Құндылықтардың соңы ма? – 1

Проф. Др. Күдрет Бүлбүлдің мақаласы

Құндылықтардың соңы ма? – 1

Жаһандану үрдістерінен жеткілікті түрде табыс таба алмаған батыс елдері жаһанданудан бас тарта ма? Ұлыс-мемлекет дәуіріне қайта оралады ма? Замандану арқылы жанұяның бөлшектенуі және құндылықтардың эрозияға ұшырауымен жалғыз өзі өмір сүретін адам одан сайын бөлшектене түсе ме? Жасанды интеллект зерттеулері адам баласының соңы бола ма? Болашақта қақтығыстар Жер бетінен ғарышқа көше ме? Жаһанданудан кейін не болады? Әлемнің дамуы қай бағытта және біз өмір сүріп отырған уақыт қалай деп аталады?

**

Гуманитарлық ғылымда кей-кейде әлеміміз қай бағытта эволюциялық даму үстінде деген теориялар жетілдіріледі.  Осы теориялар арқылы болашақты етене түсінуге бағытталған анализдер жасалады. Осындай теориялар әрқашан жазықсыз және өздігінен жетілдірілген теориялар болмауы мүмкін. Сонымен бірге теориялар барлық салада түсініктеме беретін күшке де ие болмауы мүмкін. Көптеген сындарға душар болса да,  осы теориялар белгілі бір мұқтаждықтан туындайды және сондықтан белгілі мөлшерде түсіндіру күшіне ие.

Белгілі мөлшерде түсіндіру күші болса да,  адам баласы қол жеткізген жылдамдық осы теориялардың қолданыс мерзімін қысқартады. Коммуникация және компьютерлік технологиялардағы жетістіктер адам психологиясын және уақыт түйсігін едәуір өзгертті. Бұл айтылғанды жақсы түсіну үшін соңғы жарты ғасырда адам баласында тебіреніс оятқан көптеген теорияның қалай ғана жылдам жойылғанын еске алу жеткілікті болады.

1950 жылдары Даниел Белл тарапынан «Идеологияның соңы» жарияланғанда тезис көп жаңғырық туғыза қоймап еді.  Кейіннен Паул Вирилло «Географияның соңын» жариялады. 1992 жылы Франциск Фукуяма «Тарихтың соңын» жариялағанда, Даниел Беллден көп қызығушылық жаратқан еді. Сол секілді бір «соңға», өркениеттер арасы қақтығыстардан қозғалып батыс өркениетінің жалғыздығын меңзеген Хантингтонның 1993 жылы жазылған «Өркениеттер қақтығысы» тезисі бүгін одан да аз талас болуда. Соңғы рет жарияланған тезис болса ең жылдам ұмытылған тезис секілді.  Бүгінгі күні Кеничи Охмаенің 1996 жылы жазған «Ұлыс мемлекеттің соңы» тезисі туралы ешкім тіс жармайды.

Бұрынғының үлкен «хикаяларының», алпауыт идеологияларының ешбірі енді жаппай бұқараны артынан алып жүре алмайды.  Жан беріп,  шейіт болған Отан қорғаныстары немесе басқыншылық бастамалары өз орнын арнайы қауіпсіздік компанияларына тастауда. Жоғарыда айтылған және бір нәрсенің аяқталғанын,  доғарылғанына меңзейтін тезистер де ешкімнің назарын аудармайды.

Бүгінгі таңда қазіргі дәуірдің қалай аталатыны жөнінде таластар жүргізілуде. Мақаланың басында тізілген сұрақтар жаңа дәуір жөнінде адам баласы түсінуге/түйсінуге тырысқан талас тақырыптарының жалпы шеңберін көрсетеді.

Жаңа дәуірді ойлау немесе принцип жағынан бір іргетасқа негіздеп атау менің ойымша,  едәуір оптимист жұмыстар. Біз өмір сүрген дәуір және одан кейінгі кезең біз қосылмасақ та,  қате деп есептесек те құндылықтар негізінде түсіндірілгенде жақсы болар еді. Ой-пікір, принцип біткен жаңа кезең басталып келе жатқан секілді. Жаңа дәуір деп айта алмаймын. Себебі енді ешбір өзгеріс соншама ұзақ жалғаспайды.

