ТҮРІКСОЙ Бас директоры Дүйсен Қасейінов маңызды мәлімдеме жасады

Түрік әлемінен жаңалықтар-28

ТҮРІКСОЙ Бас директоры Дүйсен Қасейінов маңызды мәлімдеме жасады

 

Жаңалығымызды ТҮРІКСОЙ-мен бастайық.

Түркітілдес елдердің мәдениеті мен өнерін бірлестіріп дамыту ұйымы ТҮРІКСОЙ Бас директоры Дүйсен Қасейінов келесі жылы 25 жылдық мерейтойды құттықтайтын ТҮРІКСОЙ-дың түркі әлемін болашақ ұрпақтарға жеткізу үшін әдебиет, көркемөнер және дипломатия салаларында көптеген үлес қосқанын айтты.

ТҮРІКСОЙ Бас хатшылығы ғимаратында ұйымдастырылған Медаль тапсыру рәсімі және «Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани жаңғыру бағдарламасы және түрік ғалымдарының міндеттері» атты конференцияға Анкарада міндет атқарған көптеген шетелдік миссия өкілдері, дипломаттар, ғалымдар және журналисттер қатысты.

Бас хатшы Қасейінов рәсімдегі баяндамасында Әзірбайжан, Қазақстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанның өткен жылы тәуелсіздігінің, биыл да дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығын тойлағандарына назар аударды.

Мемлекеттер үшін ұзын саналмаған осы 25 жылдық мезгілде Түркі әлемінің жарқын болашағы үшін маңызды қадамдар басылғанын жеткізген Қасейінов «Түркі әлемі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың күшейтілуіне барша бөлек-бөлек және ұйым ретінде маңызды үлес қосты» деді.

ТҮРІКСОЙ-ға жасаған қолдауларына орай Түркітілдес республикаларына алғыс айтқан Қасейінов «Бұл қолдаулар түркі әлемі географиясындағы барша ғалымдарымыздың арасындағы достық пен бауырластық байланыстың құрылуына дәнекер болды» деген сөздер қолданды.

Қазақстан өкілетті және төтенше елшісі Абзал Сапарбекұлы да ТҮРІКСОЙ ұйымдастырған медаль рәсімі және конференцияның аймақ елдері үшін үлкен маңызға ие екенін айтты.

Сапарбекұлы ТҮРІКСОЙ-дың мәдениет саласында жасаған еңбектері арқылы Түркі әлемінде ғана емес, барша әлемде әйгілі бір халықаралық ұйымға айналғанын түсіндірді.

Гази университеті түрік тілі және әдебиеті факультетінен зейнеткер болған профессор Ахмет Бижан Ержисалун Нұрсұлтан Назарбаевтың наурыз айында ортаға қойған рухани жаңғыру бағдарламасының Қазақстан мемлекеттік ұғымының күшейтілуі тұрғысынан өте маңызды екенін атап өтті.

Назарбаевтың қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі-саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алғанына назар аударған Ержиласун «Назарбаев  рухани жаңғырту бағдарламасын ортаға қойды. Елбасы ұлттық сананы жаңартып, рухани жаңғырудың қыр-сырын тізбектеп көрсетті. Тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын айқындап берді» деді.

Баяндамалардан кейін Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жоғарғы құрылымы төрағасы профессор Дерия Өрс, Түрік тарих қоғамы төрағасы профессор Рефик Туран және Түркі әлемі зерттеу қоры төрағасы Көзхан Язған қатарлы бірқатар ғалым мен азаматтық ұйым өкілдеріне медаль табыс етілді.

Ендігі хабарымыз Өзбекстан жайлы. Түрік дәрігерлері Өзбекстанда 70-тен астам өзбек науқасқа операция жасайды.

«Өзбекстан-Түркия денсаулық аптасы» іс-шаралары аясында Өзбекстанға келген түрік дәрігерлері 70-тен астам өзбек науқасқа жүрек-тамыр, нейрохирургия, урология және әйел науқастары сынды салаларда операция жасайды.

Түркия және Өзбекстан денсаулық министрлері, Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА-ның қолдауымен Ташкентте «4-ші Өзбекстан-Түркия денсаулық аптасы» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Денсаулық министрлігі Сыртқы қарым-қатынастар және Еуропа Одағы басқармасы халықаралық денсаулық сақтау бөлімшесі басшысы Селами Кылыч Ташкент балалар ауруханасында ұйымдастырылған рәсімде сөз сөйледі.

1991 жылы Өзбекстан тәуелсіздігін тұңғыш таныған елдің Түркия екенін еске салған Кылыч Түркияның бауырлас Өзбекстанмен әр саладағы қарым-қатынастарды күшейтуге қатты көңіл бөлгенін, түрік және өзбек халықтары арасындағы байланыстардың дамытылуы жөніндегі ынтаны ортаға қойғанын түсіндірді.

Кылыч екі ел арасында денсаулық саласындағы ынтымақтастықтың 1997 жылы Түркия мен Өзбекстан үкіметтер арасында қол қойылған Денсаулық және медицина саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі келісім аясында дамығанын түсіндірді. Кылыч сонымен қатар өткен жылы қазан айында өткізілген «Өзбекстан-Түркия  денсаулық аптасы» шеңберінде түрік дәрігерлерінің 381 науқасты тексергенін, 139 науқасқа операция жасағанын және 165 өзбек медициналық маманына білім бергенін айтты.

Ташкент балалар ауруханасы бас дәрігері Гүлирано Усманова да түрік дәрігерлерінің өзбек ауруларын емдегендеріне және өзбек медициналық қызметкерлеріне білім бергендеріне орай алғыс айтты.

 

Бағдарламамызды Қазақстанмен  аяқтаймыз.

«Астана-Арқау» түркі әлемі халықтарының дәстүрлі музыка фестиваліне Түркия, Қазақстан және Әзірбайжанмен қатар басқа түркі бауырлас қауымдар да қатысты.

Биыл оныншы жыл салтанат құрған «Астана-Арқау» фестивалінде алыс-жақын түркі халықтарының және қазақ музыкасының айтулы шеберлері өнер көрсетті.

Фестиваль басқарушысы Асқар Омаров Түркия Анадолы агенттігі тілшісіне жасаған мәлімдемесінде «Астана-Арқау» түркі әлемі халықтарының дәстүрлі музыка фестивалінің керемет өтіп жатқанын айтты.

Омаров «Музыка халықтарды бірлестірген теңдессіз және қасиетті бір көпір. Барлық музыканың шығу тегі бір. Биылғы фестивальге тұңғыш рет Авшар мен Саларлар да қатысты. Саларлар Қытайдан келді. Саларлар 100 мың адам санына ие, Оғыз диалектімен сөйлейді. Авшарлар Оңтүстік Ираннан келген түрік текті халық» деді.

Омаров фестивальге қатысушылар санының әр жылы артқанын білдірді.

 



Ұқсас жаңалықтар