Түркия Түрікменстанның энергия жобаларына қолдау көрсетуде

Түрік әлемінен жаңалықтар-24

Түркия Түрікменстанның энергия жобаларына қолдау көрсетуде

Түркияның Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капужу «Энергия қайнарларын түрлендіру аясында Түрікменстанның табиғи газ жобаларын қолдаймыз. Шарттар қалыптасқан жағдайда, Түрікменстан газын Түркия арқылы Еуропаға жеткізуге дайынбыз» деді.

Ашғабадта болған Халықаралық энергия форумында журналисттердің сұрақтарына жауап берген өкілетті елші Капужу 2017 жылының Түрікменстан және Түркияның дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығы екенін айтты.

Мемлекеттер арасындағы мәдениет, тіл және дін бірлігінің жан-жақты қарым-қатынастардың іргетасын қалағанын баяндаған Капужу былай деді: «Бір ұлт екі мемлекет» деген сөзді Түрікменстан үшін де айтуға болады. Түрікменстанмен экономикалық байланысымыз өте жоғарғы деңгейде, әр салада қою ынтымақтастық жасаудамыз. Саудамыз да Түрікменстанның тәуелсіздігінен осы таңға дейін маңызды деңгейде арты. 2013 жылы ең жоғарғы деңгейге жетіп, 3 миллиард доллардан асты. Қазір әлемдегі экономикалық дағдарыс салдарынан біраз тоқырау болғанымен сауда көлеміміз әлі де өте үлкен. Түрік мердігерлік фирмалары осы таңға дейін мөлшермен 50 миллиард долларлық жобаны тамамдады. Маңызды инфақұрылым жобаларын түрік мердігерлері жасады. Түрік мердігерлерінің ең жақсы жұмыс істеген елі Түрікменстан болып табылады».

Капужу Түрікменстанмен екі жақты байланыстарда қатынас және энергия ынтымақтастығының стратегиялық маңызға ие екеніне назар аударып, Жібек Жолы жобасының жандануында Түрікменстанның маңызды бір өткел ел болғанын айтты.

Түркияның Түрікменбасы қаласында осы мақсатқа қызмет ететін бір кемежай жобасы болғанын білдірген Капужу «Бұны да бір түрік фирмасы атқаруда, алдымыздағы жылы тамамдалады. Осылайша тағы бір маңызды инфақұрылым жобасы жұмысқа қосылған болады. Бұл өте үлкен бір жоба. Тек Каспийдің ғана емес, әлем бойынша маңызды кемежай жобалардың бірі» деді.

Капужу Түркияның энергия қайнарларының түрлендірілуі аясында Түрікменстанның табиғи газ жобаларына қолдау көрсеткендерін білдіріп, «Бұлардың бірі-Каспий өткел жобасы. Біз бұл жобаны басынан бері қолдаудамыз. Шарттар қалыптасқан жағдайда Түрікменстан газын Түркия арқылы Еуропаға жеткізуге дайынбыз» деді.

Жаңалықтарымызды Қазақстанмен жалғастырамыз.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Түркия Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Тұғрұл Түркешті қабылдады. Кездесу барысында Президент екіжақты қарым-қатынастың жыл санап нығайып келе жатқанын атап өтті. Президент Назарбаев «Түркия – бізге жақын, әрі ағайын елдердің бірі. Қазақстанның ең жақын бауырлас елі” деді.  Тұғрұл Түркеш түрік елінің Президенті Режеп Тайып Ердоғанның сәлемін жеткізіп, Мемлекет басшысына бүгінгі қабылдау үшін алғысын білдірді. Премьер-Министрдің орынбасары: “Түрік Республикасы мен Қазақстан арасындағы қатынастардың тамыры тереңде. Қазақстанның халықаралық ұйымдар қызметіне, әсіресе БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде белсене қатысуы Түркия үшін маңызды” деген сөздер қолданды.

Соңғы жаңалығымыз Өзбекстан жайлы.

Өзбекстан мемлекетінің дамуы үшін инвестицияларды жалғастыруда.

Өзбекстан үкіметі 2017-2021 жылдары аралығында су электр станциясы жобасына 2,6 миллиард долларлық инвестиция салады.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев қол қойған су электр станциялардың дамытылуы жөніндегі үкім бойынша 5 жылда мемлекетте жүзеге асырылатын 18 жаңа су электр станциясы құрылысы және 14 су электр станциясының жаңалануы үшін жиыны 2 миллиард 650 миллион долларлық инвестиция салынуы көзделуде.

Су электр станциялардың дамыту бағдарламасының жүзеге ысырылуынан кейін 2026 жылы мемлекетте су электр станциясындағы электр өндірісінің 70 пайыз артуы және су электр станцияларының электр өндірісіндегі үлесінің  12,7 пайыздан 15,8 пайызға шығарылуы мақсат етілуде. 



Ұқсас жаңалықтар