ЕҚЫҰ-ның Түркиядағы бүкілхалықтық референдум рапорты

Түркия және Еуразия тынысы 19

ЕҚЫҰ-ның Түркиядағы бүкілхалықтық референдум рапорты

Атазаң және атқарушы биліктің екі бастылығы Түркияда ұзақ жылдар дау туғызған маңызды тақырыптардың бірі еді. Түркия бұл тақырыптармен байланысты 16 сәуір күні бүкілхалықтық референдум өткізді. Референдумнің артынан  Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бүкілхалықтық референдуммен байланысты бір рапорт жариялады. Рапорт көбінесе шындыққа жатпайтын және қияли қауесеттерден тұрады. Рапорттың жазылу әдісі мен қауесеттер ЕҚЫҰ сияқты бір ұйымға жараспайды.

Бүкілхалықтық референдум үшін ЕҚЫҰ Түркияға 73 бақылаушы жіберді. Тәуелсіз және бейтарап болуға тиісті бұл бақылаушылар осы ерекшеліктерге ие емес еді. Германия азаматы Андрей Хунко, Испания азаматы Лорена ле Лакалле, Австрия азаматы Зерифе Яткын сияқты бақылаушылардың террор ұйымы ПКК жақтаушысы және референдум науқаны бойынша «қарсы» дауыс акциясына белсенді қатысқандарын байқадық. ЕҚЫҰ тарапынан дайындалған рапортта тек қана «қарсы» дауыс акциясын жүргізген саяси партиялардың аргументтері орын алды. ЕҚЫҰ рапортын оқыған кезде мұның маргиналдық топтар тарапынан жазылғанын ашық түрде байқауға болады.

ЕҚЫҰ-ның қауесеттеріне қарағанда референдумнің маңызды тақырыптарымен байланысты сайлаушыларға бейтарап ақпарат бөлісілмеді және азаматтық қоғамдардың қатысуы мүмкін болмады. Бұл дұрыс емес. Ақырында мұндай сайлауда бейтарап ақпарат бөлісу мекемелердің емес, азаматтық қоғам мен баспасөздің міндеті. Түркияның мекемелік органдары бұл тақырыптағы талпыныстарға кедергі жасамады және бейтарап жарияланымдар үшін лайықты ортаны қамтамасыз етті. Мысалы Түркиядағы ең мықты және кең тараған азаматтық қоғам ұйымдарының бірі ретінде Түркия адвокаттары одағы «қарсы» дауыс үшін ел көлемінде белсенді акция жүргізді.

ЕҚЫҰ-ның алға тартқанына қарағанда Түркияда сайлау ережелері халықаралық бақылау және партиялармен байланысы жоқ азаматтардың бақылауына рұқсат бермейді. Бұл негізсіз бір сөз. Өйткені мұндай бір тыйым немесе шектеу жоқ. Қазіргі сайлау ережелері және Жоғары сайлау кеңесі қабылдаған шешімдер арасында партиялармен байланысы жоқтардың дауыс берілген жерлерде болуына, сандық қызметкері ретінде арыз беруіне кедергі жасайтын бір реттеу жоқ. Халықаралық бақылау қызметі ашық түрде белгілі ЕҚЫҰ-ның сайлау бақылаушылары тарапынан мұндай бір қауесеттің алға тартылуы өкінішке орай манипуляция мақсатты болып табылады.

ЕҚЫҰ-ның тағы бір қауесетіне қарағанда медиада бір жақ салмақты түрде орын алды және медиаға бағытталған қысымдар сайлаушылардың көптік көзқарастарға қол жеткізуіне кедергі жасады. Бұл да негізсіз қауесеттердің бірі. Әйтпесе ондаған жоғары тиражды газет пен ондаған үлкен телеарна «қарсы» дауыс акциясына кең орын беріп, белсенді түрде жұмыс істеді. Сондай-ақ Еуропадан бастап батыс медиасының көпшілігі «қарсы» дауыс акциясы жүргізіп, Еуропадағы түрік сайлаушыларға ықпал етуге тырысты және қысым жасады.

ЕҚЫҰ-ның тағы бір сөзіне қарағанда референдумда ұсынылған өзгерістердің ешқайсысы дауыс беру құжатында орын алмаған, сайлаушылардан жай «қабылдау» немесе «қарсы» дауыс берулері талап етілген. ЕҚЫҰ Еуроодақтағы ережелерден бейхабар. Әйтпесе Еуроодаққа мүше көптеген елде жүзеге асқан бүкілхалықтық референдумдерде сайлаушыларға «қабылдау» немесе «қарсы» дауыс ұсынылады. Бұл әдіс «плебисцит» деп аталады. Әсіресе атазаңға өзгеріс енгізулерде плебисцит әдісі жиі қолданылады. ЕҚЫҰ-ның бұл сынының ізгі ниетті еместігі өте ашық. Өйткені референдум пакеті төрт ай бұрын Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) ұсынылды және Мәжілісте қабылданған соң күн сайын әртүрлі платформада талқыланды.

ЕҚЫҰ-ның тағы бір қауесетіне қарағанда бүкілхалықтық референдум негізгі адам құқықтары шектелген төтенше жағдай жарияланған бір ортада жүзеге асты. ЕҚЫҰ-ның бұл сөзі де шындықтан аулақ. Алдымен мұны айтқан жөн. Төтенше жағдай барлық демократиялық мемлекет режимдерінде орны бар және қажетті жағдайда іске қосылатын бір басқару әдісі. Мемлекеттер демократияға қауіп төндірген ықпалдарға қарсы мекемелік тәртіпті сақтау, негізгі хақ пен еркіндіктерді кепілдікке алу үшін қажетті заңдық шаралардың жауапкершілігін қабылдау құқығына ие. Түркия Республикасы бастан кешкен төңкеріс әрекеті және  PKK/DEAŞ/FETÖ сияқты көптік террор қауіптері төтенше жағдайды міндетті қылады. Төтенше жағдай адамдардың күнделікті тіршіліктеріне кері әсер етпейді. Тек қана террормен күрес мақсатты іске қосылған. Төтенше жағдай аясында адамдардың сайлау және сайлану құқығынан бастап, саяси құқықтарымен байланысты кезкелген бір шектеу жасалмады. Басқа тараптан Францияда 5-ші рет жарияланған және 2017 жылы 15 шілдеге дейін жалғасатын төтенше жағдай кезеңінде болып өткен және өтетін сайлау туралы ЕҚЫҰ кезкелген бір уайым тілге тиек етпей тұрғанда Түркиямен байланысты үздіксіз төтенше жағдайды күн тәртіпке әкелуі ашық түрде мақсатты бір ұстанымның көрсеткіші болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар