Қаратеңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ҚЭЫҰ)

Түркия және Еуразия тынысы 28

Қаратеңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ҚЭЫҰ)

Қаратеңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ҚЭЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің 36-шы жиналысы 2017 жылы 29 маусым күні Стамбұлда болып өтті. Жиналыс барысында аймақтағы соңғы жаңалықтарға қоса, ҚЭЫҰ-ның күнделікті мәселелерге одан ықпалды жауап қайтаратындай күшейтілуі тақырыбы да қолға алынды. Жиналыстың аяғында Түркия Республикасы мен Украина арасында ҚЭЫҰ кезекті төрағалық міндетін қабылдау рәсімі болып өтті. Украинаның Қаратеңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымына басшылық кезеңі 1 шілде мен 1 желтоқсан күндері арасында жалғасады. Украина Сыртқы істер министрі Павло Климкин Украинаның төрағалығы кезеңінде негізгі күн тәртібін Қаратеңіз аймағында қауіпсіздік дағдарысы аясында экономикалық ынтымақтастықты жетілдіру болатынын атап көрсетті. Баршаға мәлім 2017 жылдың алғашқы жартысында Түркия ҚЭЫҰ кезекті төрағалық міндетін атқарды. Түркия кезекті төрағалығы кезеңінде «Тұрақты даму мақсатындағы әріптестікті нығайту» тақырыбын іске асырды. 2017 жылы 22 мамыр күні Стамбұлда Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында Қаратеңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымының құрылуының 25 жылдық саммитін өткізді. ҚЭЫҰ Экономика министрлері жиналысы (Стамбұл, 11 мамыр) және ҚЭЫҰ Ауылшаруашылығы министрлері жиналысы Түркия кезекті төрағалығы күн тізбесіндегі ең маңызды шаруалар арасында орын алды.

ҚЭЫҰ мүше мемлекеттердің күшін, жағрапиялық жақындығын, экономикаларының бір-бірін толықтырушы ерекшеліктерін пайдалана отырып, екі жақты және көп тұсты экономикалық, технологиялық және әлеуметтік ынтымақтастықтарын түрлендіріп одан да жетілдіруін қалайды. Осылайша Қаратеңіз бассейнінің бір бейбітшілік, тұрақтылық және тыныштық аймағы болуын мақсат етеді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін таңдалған басты құрал болса экономикалық ынтымақтастық. Бастапқыда ҚЭЫҰ-ның мақсаты ретінде Қаратеңізге жағалауы бар мемлекеттер арасында сатылы түрде бір «Еркін сауда аймағы» құру екені атап көрсетілген болатын. Бірақ кейін ұйымдастырылған жиналыстарда ҚЭЫҰ-ның «экономикалық ынтымақтастық» аясында бағалау керектігін атап көрсетті. Қаратеңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымын құрушы елдер: Түркия, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Молдова, Ресей Федерациясы, Украина, Болгария және Румыния. Ұйымға кейін қосылған мүшелер болса Албания, Сербия және Грекия болып табылады.

Қаратеңіз аймағы түрік сыртқы саясатының басымды тақырыптарының бірі ретінде Кавказ және Балкан арасында бір көпір құрайды. Осы себептен аймақ тарихта және қазіргі таңда айналасындағы мемлекеттер үшін аса маңызды болып табылады. Түркия да бөлшегі болған Қаратеңіз аймағына деген халықаралық қызығушылық күн өткен сайын артуда. Түркия ҚЭЫҰ-ның құрылуында белсенді роль атқарды. Түркия алғашқы күннен бері ҚЭЫҰ-ның жұмыстарына белсенді түрде қатысып, ҚЭЫҰ секретариатына қонақжайлық жасауда. Сондай-ақ ҚЭЫҰ аясында нақты ынтымақтастық жобаларының іске асырылуы және ҚЭЫҰ-ның ықпалды болуы үшін тығыз жұмыстанады.

Қаратеңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымында Бас хатшы бірінші орынбасары міндеті тұрақты түрде Түркияға берілген. 2015 жылы маусым айынан бері бұл міндетті отставкадағы өкілетті елші Тахсин Бурджуоғлу атқарады. ҚЭЫҰ-ның жалғыз шешім қабылдаушы органы - жылына екі рет жиналып, олар атынан қозғалатын Сыртқы істер министрлері кеңесі. Мүше елдердің Сыртқы істер министрлері өкілдік жасаған және олар атынан қозғалған Жоғары деңгейдегі қызметкерлер комитетінің негізгі міндеті болса Кеңес қабылдаған шешім мен ұсыныстардың іске асырылуын қамтамасыз ету және Кеңеске ұсыныстар жасау.

Құрылыс жұмыстары 2011 жылы басталған және 2020 жылы аяқталуы жоспарланған Қаратеңіз айналма автожолы (BSRH) да ҚЭЫҰ аясындағы ең маңызды жобалар қатарында. Жоба барысында Түркияның Қаратеңіз жағалауындағы құрылысы шамамен 10 жыл бұрын аяқталды. Ресейдегі бөлімі болса 2014 Сочи қысқы олимпиадалары қарсаңында іске қосылды.

ҚЭЫҰ Еуроодақпен қарым-қатынастар шиеленіскен кезеңде Түркия үшін маңызды альтернативалардың бірі. Экономикалық күш тұрғысынан ҚЭЫҰ Еуроодақпен салыстыратын деңгейде емес. Бірақ ҚЭЫҰ құрылған шамамен 25 жылдан бері Еуроодақ моделіне ұқсас ықпалды бір құрылымды жүзеге асыра алды.

Қазір Қаратеңіз аймағының мемлекеттері арасында кейбір саяси, тіпті әскери мәселелер бар. Дегенмен Қаратеңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымы бұл мәселелерден қаншама алыс тұрса, соншама табысты жұмыс істей алады. Одан әрі мәселелердің шешімінде ҚЭЫҰ-ның ықпалды бір құралға айналуы мүмкін. Бұл үшін мағынасыз саяси пікірталастармен айналыспай, айырмашылықтар емес, ортақтықтар арқылы жұмыстарын артырып жалғастыруға тиісті. Негізінде Түркияның кезекті төрағалық міндеті кезінде дәл мұны жасауға тырысты.

Сауда мен инвестициялардың ыңғайлы ортада  жалғастырылуы үшін негізгі шарт - тыныштық пен тұрақтылық. Осы себепті Қаратеңіз жағрапиясының бейбіт, тұрақты және тыныштықпен өркендеуі мүше мемлекеттердің ортақ мақсаты болуы керек.



Ұқсас жаңалықтар