Түрік әлемінен жаңалықтар – 18

Осы бағдарламада да сіздерге маңызды жаңалықтар ұсынамыз.

Түрік әлемінен жаңалықтар – 18

  Бірінші хабарымыз Түрікменстаннан.

Хабарымыз «Түркия мен Түрікменстан қатынастарының 25 жылдық конференциясы» деп аталады. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай Ашғабадтта конференция өткізілді.

Бауырлас елдер Түрікменстан мен Түркия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастарға 25 жыл болуына байланысты Ашғабадтағы Түркия өкілетті елшілігі мен Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі бірігіп конференция ұйымдастырды. Конференцияда Түрікменстан-Түркия қатынастарының тарихи өткені мен бүгінгі жағдайы талқыланды,  болашаққа бағытталған ұсыныстар айтылды.

Конференциядан бұрын Ашғабадтағы Түркия өкілетті және төтенше елшісі Мұстафа Капужу мен Түрікменстан Халықаралық қатынастар институты ректоры Баба Захиров екі ел қатынастарының оң бағытын суреттейтін фотосурет көрмесін ашты.

Конференцияға Түркиядан Таяу Шығыс Техникалық Университетінің оқытушысы Проф. Октай Танрысевер және Гази Университетінің оқытушысы Доц. Бекир Түмен Сомунджуоғлу, Түрікменстан Халықаралық Қатынастар Институты оқытушылары Алтын Махмутова және Кочмурат Атаев баяндамашы ретінде қатысты.

Баяндамашылар түрікмен және түрік халықтары арасындағы бауырластықтан келетін ортақ мәдениетті атап көрсетті. Түрікменстандағы негізгі инвестициялар және Аваза туризм орталығының құрылысында түрік мердігерлердің роліне назар аударған түрікмен баяндамашылар ТИКА-ның экономикалық саладағы, білім және мәдениет саласындағы жобаларына да назар аударып, мақтау айтты.

Конференцияға Ашғадабтағы шетелдік миссия өкілдері,  Халықаралық Қатынастар Институты және Гуманитарлық ғылымдар Университеті оқытушылары, студенттер, Түрікменстанда тұратын түрік азаматтар мен Ашғабад Түрік Анадолы лицейінің оқушылары тыңдаушы ретінде қатысты.

Конференцияның беташарында сөз сөйлеген Өкілетті және төтенше елші Мұстафа Капужу 1991 жылдың 16 желтоқсан күні Түрікменстанның тәуелсіздігін таныған және артынан 1992 жылы 29 ақпан күні Түрікменстанмен дипломатиялық қатынас құрған, Ашғабадта елшілік ашқан бірінші елдің Түркия Республикасы екеніне назар аударды.

**

Тарихи «Жібек Жолы» мәдениет туризмі арқасында жанданады.  Түркітілдес елдер ынтымақтастық кеңесі тарапынан тарихи Жібек Жолын мәдениет және сауда туризміне қосуға бағыттап дайындалған тур пакеті Түрік Кеңесінің орталық ғимаратында таныстырылды.

Түрік Кеңесінің бас хатшысы Рамиль Хасанов мәдениет туризмі тақырыбында балама дистанциялар іздегендер үшін арнайы пакет дайындағандарын,  жобаны жүзеге асыру үшін 3 жыл жұмыстанғандарын білдірді.  Хасанов Түрік Кеңесіне мүше елдер Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан және Қырғызстанның жобаға мемлекет басшылары деңгейінде қолдау бергендерін,  3 жылдық саяси қолдау беретіндерін, мақсаттарының 1 миллион турист екенін атап айтты.

Жібек Жолына байланысты көптеген жобаның жүзеге асырылғанын еске салған Рамиль Хасанов былай деді: «Алайда туризм саласында 4 ел бірігіп отырған алғашқы жоба – осы. Біз Еуропадан және Қиыр Шығыс елдерінен мәдениет туризміне қызыққан туристерді күтеміз. Тур көңілді және мағыналы өтеді деп күтеміз»

Мәдениет және сауда туризмі мағынасында аталмыш аймақта үлкен кемшіліктер мен бос алаң бар екенін атап көрсеткен Хасанов Түркия Республикасы Премьер-министрлік Таныстыру фонды және Түрік Әуе жолдарының демеушілігімен жүзеге асатын жобаның бір тарихи тамырдан келетін бауырлас елдер арасында да көңіл көпірін құратынына сенетіндерін айтты.

Хасанов алдыңғы сатыда журналистер, саяхат агенттіктерінің өкілдері және зерттеушілерді сапарға шығаратындарын білдіріп: «Шақыруымыздың себебі – сындарын бізге айтып жеткізулері. Осы арқылы біз турға байланысты кедергілерді байқап,  жақсы қорытынды алып,  кемшіліктерді жөндеу үшін жұмыстанамыз» деді.

14 күн деп жоспарланған «Заманауи Жібек Жолы ортақ тур пакетінде» тарихи Жібек Жолы өткен қалалар маршрутқа алынады.  Тур Түркиядан Кайсери, Невшехир, Кония және Стамбул, Әзірбайжаннан Генже, Шеки, Шамахы мен Баку, Қазақстаннан Алматы,  Шымкент, Түркістан, Отырар және Талас, Қырғызстаннан Баласағұн, Нарын,  Чолпан-Ата, Ыстықкөл және Бішкек қалаларын қамтиды.

**

 Кезекте Қазақстаннан бір хабарымыз бар.

Қазақстан Республикасының президенті латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін әзірлеуді тапсырды.

Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан мақаласында 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдауды жүктеді.

«2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісу керек. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиісті» деді ол.

Қазақ басшы алғашқы сатыда латын және кириллицаның бірге қолданыла тұратынын айтты.

Кеңес Одағынан шыққан Әзірбайжан, Молдова, Түрікменстан және Өзбекстан латын әліппесін қолдана бастады.  Өзбекстан ресми түрде латын әліппесіне өтсе де,  кириллицаны да қолданып келеді. Қырғыз Республикасы мен Тәжікстанда болса кириллица әлі күнге қолданылуда.

 

 



Ұқсас жаңалықтар