Өркениетіміз жойылып бара ма?

Күн тәртібі

Өркениетіміз жойылып бара ма?

Күн сайын Ацтек, Инктер, Майя және басқа өркениеттердің ғылым және технологияда қол жеткізген жетістіктері ортаға шығуда. Археологиялық қазба жұмыстары және сол қазбаларда табылған жәдігерлер мен құжаттар арқылы жүргізілген жұмыстар нақтыланған сайын қазіргі өркениеттің мұрагерлері ретінде таңқалып отырмыз.

Инженерлік, астрология және медицина салаларындағы жетістіктері адам сенерліктей емес. Тіршіліктің көптеген саласында олар көтерілген шыңға қазіргі заманның өзінде қол жеткізе алған емеспіз. Әсіресе ғалымдар математика, геометрия және астрология салаларындағы жетістіктеріне таңқалып отыр.

Ғарыш, галактикалар, планеталардың орны және қашықтықтарымен байланысты жасалған жұмыстарды қазіргі технологиялық жабдықтармен ғана анықтау мүмкін. Арадан өткен мыңдаған жылға қарамастан қазіргі ғылымнан қалай асып өркендегені қазірше беймәлім.

Ғалымдар қарастырған тағы маңызды бір тақырып болса, сол орасан өркениеттердің тарих сахнасынан қалайша жойылып кеткені жөнінде. Кейбір тезистерге қарағанда бұл өркениеттерді топтық адам шығындарына жол ашқан жұқпалы аурулар құрытты.

Қолдағы кейбір деректерді негізге алған тағы бір көзқарас, үлкен соғыстар нәтижесінде өркениеттердің жойылуы.

Ойымызша, екінші көзқарас ақылға қонатын сияқты. Әрі бұл көзқарасты күшейтетін кейбір дәлелдер де бар.

Негізінде адамзаттың соңғы 200 жылдық тарихына қарағанның өзінде бұл көзқарастың растығын мықты түрде байқаймыз.

Капиталды жинақтау мен тарату, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстарда он миллиондаған адамның жойылып кетуі бұл тұрғыдан бізге пікір береді. Алайда ата-бабалар бастан кешкен трагедиялар мен күйретуші өлімдерден қазіргі адамдар өкінішке орай сабақ алмаған көрінеді.

Айналамызға қарағанда әлемнің түкпір-түкпірінде қару саудагерлерінің жүргенін байқаймыз. Ақылға қонбайтын бір елде есте жоқ бір қару саудагерін кездестіру әдеттегі жағдай.

Мысалы бір сағат бұрын «адам үшін» деген биік мақсатпен жұмыстанған, соғыс пен апат аймақтарында мұқтаждарға дәл кезінде жәрдем жеткізген елдер бірден терроризмнің қолдаушысына айнала алады.

Әлемнің түкпір-түкпірінде дін, нәсіл немесе мемлекеттік жүйесіне қарамастан бүкіл зардап шегушілерге жүгінген бір гуманитарлық жәрдем мекемесінің бірден шайтанға айналуы мүмкін.

Мысалы бір қанішер егемен мәдениеттің бір мүшесін өлтірсе, оны «террорист» деп атайды. Егемен бір мәдениеттің мүшесі ғибадатын орындап, мешіттен шыққан бір қария мен балаға қол жұмсаса, оны «жеке қылмыскер» деп есептейді.

Қазіргі таңда сол егемен мәдениет терроризмге қолдау бергені себепті айыптаған елдерді он миллиондаған долларлық қару-жарақ саудасының артынан қара тізімнен шығара салады.

Әлемнің ең тыныш дегенмен ықпалды сауда-саттық аймақтарында «терроризм» бірден пайда болуы мүмкін.

Немесе егемен елдің қысымдарына бас имейтін болса қалаларыңызда, аралдарыңызда бірден топ топ болып террористтер ортаға шыға келеді. Филиппиндер осыған ең жақсы мысал ретінде көз алдымызда тұр.

Ғаламшардың оңтүстігінен солтүстігіне дейін әр жерге қару жинақталуда. Барлық егемендер ең мықты қаруларды жинақтау бәсекесіне түскен. Технология мен қолдағы капиталға сеніп, ғаламшарды оттан бір допқа айналдыруда.

Біздер бір компьютерлік ойын сияқты бұл есуастыққа қарап отырамыз. Ештеңе істемейміз, істей алмаймыз. Біле тұра дүнияуи ақыр күнге қарай жылжып барамыз. Ғалымдар жасанды ми жасағанда мына бір сұрақ пайда болған деседі: «Роботтар әр нәрсені өз бақылауына алып, адамзатты жоюы мүмкін бе?».

Әрине бұл ықтимал жоқ. Өйткені жасанды миға «сезім» беру қазіргі және алдағы ғасырлардың технологиясымен мүмкін көрінбейді. Дегенмен күш пен егемендіктің ашкөзділігімен миы істемей қалған адамдар біздің өркениетімізді жоюы мүмкін. Яғни бізді өз сезімдеріміз жоятындай көрінеді.

Иә, біз қазір Инктердің, Майялардың өркениеттерінің шыңына ұласқан сияқтымыз. Генетика мен биологияда ақыл мен қиялдың шекараларын қираттық. Бұл табысты одан үйлесімді бір әлем үшін қолданудың орнына өз түрімізді өлтіру, отарлау және егемендігімізге бағындыру үшін қолданамыз.

Қазір барлық елдердің қорғанысқа жұмсаған бір жылдық шығындарының ғаламшардағы ашаршылық проблемасын шешетінін білетін бе едіңіз?

Инктер, Ацтектер, Майялар және басқа мәдениеттерді құрғандардың генетикаларына иеміз. Олардың немерелеріміз. Көптеген салада ата-бабаларымыздың деңгейіне көтерілмесек те, өкінішке орай ашкөзділік пен меншілдігіміздің тұтқыны болған бір өлім машинасына айнала бастадық. Ойымша ата-бабалар да он мыңдаған жыл бұрын өркениеттерін ашкөзділік пен меншілдіктеріне құрбан қылған.

Өйткені олардың генетикалары да біздікімен бірдей.



Ұқсас жаңалықтар