16 сәуір: Түрік демократиясы үшін тарихи күн

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калынның 19 сәуір күні  «DailySabah» газетінде жарияланған мақаласы

16 сәуір: Түрік демократиясы үшін тарихи күн

Тарихи 16 сәуір күні Түркияның ел іші және аймақтық мәселелерді қолға алу барысында ауқымды өкілеттіктерге ие болуы үшін қажетті атмосфераны дайындайды және елдің демократиялық мәдениетінің нығаюына көмектеседі.

16 сәуір күні миллиондаған түрік азаматы сандыққа жүгініп,  парламенттік жүйенің орнына президенттік үкімет жүйесін де қамтыған атазаң өзгерісіне дауыс берді. Сайлаушылардың 86 пайызы қатысқан референдум сонымен бірге рекорд болып табылады.  Бұл да түрік демократиясының қаншалықты мықты екенін көрсетеді.  Сайлаушылардың 51,4 пайызы өзгерістерге қолдау беріп, «қабыл» дауысын қолданды.  Осылайша Түркияның заманауи саяси тарихында жаңа парақ ашылды.

Референдумның бірнеше маңызды қорытындысы бар.

Барлық нәрседен бұрын 16 сәуір референдумы түрік демократия тарихында бетбұрыс болды.  Тарихта бірінші рет елдің қай жүйемен басқарылатынына төңкерісшілер емес,  түрік халқының өзі шешім берді. 1960 жылы болған әскери төңкерісте Түркияның демократиялық жолмен сайланған үкіметі төңкеріліп,  президенттік міндетінің саяси партиялармен байланысы үзіліп,  әлсіз коалиция үкіметтерді ортаға шығаруды мақсат еткен әлсіз парламенттік жүйе орнатылған болатын. Осы реттеу сайланғандардың әскери басқару жүйесінен әлсіз болуын кепілге алып, әскери өкілдердің саясат анықтауына,  үкіметтерге отставкаға кетуге қысым жасауына немесе сайланған кісілерді төңкеруге мүмкіндік беретін. Түркия қаншалықты 2002 жылдан бері президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында саяси тұрақтылыққа ие болса да, елдің болашақта табыссыз коалиция  үкіметтері тарапынан басқарылу қаупі әрқашан бар.  Түрік халқы жексенбі күні атазаңға өзгеріс енгізуді қабылдау арқылы  елдерінің болашақ тұрақтылығын кепілге алды.

Түркия 2019 жылы сайлау өткізгенде тікелей халық алдында жауапты болатын жаңа президентін және жаңа парламентті сайлайды.  Атқару билігінің басшысы ретінде сайланатын келесі президент елді басқару үшін сайлаушылардың көпшілігінің қолдауын алуы керек болады.  Жаңа жүйеде мәжілістің атқару билігіне де қатысты заңдар шығару, президенттер жөнінде тергеу ашу және оны міндеттен алу секілді ауқымды өкілеттіктері болады. Мықты теңгерім және бақылау механизмі де бар осы жүйеде президент пен парламент негізгі тақырыптарда келісім қамдау үшін бірге жұмыс істеу керек болады.

Референдумның басқа бір маңызды қорытындысы мынау: Түркияда күрдтер көп тұратын аймақтарда «қабыл» акциясы күтілгеннен де көп қолдау көрді.  Әзірге нақты емес қорытындыларға қарағанда, 2015 жылы жалпы халықтық сайлауда Әділет және даму партиясы тек 24,8 пайыз дауыс жинаған Мушта сайлаушылардың 50,8 пайызы атазаң өзгерісіне қолдау берді.  Диярбакыр,  Сиирт, Ван және Мардинде де осындай өзгеріс болды. Осы арада бұл жағдай күрд сайлаушылардың PKK терроры мен Халықтардың Демократиялық партиясының терроризмді ақтау саясатына қарсы шыққанын көрсетеді.  Күрдтердің көпшілігі демократиялық реформаларды,  инвестицияларды,  мемлекеттік тәртіпті және террор ұйымына қарсы күресті қолдады.  Күрдтер мен PKK арасын толығымен ашып берген президент Ердоған мен үкімет күрд сайлаушыларының сеніміне ие болды.

Сонымен қатар батыс медиасы мен Еуропадағы кейбір үкіметтер Түркияда шыныменен абыройынан айрылды.  Еуропадағы кейбір үкіметтердің референдум науқаны барысында істегендері Түркияда наразылыққа жол ашты және Еуропамен қарым-қатынастарымыздың болашағына байланысты сұрақ туғызды. Ашып айту керек болса,  еуропалық басшылар тек «қарсы» акцияға қолдау беру арқылы референдумға араласып қана қоймады, сонымен бірге дипломатиялық қағидаларды да аяққа таптап,  түрік министрлерінің шетелде өмір сүретін түрік азаматтарына референдум жөнінде мәлімет беруіне кедергі жасады.

Басқа бір мәселе қос стандартқа байланысты: Еуропа Одағының Италияда саяси тұрақтылықты орнату үшін сайлау заңының өзгертілуіне берген қолдауын еске алатын болсақ, түрік халқы сол Еуропаның Түркияда басылатын осыған ұқсас қадамдарға неге қарсы шыққанын білгісі келеді.  Осы аяда халықаралық медиа Түркияны түсінбеді және референдумның қорытындысын болжауда қателесті. Атазаң өзгеріс ұсыныстарын мұқият оқып түсінудің орнына көптеген тілші мен журналист төте пікір қалыптастырып,  референдумды Түркия президентінің беделін түсіру үшін жаңа «мүмкіндік» ретінде қабылдады. Батыстық газеттерде жарияланған жаңалықтар мен мақалаларды оқыған көптеген түрік оқырман «қарсы» акциясы аясында таратылған хабарламаларды оқыған секілді болды.  Нәтижеде, халықаралық медианың шындықтарды білдірудегі сәтсіздігі халықаралық қоғамға бір жақты және қате пікір ұсынылуына себеп болды. Журналистика атынан жасалғандардың негізінде саяси активизм екенін және мұның өз кәсіптеріне зиян келтіретінін көреді деген үміттеміз.

Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Еуропа кеңес парламенттік ассамблеяның бақылаушы делегацияларының да осындай проблемалары бар. Дүйсенбі күні жарияланған алғы рапортта референдумның «техникалық тараптарының жақсы басқарылғаны», алайда акцияның тең емес шарттарда жүргізілгені алға тартылды. Осы арада рапортты жазған делегацияның кейбір мүшелерінің Түркия мен Еуропа Одағы тарапынан террористтік ұйым ретінде қабылданған PKK-ға ашық қолдау бергендері анықталды.  Бұл олардың бейтараптығына күдік туғызады.

Президенттік үкімет жүйесіне деген қолдаудың өткен айлардағы 30 пайыз деңгейінен 50 пайыздан асқанын, 25 миллионға жеткенін ескеру – маңызды. Алдымыздағы кезеңде жаңа жүйенің Түркияға келтіретін пайдалары мен болашағымызды қалай сенімді жағдайға келтіргенін көрген көптеген азамат атазаң өзгерісіне қолдау бере бастайды.  Бір жағынан президенттік үкімет жүйесіне өту үшін құқықтық өзгерістер енгізілсе,  бір жағынан Түркия осы референдумның арқасында ішкі және аймақтық проблемаларға байланысты жылдам және ықпалды қадам баса бастайды.

 



Ұқсас жаңалықтар