2016 жылғы 15 шілде,  бір ұлттың тірілу дастаны

Сол күні біз әлемге бір дастан жаздық!

2016 жылғы 15 шілде,  бір ұлттың тірілу дастаны

2016 жылғы 15 шілде,  бір ұлттың тірілу дастаны

Көптеген жылдар бойы Түрік Қарулы күштерінің құрамына дендеп енген Фетуллахшы террор ұйымы мүшелері басқару қағидаларын аяққа таптап, 2016 жылдың 15 шілде күні кешкі сағат 21-де опасыз төңкеріс әрекетін бастады. Осы опасыз әрекет көптеген жылдан бері дайындалған, көп ортақты халықаралық жоба болып табылады.  Басты нысанасы Түркияның тәуелсіздігі, президент Режеп Тайып Ердоған, Түркия мәжілісі және үкімет болатын. Төңкерістің басты базасы ретінде бас қала Анкарадағы Акынжылар әуе базасы таңдалған.  Опасыз төңкеріс әрекеті Анкара мен Стамбулда бірдей уақытта басталды.

Төңкерісшілер алдын ала дайындалған төңкеріс жоспары аясында Стамбулда Бұғазіші және Фатих Сұлтан Мехмет көпірлері, Стамбул қалалық полиция дирекциясы, Ататүрік әуежайы, TRT ғимараттары сынды стратегиялық нысандарды нысанаға алды.  Анкарада болса Ұлттық Барлау мекемесі, Анкара қалалық полиция дирекциясы, Полиция бас дирекциясы, Гөлбашы полиция арнайы жасақ басшылығы, Авиация департаменті, Арнайы жасақтар қолбасшылығы,  TRT бас дирекциясы ғимараты,  Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі, Президенттік сарай және Бас штаб қолбасшылығына операция жүргізіп, басып алуға тырысты. Осы әрекет барысында Түрік Қарулы Күштері инвантеріндегі ұшақ,  танк, басқа да сауытты көліктерді қолдануға тырысты. Ұшақтар мен тікұшақтар қалалардың үстінде ұшып, нысаналарына бомба лақтырып, танктер нысаналарына қарай көшелерде алдына шыққандарды езіп жылжуда болатын. Басқа да көліктермен маңызды орталықтарға әскер униформасын киген Фетуллахшы террористтер тасымалданды.

Стамбул мен Анкарада TRT ғимараттары басып алынып, өздерін «Елде бейбітшілік кеңесі» деп атаған төңкерісшілер дайындаған мәлімдеме күштеп оқытылды. Сол мәлімдеме сол уақытта Бас штаб қолбасшылығының сайтында да жарияланды.  Мәтінде Түрік Қарулы Күштерінің билікті өз қолына алғаны,  бүкіл ел көлемінде көшеге шығуға тыйым салынғаны және бүкіл медиа органдарының осы мәлімдемені жариялауы бұйрығы берілді. Артынан Гөлбашы полиция арнайы жасақ, Түркия мәжілісі, Президенттік сарай,  Түріксат ғимараты,  Анкара қалалық полиция дирекциясы бомбаланды.

Осы басқыншы содырлар өздерінше барлық нәрсені ойластырғандай еді.  Бірақ бір нәрсені ұмытты.  Алланың құдіреті мен ұлы түрік ұлтының күші және батылдығы.  Құран, азан, байрақтан нәр алған тарих, сана және иман түрік ұлтының ерекшеліктері.  Басқа бір келеңсіз оқиға болғанын сезген халықтың батыл ұлдары әлеуметтік желі арқылы ұйымдасуға тырысты. Дәреттерін алып,  тәкбір айта бастады.  Артынан премьер-министр Йылдырымнан «Бұл армиямыздың құрамындағы шағын опасыз бір топтың әрекеті.  Олар лайықты жазаны алады» деген мәлімдемесі келді. Артынан мешіт мұнараларынан жаңғырған азан дауыстары.

Артынан ұлттың көзінің қарашығы, опасыз төңкеріс әрекетінің негізгі нысанасы Ердоғанның бір теле арнадан халыққа бағытталған үні келді: «Қалалардың алаңдарына, әуежайларына барыңдар. Біз ұлттан үстем күш танымаймыз».

Міне,  осы қараңғы түн өзгерген, түнерген әрекет, опасыз жоспар бұзылған сәт. Президент Ердоғанның халыққа үндеуі және шақыруымен үйлерден көшелерге,  ол жерден алаңдарға, алаңдардан опасыздар басып алған жерлерге адам көші жылжыды. Алынған дәреттермен,  сенген жүректермен, тәкбір келтіріп, ұшақ, танк, тікұшақ, оқ пен бомбаға қарсы жүрді түрік ұлты. Төңкерісшіл опасыздар қарусыз көшеге шыққан халыққа оқ жаудырды,  бомба лақтырды.  Стамбул мен Анкара бастаған Түркия көлемінде төңкеріске қарсы наразылық пен тойтарыстарда әскер, полиция және қарапайым азаматтардан 248 адам шейіт болды. 1537 адам әскери қарулармен жарақат алды.

Түркия 16 шілде күні сенбі күні оянғанда төңкерісшілердің берілу көріністері,  қаһарман ұлт перзенттерінің танктермен суреттері,  Акынжылар әуе базасында кепілге алынған қолбасшылардың босатылған хабарларын естіді. Кеш болмастан Түркия барлық органдарын,  көшелерін, әскери қышлактар мен жасақтарын осы сатқындардан тазалаған болатын.

Бір ұлттың қайтадан туу дастаны 15 шілде.  Түрік ұлтының әлемге «Чанаккаледен өтуге болмайды» дегені секілді «Түркия бөлінбейді,  түрік ұлты жеңілмейді» деген күн 15 шілде. Сол күні барлық балаларымыз жас болды,  жастарымыз ересек болды.

Сол күні байрағымыз аспан болды.  Азан болса ән ұранымыз.

Тәкбірлер – құпия сөзіміз.

Анадолыны тағы бір рет Отан қылды шейіттеріміз бен ардагерлеріміз. Сол күні бір лидер төңірегінде жақсылық пен әділет үшін жиналудың берекеті мен жеңісін көрдік.  Сол күні жау жеңілді,  біз жүрдік.  Сол күні жаңа ұлттық ән ұранды бір адам емес,  бір ұлттың қалай жазғанына куә болдық. Сол күні тойтарыс беріп,  бір-бірімізбен иықтасып Отан,  байрақ пен азанды мәңгі жасататынымызды білдік. Сол күні тағы бір рет ұлы ұлт пен үлкен мемлекет қалай болатынын баршаға көрсеттік.

Сол күні біз әлемге бір дастан жаздық!



Ұқсас жаңалықтар