Түрік әлемінен жаңалықтар - 19

Түрік әлемінің түкпір-түкпірінен жинақталған жаңалықтар

Түрік әлемінен жаңалықтар - 19

Бүгінгі алғашқы хабарымыз Орталық Азия елдерімен байланысты. Орталық Азия мен Жапония диалогы жиналысы Ашғабадта болып өтті.

Орталық Азия елдері мен Жапония диалогына қатысатын елдердің Сыртқы істер министрлерінің 6-шы жиналысы Түрікменстанда болды.

Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінде өткен жиналысқа түрікмен министр Рашид Мередовпен бірге Жапония Сыртқы істер министрі Фумио Кишида,  Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджеддин Аслов, Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Әбділдаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов және Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов қатысты.

Жиналыстан кейінгі ортақ мәлімдемеде аймақтық қауіпсіздік,  сауда және экономикалық инвестициялар, гуманитарлық және мәдени байланыстар, қоршаған орта және табиғи апаттар тақырыбында көзқарас алмасылғаны айтылды.  Қатысушы елдердің ынтымақтастығын тереңдету мақсатымен Қатынас және логистикалық аймақтық іс-әрекет жоспары қабылданды.

Сыртқы істер министрлерінің ортақ мәлімдемесінде Диалог тобы ынтымақтастығының барлық қатысушы елдердің мүддесі назарға алынып жалғасқаны атап көрсетілді. 2017-2018 жылдары кезекті төрағалықты Тәжікстанның атқаруы және 2018 жылы Сыртқы істер министрлері жиналысының Тәжікстанда өткізілуіне шешім берілді.

2004 жылы аймақтық ынтымақтастықтың жетілдірілуі мақсатымен Жапония тарапынан құрылған Орталық Азия елдері мен Жапония диалогы 2015 жылдан бері Түрікменстанның басшылығында жалғасып келген болатын.

**

 Келесі хабарымыз Қазақстаннан. «Қазақстан мен Өзбекстан қатынастары өріс алып келеді» деп аталады.

Екі ел арасында соңғы кездегі болымды саяси жаңалықтар экономикалық салаға да оң әсер етуде.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Астана сапарында келісілген келісімдерден кейін екі ел арасындағы сауда айналымы 37 пайыз артты. 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бұл жолы Шымкент қаласында бас қосты.

 Президенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша екі ел басшыларының күн тәртібінде экономикалық қатынастар болды.  Мирзиеевтің наурыз айындағы Астанаға сапарынан кейін екі ел арасында ынтымақтастықтың жанданғанына назар аударған Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы екі ел арасындағы тасымал және логистика,  автомобиль индустриясы саласының өріс алғанын атап көрсетті. «Жылдың алғашқы ширегінде сауда айналымы 37 пайыз артты» деді ол.

**

Этноспорт мәдениет фестивалі Стамбулда болады.

Мангала,  көкпар,  күрес, садақ ату, асық секілді ұлттық спорт түрлерінің жандандырылуы мақсатымен ұйымдастырылған Этноспорт мәдениет фестивалі мен Стамбул Жастар фестивалі таныстырылды.

Стамбулдағы таныстыру жиналысына Жастар және спорт министрі Акиф Чагатай Кылыч, Бүкіләлемдік Этноспорт конфедерациясы төрағасы Билал Ердоған,  Стамбул қалалық муниципалитеті төрағасының орынбасары Гөксел Гүмүшдағ, Түркия Саяхат агенттіктері одағының басшысы Башаран Улусой да қатысты.

Стамбул Жастар фестивалі 3 мамыр күні басталып, 7 мамыр күніне дейін жалғасты.  Ал Этноспорт мәдениет фестивалі болса 11-14 мамыр күндерінде өткізіледі.

Жастар және спорт министрі Акиф Чагатай Кылыч Этноспорт мәдениет фестивалінің жастардың ұлттық құндылықтарды ұмытпауы үшін тамаша мүмкіндік екенін айтты.

Этноспорт мәдениет фестивалінің біріншісін өткен жылы өткізгендерін еске салған Бүкіләлемдік этноспорт конфедерация төрағасы Билал Ердоған «Өткен жылғы фестиваль үлкен ықыласқа бөленді. Үш күнде 150 мың азамат келді. Биыл фестивальді Йеникапы алаңында өткіземіз» деді.

Аталмыш фестиваль аясында 6 көрме ашылады. 11 ұлттық спорт саласынан сайыстар өткізіледі.

Майлы күресте 300-ге тарта палуан күреседі. Атты спорттар ұйымдастырылады. Сонымен бірге 26 ұлттық балалар ойыны таныстырылады. Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасы ТИКА-ның Түрік ауылы құрылады.

**

Бағдарламамызды Түрікменстаннан бір хабармен жалғастырамыз. «Түрікменстанда темекімен күрес» деп аталады.

Түрікменстанда темекімен күрес аясында жаңа жоба басталды. «Бір ай темекімен күрес» акциясы қатысты министрліктер және әкімшілік өкілдері,  жастар және көптеген қонақтың қатысуымен Ашғабадта өтті.

Акцияның мақсаты - бір ай бойы темекінің зияндарын қоғамға түсіндіретін шаралар ұйымдастыру. Акцияның таныстырылымында Түрікменстанның темекімен күрестегі табыстары баяндалды. Елде темекімен күрес аясында тұмансыз ауа кеңістіктерінің кеңейтілгені атап көрсетілді.

Түрікменстанда 2000 жылдан бері халыққа ашық алаңдарда темекі шегу тыйымы жалғасып келеді. Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының Темекі бақылау келісімі Түрікменстан парламентінде 2011 жылы бекітілді. 2013 жылы Азаматтардың түтін тұманына душар болуының алдын алу және темекінің зиянды қорытындысынан қорғау заңы қабылданды.  Соңғы рет 14 сәуір күнгі министрлер кабинеті жиналысында болса Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының 2017-2021 жылдар аралығында түтінмен күрес келісімін жүзеге асыру мақсатымен дайындалған ұлттық бағдарламаға мемлекет басшысы қол қойды. Ашғабадта жүргізілетін «Бір ай темекімен күрес» акциясы да осы ұлттық бағдарламаның бір бөлшегі болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар