Түркия-Әзірбайжан ынтымақтастығының 25 жылдығы

Түркия және Евразия тынысы 27

Түркия-Әзірбайжан ынтымақтастығының 25 жылдығы

Түркия Республикасы 1991 жылы 30 тамыз күні тәуелсіздігін жариялаған Әзірбайжан Республикасы 1991 жылы 9 қараша күні таныған тұңғыш ел болды. Түркия мен Әзірбайжан арасындағы дипломатиялық ынтымақтастықтар 1992 жылы 14 қаңтар күні қалыптасты.

Екі жақты ынтымақтастықтың одан да күшеюі мақсатымен 2010 жылы президенттер деңгейінде Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі механизмі құрылды. Әзірбайжанмен құрылған Түркия-Әзірбайжан-Грузия, Түркия-Әзірбайжан-Иран және Түркия-Әзірбайжан-Түрікменстан үштік механизмдері аймақтық ынтымақтастық, бейбітшілік және тыныштыққа үлес қосатын маңызды механизмдер болып табылады.

Каспий теңізі энергия резервтерін әлем нарығына шығаруды қамтитын «Баку-Тбилиси-Джейхан шикі мұнай құбыр желісі» және «Баку-Тбилиси-Эрзурум табиғи газ құбыр желісі» жобаларының жүзеге асырылуы Әзірбайжан мен Түркия арасында бауырластықтан стратегиялық ортақтыққа бағытталған маңызды қадамдар болып табылады. Екі ел арасында сауда көлемі 5 миллиард доллар төңірегінде. Екі елдің нысанасы 2023 жылы сауда көлемін 15 миллиард долларға жеткізу.

Екі жақты сенім мен ынтымақтастық негізінде жетілген Әзірбайжан-Түркия ынтымақтастығы халықаралық платформаларда да жалғасуда. Екі мемлекет қарым-қатынастары Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Еуропа Кеңесі, Қаратеңіз Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Түрік Кеңесі және Ислам ынтымақтастық ұйымында табысты түрде жалғасуда.

Әзірбайжан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастық аясында екі ел қарулы күштері арасындағы координацияны жетілдіру мақсатты әртүрлі кезеңдерде жаттығулар ұйымдастырылады. Соңғы рет мамыр айы басында Баку маңындағы әскери оқу базасында жүзеге асқан жаттығуда 1000 әскер, 80 танк және сауытты көлік, 60 гаубица, 12 Mi-35 және Mi-17 операциялық жүк тікұшақтары және әуе қорғаныс жүйелері орын алды. Жаттығу 5 мамыр күніне дейін жалғасты және табысты түрде аяқталды.

Әзірбайжанның Түркия сияқты түріктердің оғыз тайпасына мүше болуы, тарихи кезең аясында ортақ жағрапияда өмір сүруі, аймақтық тұрғыдан жақындасып байланыс құруын жеңілдетті. Түркияның Әзірбайжанмен ынтымақтастығы көп тұсты және стратегиялық деңгейде. Екі ел басшыларының міндетке келгеннен кейін бір-біріне сапарлай баруы дәстүрге айналды. Түркия-Әзірбайжан ынтымақтастығы аймақта тұрақтылық пен бейбітшіліктің құрылуын мақсат етеді. Екі елдің ынтымақтастығы кезкелген бір елге қауіп төндірмейді. Түркия-Әзірбайжан ынтымақтастығы «стратегиялық ортақтық» ұғымын толығымен қамтамасыз етеді. Екі ел қысқа уақытта қол жеткізген табыс пен түйісу қажымас бауырластықтың бір көрсеткіші.

Түркия Таулы Қарабах мәселесінің Әзірбайжанның шекара тұтастығы және егемендігі аясында бейбітшіл жолмен шешімін табуын қалайды. Бұл аяда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Минск тобының бір мүшесі ретінде күш жұмсауда. Әсіресе 2016 жылы сәуір айында майдан желісі мен Әзірбайжан және Армения шекарасының белгілі аймақтарындағы қақтығыстар мен адам шығындарының артынан Түркия уайымдары мен келіссөздердің жылдамдатылуы жөніндегі шақыруларын үздіксіз тілге тиек етті. Өкінішке орай Минск үштігі осында әлі тұрақты бір қадам баспай, кезеңді созып отыр. Осында қабылданған халықаралық шешімдерге қарамастан бұл кезеңнің мұндай уақыт жоюшы тактикалар арқылы созылуы өкінішті жағдай. Бәрібір Таулы Қарабах мәселесінің Әзірбайжанның шекара тұтастығы ішінде бейбітшіл жолмен шешімі тақырыбында Түркияның Әзірбайжанға қолдауы жалғаспақ.

Екі елдің стратегиялық ынтымақтастығында қорғаныс аса маңызды болып табылады. Сондай-ақ энергия тақырыбы да екі ел арасында маңызды тұстардың бірі. Жаһандық бір жобаға айналған TANAP (ТрансАнадолы табиғи газ құбыр желісі жобасы) бұл аяда қадамдарын жылдам басуда. TANAP-тың толық іске қосылуымен бірге Әзірбайжан және Түркияның тұғыры мен аймақтың стратегиялық маңызы одан да артады.

1921 жылы 14 қазан күні Әзірбайжанның Анкарадағы тұңғыш өкілетті елшісі ретінде Ибрахим Абиловқа Мұстафа Кемал Ататүріктің «Әзірбайжанның қуанышы қуанышымыз, қайғысы қайғымыз» деген сөздері ондаған жылдан кейін Гайдар Алиевтің «Біз бір ұлт, екі мемлекетпіз» сөзімен жалғасын тапты.

Қазіргі таңда Түркия мен Әзірбайжан арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық маңызы TANAP, Баку-Тбилиси-Карс темір жолы және ұқсас жобалармен одан да артуда. Бұл бағытта екі елде қажымас қайрат, тұрақтылық және саяси ұстаным бар.



Ұқсас жаңалықтар