Мұсылман әлемнің ақыл-ой және рухани құлдырауы

Мұсылман әлем қазіргі «кедейліктен» өзін құтқаруы керек және интеллектуалды,  моральдық атмосферасын қайта құруы тиіс.

Мұсылман әлемнің ақыл-ой және рухани құлдырауы

Мұсылман әлем қазіргі «кедейліктен» өзін құтқаруы керек және интеллектуалды,  моральдық атмосферасын қайта құруы тиіс.  Өз дәстүрі мен тамырына тәуелді бола отырып,  әлемге көкжиегі кең көзқараспен қарауы қажет.

Мұсылман әлем жікшілдік,  кедейлік және нашар басқарудан азап шегіп отыр.  Бұрынғылар «Бейбітшілік елі» деп атап кеткен топырақтарда саяси бөлінушілік үстемдік құрып отыр. Азаматтық соғыстар,  секталық және тайпалар арасы қақтығыстар,  басып алушылықтар, әскери төңкерістер,  сәтсіз мемлекеттер мен әлсіз үкіметтер мұсылман елдердің табиғи және адами күштеріне зиян келтіруде.  Сонымен қатар саяси бөлінушілік пен жікшілдіктен де көп уайым туғызатыны мұсылман әлемді тұйыққа тіреп отырған нәрсе – ақыл-ой және рухани құлдырау, жікшілдік.

Мұсылман империялар, мемлекеттер мен әмірліктер саяси жікшілдік және күш қақтығыстарынан өз үлестеріне түскенді алды. Алайда Балқан мен Африкадан Таяу Шығыс пен Оңтүстік шығыс Азияға дейін созылған мұсылман қоғамдарға бас қостырған қоғамдық арман,  әлеуметтік қиял әрқашан мықты болып келді.  Бірдей интеллектуалды және рухани көзқараста болу – үмбеттің ең мықты қасиеті болатын.  Мұсылман әлемді ақыл-ой және рухани түрде бірлестіріп тұрған нәрсе саяси,  этникалық және секталық өзгешеліктерден асып түскен болатын. Мұсылман әлем бүгінгі таңда осы рухты қайтадан табуға мәжбүр.

Дәстүрлі мұсылман интеллектуалды көзқарасы мен қоғамдық арманы бір болу (уахдет), әділет және парасатқа негізделген болатын. Айырықша құдайдың сүйіспеншілігі мен басқа біреуге деген сүйіспеншілік те Алла Тағаланың шексіз мейірімі мен кешірімділігінен келіп,  осы жағдайға негіз болған басқа бір іргетас болатын. Адамдар нанымдарының бір бөлшегі ретінде Алланы,  табиғатты және басқа адамдарды жақсы көруге міндетті. Әлем адамдарға «аманат» ретінде берілді және олардан осы аманатқа қиянат жасамаулары сұралады. Осы көзқарас,  дүниетаным сонымен бірге әлемнің, яғни бұл дүниенің пәнилігі мен мүмкіндіктердің шектеулі екенін айтады. Біз өмір сүретін әлем өздігінен тұрған жоқ. Өз өзін басқаратын болмыс емес. Бір мақсатқа қызмет ету үшін бар және бұл да соңы бар/шегі бар адам баласына осы әлемде наным,  әділет және парасат орнату үшін мүмкіндік берілген.  Тек жақсылықтарымыз, істеген игі істеріміз ғана адамдығымызға өлшем болады.

Осы белгілі дүниетаным мен оның адамдар үшін мағынасы мұсылман әлеміндегі барша азаматтың іс-қимылына сіңген болатын. Қарапайым диқан мен етікшіден ұлы сәулетші,  ғұламаларға,  саудагерлер мен мемлекеттік қайраткерлерге дейін барша мұсылман бұл дүниенің қиыншылық пен проблемаларынан да асып түсетін махаббаттың, ақиқаттың интеллектуалды және рухани  атмосферасынан тыныс алатын. Армиялар, соғыстар және империялар өтті тарихтан,  алайда мұсылман қоғамдардың моральдық іргетасы әрқашан сақталып қалды.

