Түркия-Израиль жақындасуы тұрғысынан Палестина шындығы

Түркия терезесінен Таяу шығыс 29

534413
Түркия-Израиль жақындасуы тұрғысынан Палестина шындығы

13 жыл бұрын Ұлыбритания АҚШ басшылығында жүзеге асқан бір операцияның екінші үлкен күші ретінде Иракты басып алуда маңызды рол ойнады. Бұл операцияны заңды көрсету үшін әрі АҚШ, әрі Ұлыбритания орынсыз айғақтар алға тартты.

Сол кезеңдегі Ұлыбритания премьер-министрі Тони Блэр сыртқы саясат мақсаттарына жету үшін күш қолдануды «орынды» деп мақұлдаған жаңа радикалдар ықпалды болған Джорж В. Буш басшылығындағы АҚШ әкімшілігінің айдауында қозғалуды таңдады. Бұл шешім қабылданған кезде Блэр өз партиясының ескертулері мен қоғамдағы сындарды назарға алмады.

Ұлыбритания АҚШ басшылығындағы басқыншылыққа 30 мыңнан астам әскермен қатысты. Бұл соғыс 179 ағылшын әскерінің қаза табуына себеп болды. Операцияның артынан Ирактағы оқиғалар және соғысты заңдастыру үшін қате себептер алға тартқаны байқалған соң Блэр үкіметіне қарсы наразылықтар уақыт өткен сайын артты. Кезеңнің оппозиция басшылары және биліктегі Жұмысшы партиясының кейбір депутаттары Ұлыбританияның Ирак соғысымен байланысты кезеңін тергеуді талап етті.

Тони Блэрдің отставкаға кетуінің артынан билікке келген Гордон Бровн үкіметі 5 адамнан тұратын бір тергеу комиссиясы құруға шешім қабылдады. Джон Чилкот басшылығындағы комиссия 2001-2009 жылдар арасындағы оқиғаларды тексерді. 10 миллион стерлинг ақша жұмсалған комиссия жұмыстарында оқиғалар жайлы бұрынғы премьер-министр Тони Блэр, Гордон Бровн, кейбір бұрынғы министрлер және сол кезеңнің жоғары деңгейдегі әскери және барлау қызметі мүшелеріне қоса, 150-ден астам адамнан түсініктемесі алынды. 150 мыңнан астам ресми құжат болса тексерілді. 1 жылдың ішінде жариялануы жоспарланған рапорттың жарық көруі 7 жылға созылды. Рапорттың жарық көру мерзімінің созылуында Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Буш пен Блэр арасындағы телефон әңгімелерінің жариялануына рұқсат берілмеуі де ықпалы болды.

Тергеу комиссиясы төрағасының атымен аталған Чилкот рапорты мына шындықты ортаға қойды:

Ұлыбританияның Ирак саясаты толығымен қате ақпарларға сүйенген. Ұлыбритания тұрғысынан Иракта әскери қозғалысты таңдау соңғы ықтимал емес еді. Соғысқа кірместің алдында қолданылатын бейбітшіл жолдардың барлығы тауысылмаған еді.

Әскери операция одан ілгері бір сатыда жасалуы мүмкін еді. Бірақ 2003 жылғы шарттарда Саддам Хүсейин бір қауіп төндірмеген болатын. Ирактың жаппай жою қаруларының риск туғызғаны жайлы қауесеттердің негізі жоқ болатын.

Операциядан кейінгі оқиғалар Ұлыбританиямен ол ізінен жүрген АҚШ-тың басқыншылықтан кейінгі уақыт үшін жоспар мен дайындықтарының жеткіліксіз екенін көрсетті.

Соғыстың артынан Иракқа тұрақтылық орнамаған және керісінше террор асқынған болатын. Әйтпесе осы жағдай кезеңнің премьер-министрі Блэрдің керісінше қауесеттерге қарағанда болжалған бір оқиға болатын. Иракта операциядан кейінгі кезеңде шыққан ішкі соғыс пен Әл-каиданың аймақта белсенді болу ықтималы сол кезеңнің премьер-министрінің назарына ұсынылды.

Тони Блэр бұл соғыстың нәтижесі не болса да, АҚШ-пен бірге соғысқа кіру табандылығын Бушқа білдірген болатын.

Иракта басқыншылықтың артынан жүз мыңдаған ирактық қаза тапқан және миллиондаған адамда қоныс аударған болатын. Ортаға қойған шындықтарымен Чилкот рапорты басқыншылық алдын да уайымдарын тілге тиек еткен және басқыншылыққа қарсы шыққандардың ұстанымының қаншама дұрыс екенін ортаға шығарды. Қазір Ирак бір хаостың ішінде табыссыз бір мемлекет ретінде көрінеді. Сондай-ақ бүкіл Таяу Шығыс болса қан көліне айналып тұр. 2003 жылы басталған террорға қарсы жаһандық соғысқа қарамастан аймақ одан көп террорист ұйымның қозғалу алаңына айналды. Ирактың басқыншылығы Әл-каиданың аймаққа тамыр жайып күшеюін қамтамасыз етті. Және оның құрамынан бөлініп шыққан тармақтар одан да қорқынышты бір құрылым ретінде ДАИШ-тің пайда болуына ықпал етті. ДАИШ тек аймақтық бір террор ұйымы ретінде шектелмеді. Соңғы шабуылдарымен енді жаһандық бір террор шабуылына қол таңба қалдырған құрылымға айналды.

Жалпы алғанда мұсылман жағрапиясының әсіресе де Таяу Шығыста пайда болған үмітсіздік пен бейшара орта Әл-кайда мен ДАИШ-тің көптеген аймақтан жастарды қатарына тартуға ықпал еткен бір себеп болды. Басқаша айтқанда, жаһандық террорға бағыттап тағы соғыс қауесетімен заңды шеттеткен қақтығыс түсінігі қарама-қайшы қақтығыс өндіруден басқа қызмет атқармайды. Ирактың басқыншылығы тек қана Ирак емес, аймақты түрлендіргісі келген мемлекеттерді де террор қаупіне душар қылды. Чилкот рапорты бізге қол жеткізілген ақпараттың барлау құжаттарымен де ортаға қойылғанын айтады.



Ұқсас жаңалықтар