаниясы арасында шағын су электр станцияларын салу туралы келісімге қол қойылды. Қырғызстан Президенттік баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеде өнеркәсіп, энергетика және ресурстарды басқару жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Дуйшенбек Зилалиев пен Чехияның Liglass Trading компаниясы бас директоры Михаил Смелик астана Бішкекте энергия ынтымақтастығы келісіміне қол қойғанын білдірді.

Қол қою салтанатына Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев қатысты. Келісімге сәйкес, чех компаниясы Жоғарғы Нарын сарқырамасындағы Ақбұлақ және Нарын су электр станцияларын, сонымен бірге он шағын ГЭС салып, оларды іске қоспақ. Чехияның Liglass Trading компаниясы Жоғарғы Нарын сарқырамасында және басқа да жерлерде 10 шағын су электр станцияларын салады. Келісім аясында 2019 жылы 30 желтоқсан күніне дейін 7 гидро электр станция, 2020 жылының аяғына дейін  3  шағын су электр станциясын салады.

Аталмыш жобаның салынуы үшін жиыны 230 миллион доллар ақша жұмсалады. Чехия инвестиция компаниясы бұдан бұрын осы жобаны мойнына алған, бірақ та тамамдай алмаған орыс "Жоғарғы Нарын су электр станциясы" компаниясының жарғылық капиталына 37 миллион доллар құяды.  Бұл қаражат мекеменің 50 пайыз акциясы көлеміндегі Ресейге тиесілі үлесін чех компаниясына аудару үшін керек.

Бағдарламамызды Өзбекстанмен  аяқтаймыз.Өзбекстанның жалпы ұлттық кіріс деңгейі 67 миллиард доллар болды.

2016 жылғы рапорт бойынша Өзбекстанның жалпы ұлттық кірісі 67 миллиард доллар болды.

Әлем Банкі тарапынан жарияланған көрсеткіштерге қарағанда Өзбекстанның таза ұлттық кірісі 67 миллиард доллар болды және мемлекет экономикалық күш ретінде 195 ел ішінде әлемде 71-ші орынды иеледі.

2016 жылының аяғында Өзбекстанның адам басына шаққандағы ұлттық кірісі 2,2 доллармен әлем мемлекеттер ішінде 159-шы болды.

Өзбекстан жас еңбек күші және бай табиғи қайнарларына қарамастан әлемнің ең кедей елдерінің бірі ретінде қаралуда. Бұның басты себебі ретінде барлық экономиканы бақылау астына алған және жеке іскерлерге кедергі жасаған диктор режимнің қысымы және Өзбекстанның географиялық түрде жабық болуынан туындауда.  

 



Ұқсас жаңалықтар