Аллаға тәуекел қылу – барлық іс-қимылдарымызбен оған сену дегендік.
Дін және ахлак – 24
Тәуекел - Құран Кәрімде адам баласының әр қандай тақырыпта жауапкерлігін толық орындағаннан кейін, сол тақырыпқа байланысты Аллаға сенуі деп түсіндіріледі.
Аллаға тәуекел қылу – барлық іс-қимылдарымызбен оған сену дегендік. Алла бір тараптан өзіне сенуімізді күтсе, енді бір жақтан өмірге қатысты өзімізге тиесілі барлық жауапкерліктерімізді орындауымызды және осыған байланысты шаралар жасауымызды күтеді. Халық арасында бұл жағдай «Түйеңді мықты қазыққа байла, артынан тәуекел қыл» деп айтылады.
Тәуекел қылу істерді Аллаға аманат етіп, шалқадан түсіп жату емес. Керісінше, күшіміз бен қабілетіміздің жеткенінше қолымыздан келгенді істегеннен, қажетті шараларды жасағаннан кейін, осы жұмыстың нәтижесін біз үшін Алланың іске асырғанына иман ету.
Тәуекел қылған адам - ниет қылып бастаған жұмысының нәтижесі Алланың қолында екеніне толық иман еткен кісі.
«Алла Тағала әр нәрсеге кепіл». Оған бас иеді және мәңгі сенеді.
Фұрқан сүресінің 59-шы аятында былай делінген:
«Сондай еш өлмейтін Аллаға тәуекел ет.Оны дәріптей мақта».
«Аллаға сен, өкіл ретінде Алла жетеді».
Мұсылман болған кісінің дұғасы Һұд сүресінің 88-ші аятында былай жазылған:
«Табысты болуым Аллаға ғана байланысты. Оған тәуекел еттім, әрі Оған бой ұсынамын».
Әли Ғымран сүресінің 173-ші аятында былай бұйырылған:
«Бізге Алла жетіп асады, Ол нендей жақсы ие».
Тәуекел қылған адам - іске кірісуге және оны жалғастыруға батылдық еткен адам. Өз қайратының қаншалықты құнды екенін және өзі үшін істеген ісінің қарымжысын алатынын біледі.
Нәжім сүресінің 38-41-ші аяттарында бұл жағдай былай баяндалған:
«Адамзат еңбегіне қарай ғана табысқа ие болады. Сөз жоқ, еңбегінің нәтижесін жедел көреді. Сонсоң оған еңбегінің бодауы толық беріледі. Күдіксіз Раббыңа тиянақтайсың».
Сол себепті еңбектену, талпыну, бастаған ісін бітіруге ұмтылу адамның өз жауапкерлігі. Осы істің нәтижесінде қол жеткізетін табысы үшін Аллаға беталады және Оған рақмет айтады. Үлкендеріміз: «Қайраттану бізден, табысы Алладан» деген.
Тәуекел – бір құл ретінде адамның өз мүмкіндігі мен шекарасын қабылдау әрекеті. Өзін тану, өзі істей алатын және істей алмайтын істерді түсіну, істей алатын істеріне шүйілу, өзін жетілдіру қайратын қамшылайтын әрекет.
Тәуекел – бел байлау, табанды, салмақты және сабырлы болу әрекеті.
Әли Ғымран сүресінің 159-шы аятында былай делінген:
«Сонда қашан қарар берсең, Аллаға тәуекел ет. Негізінен Алла тәуекелшілерді жақсы көреді».
Тәуекел еткен адамдар - сонымен бірге өзін, істеген істерін және өмірін тергейтін бір адам. Тәуекелдің қорғаныс механизмі емес екенін түсінген адам. Не істесе де табысты бола алмағанын, олай болса, еш нәрсе істемесе де болатынын ойламайтын адам. Керісінше, қалаған табысқа жете алмаса, істеген ісін қайта-қайта қадағалаған, олқылықтарын көрген және оны толықтау үшін қайрат көрсеткен адам. Демек, адамның адам болуы барысында да маңызды бір әрекет. Осы тұрғыдан алғанда тәуекел адамды «Тағдыршылдық» әрекетінен тияды. Істегендерінің жауапкерлігін арқалатады. Осылайша өзіне және өмірге өкпелемей, өзімен және өмірмен тоғысқан адам болуына көмектеседі.
Тәуекелге байланысты көптеген құндылықты баяндауға болады. Мұның бірі дұға қылу. Дұға Алла мен құл арасында тікелей және жалғасты байланыс орнату жолы. Дүниедегі жауапкерлігін орындау жолындағы адам осы талпынысының дұғаның орнына жүретінін түсінсе, нәтижелерінің Алла тарапынан орындайтыны сенімі мен тыныштығын сезінеді. Істеуге тиісті ісін істегендіктен көңілі орнығады. Бұл оның сыйлығы. Міне, тәуекелді тура түсінгенде адамның осы рухани қанағатын іске асыратын бір әрекет.
Тәуекелмен байланысты құндылықтың бірі «Сабыр».
Сабырды тәуекелмен бірге қарағанда тұрақты әрекет жасау, табанды болу, бастаған жұмысын бітіру сезімін соңына дейін қорғау деп ойлаған жөн. Кездескен қиыншылықтармен күресу талабы мен әрекеті деп ойлаған әбзал. Сасқалақтамай, сабырлы болу талабы деп түсіну керек. Өйткені «Алла сабыр сақтағандарды жақсы көреді».
Тәуекелмен байланысты құндылықтың бірі «Үмітті болу».
Алла үмітсіз болуды шектеген. Істер оңға баспаса да, үмітті үзбеуді және нәтижесінің жақсы болатынын үміт етуді насихаттаған.
Біз үшін нашар сияқты көрінген кейбір жағдайлардың біз күтпегендей жақсы болуы да мүмкін екені баяндалған, «Жақсылық пен жамандықтың» Алладан келетінін қабылдап, үмітімізді үзбеуіміз насихатталған.
Алла құлдарынан тамаша қайратпен, шынайы түрде, күшінің жеткенінше еңбектенулерін сұраған және нәтижесі не болғанына қарамай, осы талпыныстарының қарымжысыз қалмайтынын білдіріп, оларды жалқаулықтан және үмітсіздіктен шектеуді мақсат еткен.
Төңірегімізде ешқандай еңбек етпей, істері өздігінен оңға басқан адамды кездестіру мүмкін емес. «Алланың айтқаны келеді» деп, ешқандай талпыныс көрсетпеген адамдардың да отырған жерінен жақсылыққа жеткені көрілген емес. Демек, тәуекел түсінігін тура ұғыну мұқтаждығымыз жалғасуда. Істерімізді тура, жөнімен және сабырлылықпен жасауды жалғастырып, Алланың жәрдеміне сенуді қайтадан үйренуіміз керек.