Түркияның бүкілхалықтық референдумі

Түркия және Еуразия тынысы 17

Түркияның бүкілхалықтық референдумі

Түркия бір жағынан DEAŞ/PKK/FETÖ сияқты террор ұйымдарымен бар күшімен күресіп жатқанда, басқа жақтан 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің іздерінен құтылуға тырысуда. 15 шілде күнгі рисктер әлі жалғасуда. Бұл шарттарда Түркия Республикасына тыныс алдыру үшін Әділет және даму партиясы мен Ұлтшыл қозғалыс партиясы атазаң өзгерістерін дайындады. Бұл өзгерістер 16 сәуір күні түрік ұлтының бекітуіне ұсынылды. Бүкілхалықтық референдумда 51,41 пайыз «қабыл» дауысы берілді. Осылайша атазаң өзгерісі түрік ұлты тарапынан қабылданды.

Түркия Республикасының қазір іс жүзіндегі 1982 жылғы атазаңы әсіресе президенттің міндеті мен жауапкершіліктері тұрғысынан классикалық парламент жүйесінде үлкен мәселелер туғызуда. 1982 жылғы атазаңның құрамындағы төңкеріс рухы қазірге дейін жасалған 18 бөлек  өзгеріске қарамастан жойыла алмады. 2014 жылы президенттің тұңғыш рет халық тарапынан сайлануы себепті жүйедегі дағдарыс күрделене түсті. Міндет пен жауапкершілік парадоксы бір жүйе дағдарысына жол ашты.

1980 жылы 12 қыркүйек төңкерісімен басталған 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетіне дейінгі кезең атазаң нормаларын, міндет пен жауапкершіліктерін нақты түрде белгілеу үшін маңызды бір атазаң өзгерісін міндетті қылды.

Әділет және даму партиясы мен Ұлтшыл қозғалыс партиясы дайындаған және бүкілхалықтық референдумда қабылданған атазаң өзгерісінің ішкі мазмұны былай:

  • Атазаң өзгерісімен үкіметтік жүйе өзгереді. Атқарушы екі билік жойылады. Атқарушылық міндеті президентке жүктеледі.
  • Заң шығару жауапкершілігі арнайы түрде Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне тапсырылады. Үкіметтің заң жобаларымен заң шығару органына билік жасауының алды алынады. Заң шығару және атқарушы билік толығымен бір-бірінен айырылады. Биліктердің бөлінуі нақты түрде белгіленеді.
  • Президенттің жеке және заңдық қол сұғылмаушылығы жойылады. Тек қана отанға опасыздық емес, әртүрлі қимыл мен жұмысы тұрғысынан жауапқа тартылып, саяси жауапкершілік жүктеледі.
  • Заң шығару және атқарушы биліктің нақты түрде бір-бірінен айырылуымен Түркия Республикасы азаматтары екі бөлек сайлауда бір-бірден дауыс беріп, атқарушы билікті тікелей сайлайды.
  • Үкіметті құрған саяси партия мен заң шығаруда көпшілікке ие партияның бірдей болуы міндеті жойылады.
  • Президенттің саяси партиясымен байланысын үзу туралы үкім жойылады. Сайлауда үміткерлік жасы 18-ге шегеріледі, осылайша түрік жастарының саясатта алды ашылады. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) мүше саны 600-ке өсіп, мұнымен ТҰҰМ-нің өкілдік қабілеті арттырылады.
  • Президенттік жарлықтардың заңдық күші болмайды. Жарлықтар заңмен реттелген тақырыптарды қамтымайды. ТҰҰМ бірдей тақырыпта бір заң шығарған жағдайда, жарлықтың күші жойылады. Сондай-ақ жарлықтар Атазаң сотының бақылауында болады.
  • Жоғары сотқа жіберу жеңілдетіледі. Осылайша заң шығару органының билікті бақылау күші арттырылады.
  • ТҰҰМ мен президенттік сайлау 5 жылда бір рет және бір күнде өткізіледі. Президент сайлауды қайта өткізуге шешім қабылдаған жағдайда, өзінің міндеті де жойылады.
  • Соттың тәуелсіздігі сияқты бейтараптығы да атазаң үкімімен бекітіледі. 13 мүшеден тұратын Төрешілер мен прокурорлар жоғары кеңесінің (HSK) 7 мүшесін тұңғыш рет ТҰҰМ сайлайды.

Жаңа жүйенің ең маңызды өзгерістерінің бірі - халықтың билікті тікелей сайлауы. Жаңа жүйеде заң шығару және атқарушы билік органдары бір-бірінен нақты түрде айырылғаны себепті үкімет енді парламенттің ішінен сайлана алмайды. Осы әдіспен сенім дауысын халық өзі қолданатын болады.

Жаңа жүйемен байланысты бір адамның өктемшілдік қалыптастыратыны жөнінде қауесеттер алға тартылуда. Бұл қауесеттерге қарама-қайшы жаңа жүйемен келген үштік теңгерім мен бақылау механизмінің арқасында диктатура еш мүмкін емес. Өйткені биліктің барлық жұмыс пен қызметі заң шығарушы орган мен соттың бақылауында болмақ. Жасалған реттеулер дағдарыстардың алдын алып, бір консенсус мәдениетін жетілдіріп, азаматтар арасындағы ортақ мүддені арттырады.

Қорытып айтқанда, 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетімен шайқалған Түркия тағы бір қиылыстан табыспен өтті. Мемлекеттің әлсіздігі, жылдам шешім қабылдай алмауы, басқаруда жеке және заңдық дағдарыстар жалғасқан сайын Түркияның 2023 пен 2053 нысаналарына қол жеткізуі қиын еді. Мемлекетті күшейту үшін алдымен қоғамдық келісімді яғни атазаңды жаңарту дұрыс бір бастама болатын. Ақырында Әділет және даму партиясы мен Ұлтшыл қозғалыс партиясы шешімнің шетелдік күштердің қолында емес, түрік ұлтының өзінде екенін байқады. Түрік халқы өз болашағы үшін соңғы шешімін өзі қабылдады. Осылайша түрік ұлты консенсус арқылы бүтіндесіп күшейді және болашағын кепілдікке алды.



Ұқсас жаңалықтар