Референдум – демократия үшін жеңіс

Түркияда тарихи референдум болды.

Референдум – демократия үшін жеңіс

Түркияда тарихи референдум болды. 58 пайыз сайлаушы дауыс қолданған референдумда 51,4 пайыз адам президенттік үкімет жүйесін қабылдады. Осы референдумды маңызды қылған нәрсе Түркияның замандас тарихында бірінші рет төңкерісшілердің емес, елді қалай басқару керектігіне халықтың шешім бергені болып табылады.

2019 жылдың қараша айында күшіне енетін жаңа үкімет жүйесі әлсіз коалиция  үкіметтерін доғарады, Түркия демократиясын төзімді қылады және биліктерді нығайта түседі. 1960 жылдан бері кемінде төрт рет сайланған бір үкіметті армия төңкерді.  Әскери басқару жүйелері тарапынан жобаланған парламентар жүйеде өмірі қысқа коалиция үкіметтері саяси аренаны бөлшектерге бөліп,  экономика мен саяси мекемелерді әлсіретіп,  әскери килігулердің алдын ашатын еді.

Жаңа басқару жүйесінде Түрік президенттері атқару билігінің басында болады, билікке келуі үшін халықтың көпшілігінің қолдауын алуы керек. Сонымен бірге жүйе төңкерісшілердің сайланған өкілетті тұлғалардың құқықтарын тартып алуының алдын алады. Жаңа басқару жүйесі атқару билігінің өкілеттіктерін арттыра отырып, мәжіліске де ауқымды өкілеттіктер береді. Тарихта бірінші рет депутаттар президенттің істерін тергей алады және президентті биліктен алу үшін ерте сайлауға шақыру тастайды. Басқаша айтқанда,  Түркияның жаңа басқару жүйесі президенттің өкілеттіктерін шектейтін механизмдерді де қамтиды.

Соңғы күндері референдум жөнінде көптеген қауесеттер, теориялар ортаға шықты. Жеңіліп қалған негізгі оппозиция партиясы қолында айғақ болмаса да,  қорытындының ұлттық ерік-жігерді көрсетпейтінін алға тартты. Қайтадан референдум өткізілуін талап етіп, Жоғары Сайлау комитетіне өтініш берді.   Сандық қызметкерлерінің бюллетеньдерге мөр баспауын айғақ ретінде көрсетіп, дауыстардың жарамсыз деп табылуын сұрады.  Сол партия 2015 жылғы сайлауда сандық қызметкерлерінің қателерінің дауыстарды жарамсыз деп көрсетпейтінін айтып,  Жоғары Сайлау комитетіне өтініш берген еді. Жоғары Сайлау комитеті 1984 жылдан бері бірнеше рет болғаны секілді 2015 жылы да оппозиция партиясымен бірдей ойда болды.    

Дауыс беру округтерінде екі жақтың да өкілдері бар деп ойласақ,  заңсыздық жасау мүмкін емес.  Тіпті оппозиция партияларының өкілдері көптеген мәрте мөрсіз бюллетеньдерді мақұлдады.

     Сонымен қатар халықаралық бақылаушылар түрік саясатында бір жақты қолдады.  Олардың рапорттары «қарсы» акциясын жүргізгендер және шетелдік баспасөз тарапынан референдумда заңсыздықтың дәлелі ретінде көрсетілді. Халықаралық бақылаушылардың Түркия және Еуропа Одағы тарапынан террористік ұйым ретінде қабылданған PKK-ның байрақтарымен бірге түскен суреттері әлеуметтік медиада ортаға шықты.

Осылардың барлығына қарамастан,  Атазаң дәстүрі 19-ғасырдың басынан келе жатқан Түркия одан да мықты және төзімді демократия үшін үлкен қадам басты. Енді алдымыздағы қиын кезеңге шоғырлануымыз керек.

Референдумнан бұрын Түркияның Еуропа Одағымен қарым-қатынастарының болашағы жөнінде сұрақтар күн тәртібіне келген болатын.  Кейбір Еуропа елдері түрік министрлер және Атазаң өзгерісін қолдағандардың өз елдерінде түрік сайлаушылармен кездесуіне кедергі болып,  «қарсы» акциясын жүргізгендерге де көмек көрсетті.  Осылардың барлығы Брюссельге деген Түркияның сенімін азайтты.

Референдумнан бері де Еуропадағы асыра оңшыл қозғалыстар түрік азаматтарын елдерінен қууға талпынуда. Бұл да осы құрлықтың болашақтағы бағыты жөнінде кейбір сұрақтар туғызады. Еуропалық басшылар НАТО-ның үлкендігі жағынан екінші армиясына ие Түркиямен жолын бөлу тақырыбында ойлануы керек.  Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған айтқандай Брюссельдің Түркияның мүшелік процесіне шынайы түрде қарауын күтеміз. Түркия мен Еуропа Одағы арасында қол қойылған босқын келісімінен кейін еуропалық басшылар өздерінің міндеттерін атқармады.  Осыған қарамастан түріктер үш миллион сириялық босқынды қонақ қылуда.  Түркия ұлттық табысынан гуманитарлық көмектерге ақша бөлген елдер арасында бірінші кезекте келеді.

    Сонымен бірге түрік арнайы жасақтары Еркін Сирия армиясымен бірге екі мың шаршы километрлік алаңды ДАИШ содырларынан құтқарып,  босатты. Түрік армиясы оқытып дайындаған еріктілер жасағы болса Ирактың Мосул қаласында ДАИШ-ке қарсы күресіп жатыр. Таяу Шығысқа бейбітшілік және тұрақтылық орнату тақырыбында дос және одақтастарымыз Түркияның ұзын мерзімді уәделеріне сенеді.

Атазаңдық реформаларды қолдап дауыс берген түрік халқы елдің әлсіз,  өмірі қысқа және сәтсіз коалиция үкіметтері тарапынан басқарылуының алдын алды. Осындай биліктер салдарынан 1970-1990 жылдар аралығында экономика құлдыраған болатын.

Әрбір елдің өзіне тән қиыншылықтары болады.  Әрбір ел тарихтан сабақ алады.  Түрік халқы үшін 20-ғасырдың ең маңызды дәрістерінің бірі – саяси тұрақтылықтың дамудың итермелеуші күші екені шындығы. Миллиондаған түрік елінің болашағын ғасырлар бойы кепілге алатын бір реформа үшін дауыс берді.



Ұқсас жаңалықтар