Әлеуметтік инженерия жобалары

Түркияның жаңа көзқарасы - 08

495062
Әлеуметтік инженерия жобалары

Әлеуметтік инженерия жобаларының барлығы қирады

Түркиядағы консерваторлық саясаттың негізгі динамикасын «әлеуметтік оппозиция» қалыптастырады.  Ұлтты елемейтіндерге қарсы саяси осы күрес өте бұрыннан келеді. Джемил Мерич айтқандай «Бұл дау-дамай Олимп тауының перзенттері мен Хира тауының балаларының арасында». «Олимп тауының балалары Хира тауының балаларын ешқашан қабылдамайды» деп жазады жазушы. Осы күрестің астарына үңілетін болсақ,  черкес Хасан мен Хүсейін Авни Пашаға дейін баруға болады.  Сол күрес әлі жалғасуда.  Мәселе ұзын,  бірақ қысқаша айту керек болса бұл территорияда «жергіліктілік» пен «инженерлік жоба» иелері арасында әрдайым бір талас болған. Осы күресте инженерлік жақтастары әрдайым жеңіп шықты.  себебі әрі күрестің ережелерін, әрі іргетасын өздері белгілейтін.

Жергіліктілер күшпен болса да бәсеке мен күрес үшін кейбір стандарттардың қабылдануын қамдады,  міне сол кезде істің райы өзгере бастады.

Баршаға мәлім, көп партиялы кезеңге өткеннен кейін Халық партиясы Демократ партия алдында ешбір сайлауда өзін көрсете алмады.  Сандықтардың судья бақылауында болуы «стандарты мен ережесі» Демократ партияны билікке келтірді.  

Жергіліктілер мемлекет пен биліктен өте қарапайым нәрсе талап етті. Күрестің шарттары мен ережелері алдын ала белгілі болсын.  Матчтың ортасында ереже өзгермесін.  Футбол ретінде басталған матч регби ретінде жалғаспасын деді.  Бұл талап,яғни күрес алаңы,  пішіні және құралдарына деген қағида мен этикалық құндылықтардың анықталуы көп уақыттан бері жалғасып келе жатқан асимметриялық соғысқа теңгерім әкелді.

Осыны байқап қалған «статус-кво жақтаушылары» өздерінің қолындағы мүмкіндіктерден айрылып қалмау үшін әрқашан қарсыласын әлсірететін бір «алаңды» сақтап қалды. Алайда демократияға деген талпыныс пен аталмыш консерваторлардың өзгерісі, яғни Анадолы ренессансы деп те атауға болатын жаңа әлемді тану және өз «өзегін» тану ынталары оларды «жеңіл» қарсылас болудан шығарды.  Енді бара-бара мықты саясат қозғалысына айнала бастады.  Бұл да әрине олардың уақыт пен мекенге қарай өзгеретін уайым арқылы қысымға алынуын қиындата түсті.

Проф. Мазхар Бағлының осы тақырыптағы анализі тқменде:

***

Бүгінгі жағдай болса бір әлеуметтік инженерия жобасын қалыптастыруға тырысқандардың осы елдің проблемаларын шешуде сәтсіз болғандарын көрсетеді. төбеден түскендер әрі жеңілді,  әрі жаңа көзқарас шығара алмады.  Қоғамға уәде беретін армандары қалмады. Саяси күрестен жеңіліп қалғандықтан анықтаушы бір актер болудан да қалды.

Ережені әрдайым жеңімпаздар анықтайды.  Бұл әрқашан осылай болды.

Халық қысымшылдыққа қарсы күресте жеңіп шықты.  Енді ережені халық анықтайды.

Қысқаша айтқанда,  жергілікті, яғни табиғи мәдениет құндылықтардан келген саясатты қолдайтындар мен батысты жақтайтын, табиғи куәліктерді елемей, орнына ұлыс деп аталған куәлікті ойлап тапқандар арасында шамамен 200 жылдан бері жалғасып келе жатқан күресте бүгінгі таңда жергіліктілер анық жеңіп шықты.

Енді осы күрестің келесі ұрпаққа жеткізілуі үшін де екі негізгі бағытқа бағытталу керек.  Біріншісі ахлақтық құндылықтардың жаңғыртылып,  таратылуы,  екіншісі болса әділетті орнату. Сөздің толық мағынасымен айтсақ,  «әділ жүйе орнату» және қоғамды болашаққа жетелейтін жол картасын анықтау керек. Бұл әрі тарихи жауапкершілік,  әрі гуманитарлық қажеттілік,  әрі Ислами әмір. Әйтпесе барлығымыз осы тарихи жауапкершілікті орындамаудың есебін ерте ме кеш пе береміз.



Ұқсас жаңалықтар