Ердоғанның Үндістан сапары және Түркия-Үндістан қарым-қатынастары

Түркия және Еуразия тынысы 24

Ердоғанның Үндістан сапары және Түркия-Үндістан қарым-қатынастары

Түркия мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықтың жетілдірілуі Түркияның сыртқы саясатының маңызды күн тәртібі болып табылады. Президент Ердоған Үндістанға жасаған сапар түрік сыртқы саясаты тұрғысынан маңызды. Ердоғанның Үндістанға Ұлтшыл қозғалыс партиясының депутаттарымен баруы да маңызды бір көрсеткіш. Бұл көрсеткіш жаңа кезеңде Ердоған жүргізетін ішкі және сыртқы саясат тақырыбының бір белгісі іспеттес.

Үндістанның 1 миллиардтан астам тұрғыны бар. Үнді мұхитының табиғи иесі. Араб әлемі мен Малай әлемі арасындағы бір өткел. Бай этникалық құрамында түрік тектілерге қоса, басқа этникалық құрылымдарға мүше мұсылман топтар да бар. 7 аймақ және 28 федерациямен басқарылған елде 22 тіл қолданылады. Көп мәдениетті және көп тілді Үндістан мен Түркияның ынтымақтастығы бұрынғы замандарға сүйенеді. Түркия Республикасының президенттік рәмізінде Үндістанда құрылған Түрік Бабур мемлекеті де 1 жұлдызбен орын алады. Қазір Үндістанда шамамен 30 миллионға таяу түрік текті адам өмір сүруде.

Үндістан маңызды мөлшерде сатып алу күшіне ие, 200-300 миллион тұтынушы өмір сүретін, тұрақты макроэкономикалық құрылымы бар бір нарық болып табылады. Түркия мен Үндістан арасында сауда көлемі артып отыр. Дегенмен екі елдің сауда тұрғысынан қарағанда қолайсыз жағдайда болған тарап – Түркия. (Үндістанның Түркияда өте үлкен инвестициялары бар. 200-ден астам Үндістан фирмасы Түркияда жұмыс істеуде. Түркияның болса Үндістанда экономикалық болмысы өте аз) Үндістан қазіргі өсу жылдамдығын жалғастырған жағдайда, 2030 жылы әлемнің ең үлкен экономикалық күшіне айналмақ. Түркия Үндістан үшін Еуропа мен Таяу Шығысқа шығу тұрғысынан маңызды бір ортақ болуы мүмкін. Екі ел арасында сауда көлемі шамамен 6,5 миллиард доллар. Бұл жеткілікті бір көрсеткіш емес. Қысқа мерзімде 10 миллиард доллар деңгейіне жеткізу екі жақ үшін де ұтымды болады. Екі мемлекеттің де осы бағыттағы ұстанымын байқауға болады.

Үндістанда қазір кеден салықтары жоғары. Үндістан мемлекеті ырықтандыру бағытында басылған барлық қадамдарға қарамастан кеден салықтарын жоғары тұтып, отандық өнеркәсібін қорғауға тырысады. Үндістан Үкіметінің Дүниежүзілік сауда ұйымына берген уәде аясында шикі тауар импортында салықтардың 10 пайызы, өнеркәсіптік тауарларда болса 20 пайызы арзандатылады. Бірақ көптеген өнімнен қосымша салық алынады. Осы себепті нақты салық бұл деңгейден жоғары. Қосымша салықтар назарға алынғанда, кеден салығы екі есе арта түседі. Екі ел банк жүйелері арасында әлі бір ынтымақтастық келісімі жасалмаған. Түрік банктері берген кепілдемелерді қабылдамайды. Тіркеме жасайтын банк табуда қиыншылықтар бар және бітімгер банктермен жүргізілген сауда өте қымбатқа түседі. Үндістанда банктерден келген аккредитивтер одан көп егжей-тегжейді қамтиды және жүзеге асу мерзімдері созылады. Экономикалық ынтымақтастықтың ілгерілеуі үшін осы мәселелердің шешімін табуы керек.

Үндістанда әсіресе саясатта артып отырған исламофобия қоғамдар арасында терең іздер қалдырады. Бұл тақырыпта абай болу керек. Президент Ердоғанның сапарымен Түркия-Үндістан ынтымақтастығы жылдам жетілу кезеңіне кіреді. Сондай-ақ бұл сапар кейбір болымды жаңалықтарға себеп болуы, Үндістан мен Пәкістан арасында жаңа келіссөз кезеңін бастауы, Үндістан-Қытай ынтымақтастығына үлес қосуы, алдымен Кашмир мәселесін бақылауға алып, кейін бір шешім әдісі жетілдіруге қызмет етуі мүмкін. Түркия осыларды орындайтын күшке ие мемлекет. Үндістандағы қалың мұсылман тұрғын және бұрын Үндістанда құрылған түрік мемлекеттері қалдырған іздер Түркияның бұл күшін арттырады. Осыған қосымша Түркия, Үндістанмен жасайтын барлық келісімдер мен ортақтықтар тақырыбында Пәкістан мен Ауғанстан теңдігін қорғауға тырысу керек. Бұл теңдік сақталмаған жағдайда, Түркияның қадым достары болған бұл екі мемлекет ренжуі мүмкін.

Түркия мен Үндістан арасында жоғары деңгейлі сапарларын екі жылына бір рет екі жақты жүзеге асыру пайдалы. Бұл сапарлар тек қана жоғары сатыда емес, барлық сатыларда жетілуге тиісті. Одан көп академик іс-тәжірибе алмасу керек, Идеологиялық мекемелер арасында ынтымақтастық жетілдіру керек. Бұл аяда ортақ конференциялар ұйымдастырып, екі елге қатысты мәселелер жайлы одан көп трансляциялар жасау керек.

Қорытып айтқанда, Үндістан - тұғыры, тұрғын саны, резервтері және экономикасымен стратегиялық бір ел. Түркия Үндістанмен ынтымақтастығын әр салада жетілдіруін жалғастырады.



Ұқсас жаңалықтар