Түркия-Қытай ынтымақтастығы

Түркия және Еуразия тынысы 22

Түркия-Қытай ынтымақтастығы

Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған Пекинде ұйымдастырылған Халықаралық ынтымақтастық аясында «Бір белдеу - бір жол» форумына қатысу және Қытай мемлекеттік басшысы Си Цзиньпинмен басқосу үшін қысқа уақыт бұрын Қытай Халық Республикасына барып қайтты. Түркия мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ынтымақтастық 1971 жылы құрылды. Түркия мен Қытай арасындағы ынтымақтастық 1980 жылдан бастап жандана бастады. Соңғы жылдары болса қарым-қатынастар екі жақты жоғары деңгейлі сапарлардың ықпалымен жетілуде.

Түркия 2002 жылға дейін сыртқы сауда мен халықаралық инвестиция саласында бағытын тек қана Еуропаға айналдырған болатын. 2002 жылдың артынан Түркия жүргізген белсенді сыртқы саясат себепті жаңа нарықтарға шығу қажеттілігі туындады. Бұл жағдайды байқап отырған президент Ердоған Азия, Африка және Латын Америка аймақтарына одан көп мән бере бастады. Қытай сапарын да бұл тұрғыдан бағалауға болады.

2010 жылы Түркия мен Қытай арасында стратегиялық ынтымақтастық келісіміне қол қойылды. Бірақ ынтымақтастық стратегиялық бір жоспар аясында жалғасты деп айтуға болады. Түркия мен Қытай арасында артып отырған экономикалық ынтымақтастықтың Түркия экономикасына қосар үлесі мол. Алайда Түркияның Қытайға қарсы сыртқы сауда кемшілігі жыл сайын артып келеді. Түркия 2016 жылы Қытайдан 25,4 миллиард долларлық импорт жүзеге асырса, 2.4 миллиард долларлық экспорт жасады. Бұл әрине жалғастыра аларлық бір жағдай емес. Түркия-Қытай экономикалық ынтымақтастықтың күшейтілуі және жалғастыра аларлық болуы үшін Қытайдан Түркияға жасалатын тікелей инвестициялардың артуы керек. Бұл аяда президент Ердоған мен қасындағы делегацияның ресми байланыстары кезінде түрік және қытайлық фирмалар ортақ технология жетілдіруге бағытталған келісімдерге қол қойды.

Қазір түрік іскер және студенттер арпалысып жүрген виза мәселесі, Қытай қабылдаған қауіпсіздік шаралары себепті душар болған жағдайлары жалғасуда. Түркияда 2008 жылы ашылған Қытайдың Конфуций институттарының саны 2016 жылы бастап 5-ке ұласты. Алайда Түркияда бұл институттардың баламасы болған Юнус Эмре Институты әлі Қытайда жұмыстарын бастай алған емес. Конфуций институттарына Түркия жасаған жеңілдікті енді Қытай жасайтын кез келді.

Соңғы жылдары батыс медиасының ДАИШ арқылы Түркияны саяси өзгерістерге итермелеу әрекетіне Қытай да үлес қосуда. Қытай Сирия дағдарысына ұйғырлар мәселесі тұрғысынан қарап отыр. Қытай Сириядағы ұйғыр жауынгерлерге Түркияның қолдау бергенін алға тартып айыптауда. Қытай ресми сөйлемдерінде ұйғырларды ішкі мәселесі ретінде атайды және басқа елдердің араласуына қатты наразылық көрсетеді. Алайда Сирия сияқты Қытайға мыңдаған шақырым қашықтықтағы бір аймақтағы гуманитарлық және ұждандық трагедияға шешім ізденісіндегі Түркияның ұйғырлар мәселесі үстінен айыпталуы Қытайдың қос стандарты.

Қытайда ұйғыр түріктерінің құқықтарын қолдарынан тартып алу мәселесі халықаралық азаматтық қоғамдар тарапынан маңызды түрде күн тәртіпке әкелінуде. Қытайдың қырғи-қабақ соғыс кезеңінде қалыптастырған саяси сөйлемдері мен саяси ұстанымы (сөз еркіндігінен бастап) ұйғыр түріктеріне қарсы маңызды қысымдарға жол ашады. Ұйғыр түріктерінің діни еркіндігі, ана тіл мен саяси салаларда маңызды мәселелері бар. Қытай үкіметінің экономикалық тыныштық және бірге өмір сүру тақырыптарындағы ресми шешімдері өкінішке орай практикалық тұрғыдан маңызды мөлшерде қарсылығын таппайды.

2016 жылдың соңғы айларында (әсіресе 15 шілде төңкеріс әрекетінің артынан) Түркия мен Қытай арасындағы ынтымақтастық қайтадан болымды бағыт алды. Түркия мен Қытай арасында тұңғыш рет министрлік деңгейінде бір кеңес механизмі құрылды. Түркия үшін Қытай тек екі жақты ынтымақтастықтар емес, аймақтық және жаһандық ынтымақтастық тұрғысынан да бағалауға тиісті бір актер. Президент Ердоған Пекин сапары кезінде ашық және нақты бір жолдама жасап, «Түркияның Қытаймен жаңа бір парақ ашқанын» жариялады.

Қытай 11 триллион долларлық жалпы ішкі өнімімен әлемнің ең үлкен экономикасына ие. Қазір Қытайдың Түркиядағы тікелей инвестициялары 600 миллион доллар деңгейінде. Бұл деңгейдің өте төмен екені тақырыбында тараптар ортақ көзқараста. Түркия бүгін шетелдік технологияға бағыныштылығын азайтатындай (бәсекелестік қабілетін жоғалтпай, жаңа бағыныштылықтар шығармай) Қытаймен ортақ жобалар жетілдіруді нысанаға алып отыр. Қытайдың өсуі және халықаралық жүйе ішіндегі қазіргі тұғырын ойлағанда қазір дағдарыс алаңдарына қарамастан Түркия – Қытай ынтымақтастығы жетілу процесін жалғастырады. Түркия-Қытай қарым-қатынастарын Түркияның батыспен ынтымақтастығына альтернатива емес, бұл ынтымақтастықты толықтыратын бір қарым-қатынас ретінде бағалау керек.



Ұқсас жаңалықтар