«Бір белдеу – бір жол»: Замандас Жібек Жолы бағдарламасы

Түркия және Еуразия тынысы 23

«Бір белдеу – бір жол»: Замандас Жібек Жолы бағдарламасы

2013 жылы «Бір белдеу – бір жол»: Замандас Жібек Жолы атымен Қытай мемлекеттік басшысы Си Цзиньпин тарапынан ұсынылған жоба үшін 29 елдің мемлекет пен үкімет басшылары мамыр айында Пекинде басқосты. Қытай жоба үшін 2014 жылы «Жібек Жолы экономикалық қорын» құрды. Бұл қорға 40 миллиард доллар қаржы бөлді. Жобаға қолдау ретінде 2014 жылы 100 миллиард доллар капиталмен Азия инфрақұрылымдық инвестиция банкі құрылды. Түркия Республикасы осы банкті құрушы мемлекеттердің бірі болды. Болжамдарға қарағанда жоба 65 елде 4.4 миллиард адамға және 20 триллион долларлық құнға ұласпақ.

Жобаның басты мақсаты – Азия-Еуропа желісінде маңызды экономикалар арасында қатынастық инфрақұрылымды, сауда-саттық және инвестициялық байланысты қалыптастыру. Жоба жалғыз бір бағыттан тұрмайды. Көп тұсты және әртүрлі мүмкіншіліктер ұсынады. Құрлық және теңіз ретінде екі маңызды халықаралық сауда бағыты бар. Біріншіден Жібек Жолы экономикалық белдеуі, екіншіден Теңіз Жібек Жолы. Түркия Республикасы «Орталық коридор» деп аталған Қытай-Орталық және Батыс Азия коридоры бағытында орын алады. Осы жерде «жол ұғымы» деп отырғанымыз теңіз жолы. Бұл аяда Оңтүстік пен Оңтүстік Шығыс Азиядан бастап, Шығыс Африка мен Жерорта теңізінің солтүстігіне дейін созылған су айдынында жоспарланған порттар мен басқа да жағалаулық құрылым желісі жайлы айтылуда. Жаңа Жібек Жолы бастамасы, Қытайдың «Маршал жоспары» деп аталады. Қытайдың көшбасшылығында жетілген бұл жоба екінші дүниежүзілік соғыстың артынан АҚШ-тың Маршал жәрдемдеріне ұқсатылса да, экономисттер одан 12 есе үлкен екенін есептеген.

Түркия Қытайдың осы қадамын жұмыс істеп отырған Мармарай мен Явуз Сұлтан Селим көпірі инвестициялары арқылы қолдады. Сондай-ақ үшінші әуежай, Баку-Тбилиси-Карс және Эдирне-Карс темір жолы жобаларымен қолдауын жалғастыруда.

Түркия осы нақты қадамдар арқылы алдымен жобаның құрлық бағытына қосылды. Коридор іске қосылғанда Қытай мен Түркия арасында жүкті тасымалдау мерзімі 30 күннен 10 күнге қысқармақ. Пекиннен теңіз жолы арқылы екі айда жеткізілген өнімдер екі аптадан аз уақытта Стамбұлға ұласатын болады. Құрлықтың қашықтығы да 3 мың шақырымға қысқарады. Орталығы Қытайдағы COSCO (әлемнің ең үлкен логистикалық қызмет орындарының бірі) Түркияның ең көп контейнер тасымалдаушы порты Қумпортты сатып алды. Осылайша Түркия жобаның теңіз бағытына да қосылды.

Президент Режеп Тайып Ердоған қосымша туризм, ғылым, технология және медиа салаларында да ауқымды ынтымақтастық жасап, іс-тәжірибе мақсатты студент пен қызметкер алмасу бағдарламаларын жасауды ұсынуда. Ердоғанға қарағанда, бұл жоба аймақта және әлемде террорды жермен-жексен қылатын бір бастама болмақ. Ердоған Түркия ретінде жобаға әртүрлі қолдау беруге әзір екендерін ашық түрде атап көрсетті.

Азия, Африка және Еуропада үлкен инфрақұрылымдық инвестицияларды қажетті қылатын жоба сондай-ақ діни орталықтар, өркениет пен қоғамдар арасында өзара экономикалық және мәдени іс-қимылдардың қалыптасуына да жағдай жасайды. Жоба Қытайдан басталып, Орталық Азиядағы бауырлас Түрік Республикалары мен Түркия, Иран және Ресей сияқты маңызды мемлекеттерді қамтиды. Жібек Жолының тарихтағы ең маңызды уақытша бағыттарының бірі ретінде Анадолының бесігі Түркия Республикасы - Қытайдан бастап, Еуропаның ішіне дейін ұласатын жобаның маңызды елдерінің бірі. Еуропа, Азия және Таяу Шығыс жағрапиясының тоғысқан жерінде орын алған Түркия жобаның құрлық пен теміржолдарын да қамтыған Жібек жолы экономикалық белдеу желісінің Еуропамен байланысын қамтамасыз етеді. Қытай мен Түркия екі жақты ынтымақтастықта бір-біріне мұқтаж. Қытай Жібек жолы бастамасының орталығы ретінде Түркиямен ынтымақтастығын жетілдірсе, Жібек жолын жандандыруға да тырысуда.

Мықты операциялық порт инфрақұрылымы және теңіз жолы қатынастарымен Түркия маңызды мүмкіншіліктерге ие. Дегенмен әсіресе теміржолы мен логистикалық желісін күшейту үшін қазір жалғасып жатқан жобаларын жылдам аяқтау керек. Түркия бұл жобаға қоса, Жібек жолы экономикалық белдеу желісі бағытындағы Қытай, Иран, Ресей сияқты мемлекеттермен де экономикалық ынтымақтастығын күшейтуге тиісті. Бәрінен де маңыздысы Әзірбайжан, Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан сияқты Түрік Республикаларымен өзара қарым-қатынастарын одан да жоғары деңгейге жеткізу мүмкіншілігі болады.



Ұқсас жаңалықтар