Мұсылман әлемнен нәр алған ең ірі ғылыми,  өнер және рухани туындылардың мұсылман жеріне жасалған ең үлкен екі шабуыл – крестілер мен моңғол шапқыншылығы кезінде және олардан кейін шығуы кездейсоқ емес. Крестілер Иерусалимді 1099 жылы алды және осы қасиетті жерді бұрын соңды кездеспеген түрде қанға бояды. Моңғолдар алдарына шыққан барлық нәрсені жойды және 1258 жылы Бағдат көшелерін бірнеше күн бойы қанға бояп, бір кездері мықты болған Аббаси империясын жойып жіберді.  Мұсылмандар арасында саяси соғыс 12 және 13-ғасырларда және одан кейін еш үздіксіз жалғасты.  Бірақ бұлардың ешқайсысы интеллектуалды және рухани ғылымдардың барлық саласында мұсылман даналардың ұзын тізбегінің ортаға шығуын және жетілуіне кедергі бола алмады.  Имам Ғазали, Фахред-Дин Әр-Рази, Джалалуддин ас-Суюти, Ибн Сина,  Ибн Рүшд, Ибн Хазм,  Ибн Туфайл, Ибн Бажжах, Мәулана Джелаледдин Руми, Ибн Араби,  Сухраварди, Бируни, Насир ад-Дин Ат-Туси, Ибн Халдун және басқалары өздерінің төңірегіндегі саяси және әскери кикілжіңдер, қақтығыстарға қарамастан ғаламдық деңгейде бір өркениет құрды.

Ірі саяси қақтығыстар мен әскери қантөгістер қарапайым адамдармен бірге ғылыми және өнер қауымының шығармашылығы үшін де бір құн, бір зиян қалыптастырды.  Бірақ бұл интеллектуалды жалқаулық пен моральдық конформизмді ақтау үшін ешқашан сылтау болмады. Керісінше үмбеттің интеллектуалды және рухани көсемдері дағдарыстарды көркейтуші қылу үшін мүмкіндіктерге айналдырды. Туындыларын шығару үшін саяси және әскери дағдарыстардың шешілуін күтпеді. Керісінше төзімді, көпке баратын туындылардың тойтарысы мен жасампаздығы ұзын мерзімде саяси қақтығыстардың шешілуіне көмектесті.

Мұсылман ойшылдардың,  ғалымдардың және өнер қайраткерлерінің өздеріне тән көзқарастары,  көзқарас айырмашылықтары мен таластары болған шындық.  Алайда сонда да ғасырлар бойы ғылыми және өнердегі дәстүрді жалғастырған ортақ әлеуметтік ой-пікір және интеллектуалды көзқарастары болды.  «Түрлілік ішінде тұтастық» принцибін жалғастырған атмосферада жұмыс істеді.  Осы тұтастықтың, бірліктің бір пішіндес еместігін және түрліліктің де хаос еместігін қолдады.

Осы интеллектуалды және рухани көзқарастағы бірлік пен тұтастықтың бүгінгі мұсылман әлемінде жоқ екенін білеміз. Мұсылман зиялылар не өз дәстүрлеріне тәуелділік сезінбейді,  не болмаса жаңа әлемдік дүниетанымы бар модернизмді сіңіре алмады. Көркем, керемет бір тарих, қақтығыстарға толы қазіргі заман және белгісіз келешек арасында не істерін білмейді. Жаһанданған және өзара ұйымшылдық артып отырған қазіргі әлемде ұлттық,  мәдени және секталық куәліктер көзқарасымыз бен реакцияларымызды бұлыңғыр күйге келтірді. Қорытынды болса құны ауыр ақыл-ой және рухани құлдырау,  бөлінгендік қазіргі айырмашылықтар мен жікшілдікті тереңдете түсуде. Бір-біріне жат болуды арттыруда және соңы келмейтін қақтығыстар мен дау-дамайға жол ашуда.

Мұсылман әлемі осы кедейліктен құтылуы керек және интеллектуалды және рухани  әлемін қайта құруы тиіс. Өз дәстүрлері мен тамырына тәуелді болып,  әлемге ашық көзқараспен қарауы керек. Саяси келіспеушілікті тек қазіргі әлемді түсінуге бағытталған ортақ принциптер жиынын бойымызға сіңіргенде ғана жеңе аламыз.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калынның 26 сәуір күні «DailySabah» газетінде жарияланған мақаласы.



Ұқсас жаңалықтар