Құндылықтар бұзылған, принцип,  парасат, бөлісу, әділет секілді ұғымдар ұмытыла бастаған,  осы ұғымдар ескірген деп қаралатын жаңа кезең басталып келе жатқан секілді.  Осы кезеңді де «бір нәрсенің соңымен» түсіндіру қажет болса,  «Құндылықтардың соңы» деп атау орынды секілді.  Елдер, мекемелер өздерін түсіндіру үшін заңды болу, дұрыс қадам басу, заңды қозғалуға мұқтаждық сезінбейтін сияқты. Әлемге сырт көзбен бір қарау құндылықтарымыздың қалай ғана эрозияға ұшырағанын көру үшін жеткілікті.

БҰҰ

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған БҰҰ өз мерзімін тамамдаған жағдайда қазір.  Сирия, Мьянма,  Қырым,  Украина секілді қақтығыс болған жерлерге байланысты еш нәрсе жасамауы, тұрақты бес мүше елдің өз мүддесінен тысқары ешбір уайымының болмауы - Біріккен Ұлттар Ұйымының адам баласының көзінде заңдылығын едәуір азайтатын басты себептер.

БҰҰ деректеріне қарағанда, Жер бетінде шамамен 70 миллион босқын бас сауғалайтын,  өмір сүретін бір жер іздеуде.  Бұл – Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең жоғары көрсеткіш.  БҰҰ-ның осы тақырыпта мардымды іс атқарғанын естідіңіздер ме? Немесе БҰҰ тарапынан заңсыздық жасағандарды тоқтатуға, құрбандарға көмектесуге бағытталған бір шақыру,  бір іс-әрекет жоспары көрдіңіз бе?

Бір адам,  ел немесе мекемеге сын айтуға болады,  бірақ ең жаманы оларға деген үміттің үзілуі.

Еуропа Одағы

Еуропа Одағы негізінде бір-бірімен екі мәрте соғысқан және осы соғыстарға бүкіл әлем елдерін қосқан,  белгілі құндылықтар негізінде соғыстың алдын алып,  молшылық,  ынтымақтастық, ұйымшылдықты арттыруды мақсат еткен бір одақ болатын.  Бүгінгі күні ешкім Еуропа Одағын бір құндылықтар одағы деп атай алмайды.  Әлем көлемінде демократиялық елдер арасында нәсілшіл партиялар билікке ең көп келген елдер Еуропа Одағы елдері. Біздің қарсы алдымызда қазір босқын, Ислам және еврей дұшпандығы қауіпті дәрежеде артқан,  шетелдіктерге деген дұшпандық пен шабуылдаушылық күнделікті тұрмыста қарапайым оқиға деп есептелетін,  ғибадатханалар көп өртенген бір Еуропа Одағы тұр.

Еуропа Одағы бұрын Еуропа құрлығында және өз аймағында бейбітшілік,  тыныштық, адам құқықтары,  демократияға едәуір үлес қосты.  Бірақ бүгінгі күйімен Еуропа Одағы Еуропа Одағына өтініш берсе,  өзі қойған критериялардан тым аулақта болғандықтан мүше ретінде одаққа алынбайтын жағдайда. Босқындарға байланысты саясатымен тұншығып өлген тек сириялық сәбилер ғана емес,  сонымен бірге Еуропа Одағы құндылықтары да келмеске кетті.

Еуропа Одағы елдері тұрғысынан ең жаманы – демократия және еркіндік алаңдары тарылып,  плюрализм мен еркіндікті аңсайтындардың даусының өшірілуі. Еуропа бара-бара Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы климатқа қайта оралып бара жатқан секілді.  Осыған қарамастан Еуропа Одағын осы климаттан құтқаратын,  құлдыраудан аман алып қалатын саяси көсем де көрінбейді.

Жаһандық деңгейде құндылықтарымыздың және принциптеріміздің қалай ғана жойылып бара жатқаны жайлы мақаламызды келесі апта жалғастырамыз.

 

 



Ұқсас жаңалықтар